Читайте также:
|
|
«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.
«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуте кететін өндірістік шығынның ақшалай көрінісі.
Америкалык әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей бұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баяндалады.
«Стандарт-кост» жүйесінің артыкшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығыны туралы ақпаратпен камтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік кұнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді. нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.
Ауытқу - нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінде анықталады.
Жоспарлау және есеп объектісіне өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.
Барлық стандарттар жиынтығы үш топка бөлінеді:
• баға деңгейінің есебіне кабылданғанға байланысты:
1) идеалды - ә лдеқайда қолайлы (жайлы) баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемелері және үстеме шығынадардың сметалық мөлшерлемелері;
2) қалыпты - экономикалық кезең ішінде орташа бойынша болады;
3) ағымдық - нақты есептік кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу;
4) базистік - жылдың басында белгіленеді және жыл бойы өзгеріссіз калады (негізінде баға индексін есептеуде қолданылады):
• қуаттылықты пайдалану деңгейіне карай:
1) теориялық кәсіпорын оны жақсы немесе идеалды орындауымен қол жеткізгені. Олар қуаттылықты толық пайдалануға нормативті көлемге, демалыс уакытына (ақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну уакыт шығындары қарастырылмайды) негізделген кәсіпорынның мақсаттары болып табылады;
2) өткендегі орташа орындау - статистикалық деректермен есептеледі және ақау, |жұмыссыз бос тұру, бүліну, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктер есепке алынады;
3) қалыпты орындау - алдағы кезендегі норма кернеуінің болжалдық орташа деңгейінде карастырылады;
• өнім шығару көлеміне қарай:
1) теориялық - кәсіпорынның теориялық қуаттылығы алдын ала анықталып койылған. Оларға қол жеткізу мүмкін емес немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады;
2) практикалық - кәсіпорын жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол жеткен шығарылым деңгейіне негізделеді және болмай қоймайтын шығындарды жібереді;
3) қалыпты - кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемінің орташа нормамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейінде есептеледі:
4) болжалды - өнім шығарылымының болжалды көлеміндегі өндірістің нақты шарты негізінде есептеледі.
Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша стандарттарды белгілеудің әр түрлі тәсілдемелері бар, Алайда қабылданған стандарттың жаңа тәсілдемесінде өндіріс процесі басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда қорытылады. Картаны бұйым, тапсырыс бойынша, бұл бұйым, тапсырыстарды дайындауға қатысатын өндіріс бөлімшелері бойынша жасалады.
«Стандарт-кост» жүйесі - тікелей шығындарды басқару құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:
1-ші нұсқа. Шығындар 900 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойьшша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс - стандартты құн бойынша бағаланады.
2-ші нұсқа. 900 «Негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 900 «Негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.
Америакалық фирмалар әдетте стандарттықтан болатын нақты шығын ауытқуының өзіндік құнына жатқызбайды, «Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шотына есептен шығарады. Бұл жүйеде басқару мақсатында нақты, жоспарлы немесе нормативті шығындарды салыстыру арқылы өндіріс шығынын талдауда ауытқуларды анықтаудың маңыздылығын қандай мәселелерді шешуде пайдаланғанын, олардың не көрсететінін ескеру үшін әрдайым бірнеше елеулі ауытқуларды қарастырады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 676 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі | | | Тақырып Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау |