Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы өндірістік шығын бюджеті

Тақырып Тапсырыстық калькуляция | Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру | Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ | КӘСІПОРЫН БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСІ |


Читайте также:
  1. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
  2. Бiз шығын мiнез-құлықтың талдауында қол жеткiзгiлерi келедi ме?
  3. Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны.
  4. БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ
  5. Білім бағасының жалпы баллдануы
  6. Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау
  7. Дәріс. Атрибуттар жайында жалпы мәліметтер

 

Шығын Сома
Амортизация  
Коммуналдык кызмет  
Бақылау  
Қосалкы персоналдынтөлемі  
Жанама өндірістік шығынның жиыны  

Үстеме шығындар туралы (ол өндірістік, коммерциялык немесе басқа болсын мейлі, маңызы жоқ) айтқанда, ең алдымен мынаны - "үстеме" термині өзіне шығындардың әр қилысын бі-ріктіретін жалпы ұғым екенін білуіміз керек. Үстеме шығын шамасына ықпал ететін факторлардың осы себебі бойынша ол көптеген жағдайда өндірістің тікелей шығындарын анықтау-шыдан гөрі әлдеқайда үлкен аукымды болады. Егер, мысалы, күрделі қаржы жұмсау бюджеті жаңа завод сатып алуды қа-растыратын болса, онда осы активтерге қатысты амортиза-циялық аударым өндірістің үстеме шығыны деп аталады.

Үстеме шығын бюджетінің мүмкіндік шамасына қарай өзгермелі және тұрақты шығындарды шектеу керек.

Осы бюджетті жасау үстеме шығынды тұрақтыға және өз-гермеліге жіктеумен болады, ол үшін олардың шығарылған өнімдердің көлеміне байланысы зерттеледі. Егер үстеме шығын

өндірістік бағдарламаларды қысқартуда немесе арттыруда өзгер-месе, онда мұндай шығын тұрақты деп аталады. Егер мұндай байланыс болатын болса, онда ол өзгермелі шығын.

Жалпы өндіріс шығынының бюджеті нақты шығын шығару-шының (жабдықты күтіп ұстау және пайдаланудың, жалпы са-лалық тағайындаудағы негізгі кұрал-жабдық амортизациясының шығындары және т.б.) өзіндік құнына шығарылу барысында бірден қосыла алмайтын болжаулы өндіріс шығындарының ретімен жасалған жоспарын білдіреді.

Бұл бюджеттің екі мақсаты болады:

• өндіріс және оған кызмет ету бойынша менеджерлер әзірлеген жалпы өндіріс шығындарының барлық бюджетін біріктіреді;

• алдағы есептік жылдың жалпы өндіріс шығынының нормативтерін есептеуге деректерді жинау.

Жалпы өндірістік шығын бюджетінің ықтимал баптары:

• жабдықка, машинага және көлік құралына қызмет ететін қызметкерлердің еңбекақысы;

• жабдықтың, машинаның және көлік құралдарының амортизациясы;

• цехтың негізгі құрал-жабдығын жөндеу;

• цехтың басқару аппаратын қамтамасыз ету;

• басқа цех қызметкерлерін қамтамасыз ету;

• цех құрал-сайманының, үй-ғимаратының амортизациясы;

• жалпы цехтың басқа шығын баптары.

Бюджетті қалыптастыру сатылары негізгі өндіріс қызмет-керінің бір сағаттағы жұмысына жанама өндіріс шығынының қаншалықты артқанын көрсететін қайта санау (пересчет) коэф-фициенттерін анықтау болып табылады.

Қайта санау коэффициенті жоспарлы кезеңнің жанама өн-діріс шығынын негізгі өндіріс қызметкерінің жұмысындағы адам-сағаттың санына бөлумен анықталады (5-қадам).

7-қадам. Бұйым өндірісінің өзіндік құны. Қайта санау коэффициенті, шығарылатын өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материапдар шығындарының нормалары туралы ақпарат-пен, бір бұйымды өндірудің шығынын есептеуге ақпарат бере алады (24-кесте).

24. Бір бұйымды өндіру шығыны

  Бағасы А бұйымы Ә бұйымы
    Саны Сомасы Саны Сомасы
М11          
МІ2          
1 адам-сагатка келетін негізгі кызметкердің (персоналдың) енбегі          
Жамама өндіріс шығыны          
Шығын қорытындысы          

 

Бір бұйымның өзіндік құны оны өндіруге қажетті материал шығынының, негізгі өндіріс қызметкерінің еңбекақы шығыны-ның және бір өнім есебіндегі жанама өндірістік шығынның со-масы ретінде анықталады.

Материал шығыны бір бұйым өндіруге қажетті санды са-ғаттық төлем мөлшерлемесіне көбейту аркылы табылады.

Бір бұйымның жанама шығыны қайта санау коэффициентіне келетін бір бұйымды өндіруге қажетті сағаттардың туындысы ретінде болады (6-кадам).

Бір бұйымнын есебіне тікелей еңбек шығынын есептеуде және жанама өндірістік шығынды анықтауда бір ғана көрсеткіш бір бұйым өндіруге қажетті негізгі өндірістік қызметкер жұ-мысының адам-сағаты пайдаланылады.

Материалдарды сатып алу бағасы мен бір бұйымды өнді-рудің өзіндік құны туралы деректердің негізінде біз жоспарлы кезең соңындағы қоймадағы қорлардың құнын табамыз.

8-қадам. Жоспарлы кезеңнің соңын дагы қойма калдықтарының бюджеті. Кәсіпорынның жоспарлау кызметінің сатысында есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жос-парлы өзіндік құнын есептеу керек (25-кесте).

25. Өнім бірлігінін жоспарлы өзіндік құны

Материалдар Саиы Бағасы Сомасы Қорытындысы
М11        
М12        
Материалдың қорытындысы        
Дайын өнім        
А        
Ә        
Дайын бұйымдардың жиыны        
Қорлардың жиыны        

 

Жоспарлы кезең соңында материалдардың қоры бір кило-грамда сатып алу кұнына келетін нормативтік қорлардың (кг) туындысы ретінде анықталады.

Дайын бұйымдар қорының құны жоспарлы кезең соңын-дагы заттай түрдегі дайын бұйым қорларының мөлшерін бір бұйымды өндірудің өзіндік кұнына көбейту жолымен есептеледі.

Бюджетті калыптастырудың маңызды кезеңіне өткізілген өнімдердің өзіндік құнын анықтау жатады.

9-кадам. Өткізілген өнімдердіц өзіндік құн бюджеті. Өткізілген өнімдердің бюджетін жасау негізінде мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген өнімдердің өзіндік кұны = Кезең басындағы дайын

өнімдердіц қоры + Жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің

өзіндік құндары - Кезең соңындагы дайын өнімдердің қоры.

Өз кезегінде жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік кұндары былайша есептеледі.

Жоспарланған кезенде өндірілген өнімдердің өзіндік куны = Жоспарланатын

кезендегі материалдардың шығыны + Жоспарланатын кезеңніц

енбек шығыны + Жоспарланатын кезеңнің устеме шығыны.

Келтірілген формулалардан мынаны білеміз: қазіргі сәтте өткізілген өнімдердің өзіндік құндарының бюджетін жасауга қажетті барлық деректер бар (26-кесте).


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 331 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тікелей материал шығынынын бюджеті| Ткізілген өнімдардіц өзіндік кундарынын бюджеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)