Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру

Тақырып Басқару есебі туралы негізгі түсінік | Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері | Тақырып Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру | Тақырып Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімін өзіндік құнын калькуляциялау | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  7. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау

Бюджеттік бақылау. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау. Жедел бақылау және сметаның орындалуын бағалау. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау және ауытқуларды талдау. Басқару шешімдерін қабылдаудағы өндіріс шығындары динпмикасын талдау. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау. Трансферттік бағаның құрылуы.

Бюджеттік жоспарлаудың сатыларына мыналар кіреді барлық жауапты орталықтарды жоспарлау; қызметті бағалауда пайдаланатын көрсеткіштерді анықтау; Жаңа ахуалға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу; ұсынылған түзетпелерді ескеру арқылы жоспарды түзету.

Бюджет қызметіне мыналар жатады: көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлайды; әр түрлі қызметтерді және жеке бөлімшелерді үйлестіреді; өз мақсаттарына ұмтылатын жауапты орталықтардың басшыларын ынталандырады; жауапты орталықтардың жоспарды калай орындағанын бағалаудың негізі болады.

Бас бюджет - барлык бөлімшелерге немесе тұтас ұйымның жұмыс жоспарының функцияларына үйлестірілген. Ол екі негізгі бюджеттен тұрады:

оперативті (ағымдағы) - мүнда сегментке немесе ұйымның жеке қызметтеріне кірістер мен шығыстар туралы болжанған есеп беру) жоспарланған операциялар аударылады;

* қаржылық - мұнда ұйғарылған қаржы көздері және оларды жоспарлы кезеңде пайдаланылатын бағыттар (күрделі шығындар бойынша шығын, ақша қаражатының жоспары, жоспар балансы және ақшаның қозғалысы туралы есеп беру) көрініс табады.

Бюджеттің орындалуын бағалау нақты қол жеткен нәтижеден жоспарланған нәтиженің арасындағы алшақтық, яғни жоспардан ауытқуды талдауға негізделеді.

Бас бюджетті жасау процесінің жөнелту нүктесіне (отправной точки) бюджетті сатуға әзірлеу жатады, өйткені түсім нақты нарықта өткізудің негізгі мүмкіндіктерімен, яғни сыртқы факторлармен анықталады.

Ақшалай қаражат бюджеті - бұл ақша, төлем түсімі мен алдала кезең уақытына төлеу жоспары. Бұл жоспар жоспарлы кезең аяғында ақшалай каражат шотындағы болжалды ақырғы сальдоны және жоспар құрылатын бір жылдағы әрбір айдың қаржылык жағдайын көрсетеді. Жоспар екі бөлімнен тұрады: болжалды ақша түсімі мен болжалды төлемдер мен төлеулер, ол жоспарлы кезеңнің соңында ақшалай каражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді әрі жоспарлы кезең ішіндегі әрбір айдың аяғында ақша қаражаттың калдығын болжайды, қаржы ресурстарының артық немесе кем болат кезеңдерін анықтайды.

Бақылау құралы ретінде бюджет қызметі жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыруда ашылады. Түзілу мақсатына және қызметінің ұйымдастыру көрсеткіштерін талдауына қарай бюджет мыналарға белінеді:

статистикалық — ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне байланысты құрылатын, яғни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар;

икемді - белгілі бір (нақты) іскер белсенділіктің диапазоны үшін жасалатын серпінді (динамичный) жоспар (өткізу көлемінің баламалы нұсқаларының негізінде) және өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығындардың өзгерісін ескереді. Оны жасау үшін шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлеміз.

Икемді бюджет ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Бұл мақсатта нақты өнім шығарылымын қоса ескеретін өзгермелі шығынға түзету жүргізіледі. Тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады өйткені өндіріс пен өткізудің көлеміне тәуелді емес.

Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:

• нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру;

• жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау;

• баға бойынша, ресурс бойынша ауытқу есебі (баға факторы);

• ресурстарды пайдалану көлемі бойынша ауытқу есебі (сандық фактор) Рентабелъділіктң (пайдалылылықтың) ішкі нормасы - бұл кәсіпорын пайда алмай-ақ инвестициялық және ағымдык шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оныанықтау үшін таза ағымдық құн есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарда, инвестицияларда және жабдықты эксплуатациялау (пайдалану) уақыты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтелімділік кезеңіне ұйым пайдасы уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уакыт аралығы.

Рентабелъділік коэффиценті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржыға (на вложенный капитал) қатынасын білдіреді. Коэффициент мына схемалар бойынша уақыт факторын ескеру арқылы, сондай-ақ оны елемей есептелу мүмкін: инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау уакыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға каражат жұмсау тәуекелділігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау таза ағымдық құнның есебі. Бұл көрсеткіштердің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

Өндіріс пен өткізудің әр түрлі факторларына шектеулерді енгізу «шығында көлем - пайда» талдау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл өнімнің бір немесе басқа түрлерін өндіретін өндірістің тартымдылығына елеулі ықпал етеді. Мұндай тапсырманы шешу үшін бағдарламалаудың желілік үлгісін пайдалануға болады (модели линейнего программирования). Желілік бағдарламалаудың негізгі әдісіне мыналар жатады: сара және қате әдісі (желілік бағдарламалау тұрғысынан карағанда оңтайлы, оның шешімі мүмкіншешімдер саласындағы координатты саралау нәтижесінде табылады) және кестелік (оның оңтайлы шешімі мүмкін шешімдер саласындағы бұрыштық нүктелердің бірінен табылады).

Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешүші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлык проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса қажетті "шығын - мөлшер -пайда" моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде де ұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.

Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіп-орынның қызметін тұтастай камтитын шешім қабылдау проце-сінің ерекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге кұрылған жоспар төрт-бес жыл-дың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезеңдегі келешектегі оқиғалар-дың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтық-тайды. ¥зақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі таңда не-месе жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін қажеттіліктер мен сұрау сапуларды қарастырады (мысалы, қуат-тылықты арттыру немесе жаңа тауар шығару немесежаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағыжаңа кәсіпорынға күрделі каржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық, он жылдың ішіндежеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жос-парлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына қойған міндеттерін кашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келі-сімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және кысқа мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеу-ге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджеттібілдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге қолданып, нақ-тылай түседі).

Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа қол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау про-цесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жос-парлау мен бақылаудың негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалык есеп беруде жиналатын каржылық жэ-не өндірістік ақпараттардың өткен шактағы талдауы жатады.

Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақ-тықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды кайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бақылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсат-тар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға қойған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді ком-панияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.

Ұйымдастыру жұмысы. Ұйымдастыру жұмысының міндеті - алдыға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құрылымды жасау және орындаүшыларға (атқарүшыларға) өз міндеттерін бөліп беру. Оған қоса, ұйымдастыру принципі менеджердің міндеті мен оның құзіреттілігінің шекарасын дэл анықтауды талап етеді. Ұйымдастырүшылык процестің ажырамас бөлігіне кәсіпорынды топтарға, бөлімдерге, секцияларға, бөлімшелерге және т.б. бөлу жатады. Мұндай бөлімшелерді кұру ұйымдастырүшылық сипа-тында пайда болатын міндеттерді мынадай жолмен - басшылық өз шешімдерін басқаруы үшін оңтайлы жағдай тудыруды қам-тамасыз ететіндей жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп ұғуға болады. Осыган орай бюджет (немесе смета) -бұл жоспар. Жоспарлаудың нағыз нақтыланған деңгейіне жа-татын - бюджеттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер не-месе ұйымның кызмет салалары бойынша жекелеген бюджет-терді әзірлеу процесін білдіреді.

