Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басқарушылық есептіңәдістері және тәсілдері

Тақырып Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімін өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Тапсырыстық калькуляция | Тақырып Бюджеттеу және негізгі бюджетті құру | Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау | Тақырып Зиянсыздықты талдау | Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау | Тақырып Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау | БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Басқарушылық есептің пәніне өндірістік басқару процесінің барлық кезеңіндегі объектілердің жиынтығы жатады. Пән мазмұнында оның үш топқа бөлуге болатын көп объектілері бар:

Өндірістік ресурстар. Ол субъектінің шаруашылық қызметі процесінде адамдарды мақсатқа сай еңбекпен қамтамасыз етеді. Оған жататындар:

* негізгі құрал - еңбектің құнын елемейтін, пайдалы қолданылу мерзімі жылдан асатын еңбек құралы, оның жағдайы және пайдаланылуы;

* материалдық емес активтер - ұзақ мерзімді жұмсалым объектісі. оның жағдайы және пайдаланылуы;

материалдық активтер - еңбек құралының көмегімен өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек заттары.

Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері жиынтығында субъектінің өндірістік қызметін құрайды. Бұлар:

* дайындау процесі алу, сақтау, өндірістің шикізатпен, материалдармен, өндірістік жарақтармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуі, маркетингтік қызмет

* өндіріс процесі өнім (жұмыс, қызмет) өндірудің технологиясымен шарттастырылған. Ол шығарылған өнімдерді жетілдіру және жаңаларын әзірлеу бойынша негізгі және қосалқы операциялардан тұрады;

қаржылық-өткізушілік қызмет бұл өнімді өткізу, буып-түю, тасымалдау, жарнамалау, сапасын арттыру, тұтынушылармен тікелей байланыс орнату бойынша нарықты қалыптастыратын маркетингтік қызметтер.

Ұйымдастырушылық топ - субъектіні заңды түлға ретінде, оның кұрылымын, бөлімдерін, қызметін, учаскесін жасау; жоспарлау, бақылау, жоспардың орындалуын бағалау, ынталандыру субъектінің мақсатына жетуді көздеген орындаушылардың әрекеттерін іштей үйлестіру қызметтеріне сәйкес құрылымдық бөлімшелердің арасында ақпараттық жүйені ұйымдастыру.

Басқарушылық есеп пәніне субъектінің ақпарат жүйесіндегі басқарушылық объектілерінде көрініс табатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы жатады.

Басқарушылық есептің негізгі әдістері:

құжаттау бастапқы құжаттар және басқарушылық есепке субъектінің өндірістік қызметін толық бейнелеуте кепілдеме беретін машиналық ақпарат кұрылғысы

түгендеу - объектінің нақты жағдайын, сондай-ақ есептік құндардан ауытқуды, ескерілмеген құндылықтардың дерегін, шығын, кем шығуды, талан-таражды анықтау тәсілі. Ол құндылықтардың сақталуына ықпал етеді, олардың пайдаланылуын бақылайды, есептік ақпараттың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді;

бағалау, топтау және қорытындылау, бақылау шоттарын пайдалану- объект туралы мына белгілер бойынша ақпараттарды жинастырады және жүйелейді:

өндірістің өзіндік ерекшелігі;

басқарудың технологиялық және ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесінің мақсатты қызметі.

Топтастырылған ақпарат оперативтік және стратегиялық шешім қабылдауға керекті қызмет нәтижесін бағалауда пайдаланылады.

Бақылау шоты - бұл есептік кезең операцияларының қорытынды сомасы бойынша қорытынды шот. Бұл қаржылық және басқарушылық есептердің байланыстыру буыны (журнал-ордердегі жазумен. материалдық атауы мен бақылау шоты бойынша жинақ тізімімен хронологиясы сәйкес келуге тиісті материалдардың қоймалық карточкалары);

жоспарлау - субъектінің мүмкіндігін нарық жағдайымен сәйкестендіруге бағытталған үздіксіз циклдік процесс. Ол болашақтағы проблемаларды шешумен тікелей байланысты;

мөлшерлеу - барлық ресурс түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған оңтайлы мөлшерлік пен нормативтердің ғылыми негізделген есебі шығынды өнімге айналдырудың ұтымды жолын іздестіру;

лимиттеу (шектеу) - кор мен шығын мөлшерлік жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылау. Лимит - бұл технологиялық құжатпен белгіленген және өнім шығарылымының ассортиментіне қарай әрбір өндірістік бөлімшелерге жоспарланған өнім бірлігіне кететін ресурстардың шығын нормасы;

талдау - барлық калған элементтермен өзара әрекеттеседі, талдау процесінде жоспарлы тапсырманы орындау бойынша, тиісті басқарушылық шешімді қабылдауға керекті өндірістік нәтижеде өзгерістер тудыратын ауытқулар мен себептер бойынша бөлімшелердің арасындағы өзара тәуелділік пен өзара байланысты анықтайды;

бақылау - белгіленген тапсырманы орындауға бағытталған жоспарлау мен талдаудың аяқтаушы кезеңі (этап), пайда болған ауытқуларды ашуға және жоюға мүмкіндік береді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып Басқару есебі туралы негізгі түсінік| Тақырып Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)