Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып Тапсырыстық калькуляция

Тақырып Басқару есебі туралы негізгі түсінік | Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері | Тақырып Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру | Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ |


Читайте также:
  1. Жоспарлы калькуляция 1 страница
  2. Жоспарлы калькуляция 10 страница
  3. Жоспарлы калькуляция 11 страница
  4. Жоспарлы калькуляция 12 страница
  5. Жоспарлы калькуляция 13 страница
  6. Жоспарлы калькуляция 14 страница
  7. Жоспарлы калькуляция 2 страница

Тапсырыстық әдіс - технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.

Өндірістік шығынның тапсырыстық есебін ұйымдастыру мына жағдайларда жүзеге асуы мүмкін: бірегей бұйымдарды немесе арнайы тапсырыспен орындалған бұйымдарды немесе бірқатар бұйым партиясын дайындауды бөлектеп дараландыруда ұйымдастырылуы мүмкін, өнім бірлігінің орташасы емес, дараланған өзіндік құн туралы ақпарат алу қажет (құрылыс, кеме жасау, кұбыр жасау, полиграфия, жиһаздар өндіру, ҒЗЖ (ғылми зерттеу жұмысы) орындау, құрастырушылық, жөндеу жұмыстары, аудиторлық және кеңес беру қызметтері және т.б. ұсақ сериялы, дара тұрпатты өндіріс).

Барлық тікелей шығындар жекелеген тапсырыстар бойынша шығын номенклатурасында белгіленген разрядта ескеріледі. Барлық қалған шығындар пайда болған орны бойынша ескеріліп, бөлу базасымен белгіленгенге сәйкес тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.

Жеке тапсырыс шығын есебі мен калькуляциялаудың объектісі болып табылады. Тапсырыстар бір бұйымға жеке (дара). ал ұсақ сериялы өндірісте бірнеше бұйымдарға келіп түседі (немесе ашылады).

Есептің тапсырыстық әдісіне мына ерекшеліктер тән:

• тапсырыстар бойынша шығындарды қорытындылау (жалпылау);

• тапсырысты орындау барысында оны есептен шығару;

• тапсырыстар есебінің карточкасын жүргізу, сондай-ақ жанама шығынды жекелеген тапсырыстарға бөлу аса қажет.

8000 «Негізгі өндіріс» талдамалық шоттар саны кәсіпорынға орналастырылған тапсырыстардың санына сәйкес келуі керек.

Қайта бөлу әдісі біркелкі өнім өндірістің барлық кезеңінде (шекті) нақты тізбекпен өтетін тасқынды (поточный) және сериялы өндіріс саласында қолданылады. Калькуляциялау объектісіне әрбір қайта жасалып аяқталған өнім жатады, ал шығын есебінің объектісіне - қайта жасау, яғни келесі кайта жасауға жөнелтілуі мүмкін немесе тарапқа өткізілген жартылай дайын өнімді алумен аяқталған технологиялық процестің бір бөлігі жатады.

Әдістің мәні мынада - тіпті бір қайта жасаудан әр түрлі өнім түрлерін алуға болса да, өндірісті қайта жасау бойынша ағымдағы есепте тікелей шығындар көрініс табады.

Шығын есебінің кайта бөлістік әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады: жекелеген тапсырыстарға катыссыз кайта жасау бойынша шығынды жалпылау, құнтізбелік кезең үшін шығынды есептен шығару, әрбір кайта жасауға 8000 «Негізгі өндіріс» синтетикалық шотқа талдамалық есепті жинактау, шығын есебінің карапайымдылығы мен үнемшілдігі.

Жаппай өндіріс жағдайында бір текті өнімдер жай калькуляцияларда пайдаланылуы мүмкін. Сериялық өндірісте орташалау әдісін қолданумен шартты дайын өнімдегі жартылай дайындалған өнімді қайта есептеумен калькуляция жасалады. Бұл арада 8000 «Негізгі өндіріс» шотында жасалған шығындар есептік кезеңде өндірілген дайын өнімнің шартты бірліктеріне бөлінеді. Шартты бірлікті қолдану мынаны ұйғарады: аяқталған өнімнің бірлігін өндіруде негізгі материалдың бір шартты бірлігі және үстемеленген шығынның бір шартты бірлігі керек болады.

Бұл әдіс екі элементтен тұратын шартты түрде дайын болған, толық аяқталмай өңделген өнімді қайта санауға мүмкіндік тудырады: есептік кезеңде және сол кезеңде аяқталмаған өндірістегі шығынды көрсететін элемент.

Шығындарды калькуляциялауды әдістермен жүзеге асыруға болады: ФИФО - өнім бірлігін өңдеу, өңдеуге жаңа өнімдердің түсуіне карай жүзеге асырылады; кезең барысында өнім бірлігінін орташалау-қоры есептік кезеңнің шегінде басталып аяқталды.

Шығынның жиынтық есебі шығын есебінің нұсқаларының біреуімен және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаумен жүзеге асырылады:

жартылай өңделген өнімсіз (бесполуфабрикатный) - оны бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне тапсыру кезінде өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны бухгалтерлік қайта есептеусіз жүргізіледі. Жартылай дайындалған өнімнің бақылау қозғалысы нақты мағынасында (в натуральном выражении) оперативті жүзеге асырылады. Дайындауға кететін шығын, шығын баптарында ескеріледі. Үстемеленген шығындар әрбір қайта жасау бойынша көрініс табады, ал шикізат құны бірінші қайта жасаудың өзіндік құнына косылады. Өнім бірлігін өндіруге кететін шығынның жиынтық есебі өндіріс процесіндегі олардың қатысу үлестерін ескеру арқылы қайта жасаулардың шығындарын жиынтықтаумен анықталады;

жартылай өңделген өнімдік (полуфабрикатный)- бухгалтерлік есеп жүйесінде келесі қайта жасауға тапсыруда өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құнын қайта есептеумен жүргізіледі. Өндіріс шығынының жиынтық есебі өнімді әр қайта жасаумен шығару бойынша анықталады, сонымен бірге, келесі қайта жасауға тапсырылатын өнім тұтас ұйым бойынша және құрылымдық бөлімше бойынша мезгілде калькуляцияланады.

Жартылай дайындалған өнімдік нұсқада есептік жазбалар былайша жүргізіледі:


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімін өзіндік құнын калькуляциялау| Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)