Бюджет үғымына тоқталмастан бұрын терминология проб-лемасын қолға аламыз. Әдеттегі "бюджет" үгымын біз санамыз-да "бюджет тапшылығы" дейтін сөз тіркесі эбден сіңісті болған отбасылық, жергілікті, федералдық, мемлекеттік тәрізді анық-тамалармен байланыстырып карауға үйренгенбіз. Басқару есе-бінде дербес есеп түріндегі "бюджет" термині батыс елдерінде смета (кірістер мен шығыстардың сметасы) ретінде біздің ұғым-ға жақын басқаша мағынада қолданылады.

Бюджет дегенде, әдетте жоспарлы табысты және немесе шығынды көрсететін, белгілі бір уақыт мерзіміне дейін әзір-леніп, қабылданған ақша түріндегі сандық жоспарды үғамыз. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.

Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олар-дың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.

Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылык бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі кызмет түрін бөліп карастырады. Оның біріншісі -бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі — бюджетті әзірлеу, тұтас кезең-дерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандык және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат коюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне карай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

• оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасапады;

• тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезенді қамтиды;

• стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

• кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;

• тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;

• шаруашылық қызметтің әр түрлі нүсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;

• қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.

Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:

Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуга болады.

Оперативті-құнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдык бөлімшелерінің құнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көр-сеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары — ұйымдық құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты - орындаудың калаулы деңгейіне жететін ұйым кұру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардын ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жаг-дайда ғана карастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынүшылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энер-гиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық жоспарлау аркылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынүшылардың қажеттіліктерін канағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанагаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серік-тестікпен жүргізуді және т.б. анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айкындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіп-орын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынта-ландырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық түрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.

Бюджеттендіру - бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Бюджет - кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық түрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.

2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің кызмет нәтижелерін бағалаудың объективті негізін қалайды.

3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.

4. Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.

5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
Бюджет (кірістер мен шығыстар сметасы) - мақсаттары есеп беру көрсеткіштерінде міндеттемелермен, яғни әрбір бөлімше-нің осы мақсаттарға қол жеткізудің жауапкершілігімен өзара байланыстагы ақша түрінде көрінетін кәсіпорынның өндірістік қызметімен үндесетін белгілі бір кезеңге арналған қаржы жоспары.

Есептік кезеңнің басында бюджет менеджердің сату, шығын және басталған кезеңдегі баска да қаржы операцияларына қа-тысты болжамын қалыптастырүшы жоспарды немесе стандартты білдіреді. Есептік кезеңнің соңында бюджет менеджерлерге ауытқуларды басқаруына мүмкіндік беретін өлшеудің рөлін атқарады: алынған нәтижелерді жоспарлымен салыс-тырады әрі одан ары болатын қызметке түзету енгізеді.

• бюджеттік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайына жоспарлы шешімдердің болжалды жиынтық әсерін көрсетеді;

• ақшалай каражат бюджетті (кассалық шоғырландырылған (консолидированная) смета) - өндірістік қызметтің (яғни, операциялық бюджетпен), инвестициялық және қаржылық қызметтердің жоспарланған уақыты бойынша өзара байланысты ақшалай қаражаттың түсімі мен жылыстауын, кассалық қолма-қол ақшаны алу мен шығындау жоспары;

• тұрақты (қатал) бюджет кәсіпорынның нақты іскер белсенділігінің деңгейіне, яғни кірістері мен шығыстарына қарай болады. Онда өткізудің бір деңгейіне қарай жоспарланады; икемді бюджет - нақты іскер белсенділіктің деңгейіне емес, оның белгілі бір диапазонына, ягни өндіру (өткізу) көлемінің бірнеше баламалы нұсқалары бар диапазоны үшін жасалады;

 

Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары. Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері.

Нормативтік (стандартты, бюджеттік) шығындарға түсінік. Жеке нормативтерді қалыптастыру тәртібі. Ұйымның нормативті базасына қойылатын талаптар.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 777 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып Тапсырыстық калькуляция| Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)