Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Мерзімдер. Талап мерзімі.

Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. | Р азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары. | Бақылау өлшем құралы. | Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі | Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар | Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі | Дәріс. Заңды тұлғалар | Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде | Ызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде. | Дәріс. Мәмілелер |


Читайте также:
  1. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  2. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  5. Дәріс. Заңды тұлғалар
  6. Дәріс. Заттық құқық.
  7. Дәріс. Мәмілелер

1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері.

2. Талап қою мерзімі.

Негізгі ұғымдар: мерзім белгілеу, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуы, талап қою ұғымы, талап қою мерзімдері,талап қою қолданылмайтын талаптар.

1. Азаматтық айналымда және әлеуметтік мәселелерді шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы – оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім – бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады.

Күнтізбелік күн дегеніміз бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.б.).

Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

Өзінің табиғатын қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

2. Субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі;

3. Тыйым салатын мерзім;

4. Кепілдік мерзім;

5. Шағымдану мерзімі;

6. Азаматтық-құқықтық міндеттерді орындай мерзімі;

7. Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі немесе талап қою мерзімі.

 

2. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталады.

Талап қою мерзімі институты – азаматтық құқықтың көне институттарының бірі.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.

АК 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттары мен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мысалы, жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 360 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.| Дәріс. Заттық құқық.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)