Читайте также:
|
|
Шығындарды анықтаудың (есептеудің) екі жолы болады: бухгалтерлік және экономикалық жол.
Бухгалтерлік жолдарға қатысты өнімді шығарудың шығындары тұтынудың факттік бағаларына шығындалған ресурстардың құны ретінде анықталады.
Экономикалық жолға сәйкес, шығындар бірдей қорларды (ресурстарды) қолданудың бүкіл балама бағыттардың ең падалысын қолданып алуға болатын басқа игіліктердің құны ретінде анықталады.
Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрамындағы мағынасы бойынша маңызды элементі болып оның өздік құны (ақша түрінде кездесетін өндіріс және өнімді жөнелту шығындары) табылады
Бағаны негіздеу кезінде кәсіпорында өнім бірлігінінің өздік құнының калькуляциясы әзірленеді. Мұнда шығындар тізімі, олардың шығындардың бұйымдары мен орталықтарының құрамы және бөлу әдістері өнімнің өздік құнын жоспарлау, есептеу бойынша салалық нұсқаулықтармен бекітіледі.
Уақытша шығындар – олардың өлшемдері өндірістік қуаттардың деңгейлері өзгерген кезде бірге өзгереді (өндіріс көлемдері өзгеруімен бірге: шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары, электроэнергия және т.б.).
Тұрақты шығындарға әдетте өндірістік қуаттар дәрежесі өзгерген кезде өдшемдері өзгермейтін шығындар жатады (қосымша жұмысшылардың жалақылары, коммуналдық төлемдерге шығындар, көлік шығындары, жарнама шығындары, амортизация және т.б.)
Өнімнің құрамына қосуға байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура шығындар – өнімнің құрамына тура еңгізілген (шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары).
Жанама шығындар – өнімнің құрамына жанама еңгізілген (жарнама шығындары, көлік шығындары, коммуналдық төлемдер және басқалар).
Кәсіпорын шығындары тауардың шекті бағасына үлкен әсерін тигізеді. Олар шикізатты, жұмыс күшін, тауардың бөлек компоненттерін, көлік қызметтерін алуымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай шығындар бақылана алмайды, бірақ баға белгілеу кезінде есепке алынуы тиіс. Оны бірнеше әдістер арқылы іске асыруға болады:
- шығындар көбейген сайын фирма өзінің өнімінің бағаларын жоғарылатады және олардың жоғарылау «ауырлығын» тұтынушының иығына салады;
- фирма шығындары өсуін өндірілетін өнімнің алуан түрлігін (ассортиментін) өзгертпей, өзінің ішкі резервтері арқылы бөлшектеп қайтара алады;
- өнімдердің өздерін өзгерту (олардың өлшемдерін қысқарту, арзан шикізатты қолдану арқылы сапасын азайту), бірақ бағаның деңгейін өзгеріссіз қалдыру;
- өнімді сатып алушылар үшін бағаның жоғарылауы шамадан тыс болып көрінбей, ал ол жоғарғы сапалықпен, ынғайлықпен, абыроймен теңестірілетіндей деңгейде толық жетілдіру;
- шығындарды төмендету арқылы, фирма өнімнің бағасын төмендетуге немесе мүлде өзгеріссіз қалдыруы мүмкін, сөйтіп, өзінің пайдасын арттыру.
60 Бағаны құрау тәсілдерін таңдау. Баға стратегиясы.
Бұл кезеңде ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан - өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады. Өзіндік құнға үстеме баға тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады. Үстеме баға өлшемдері кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар:
· өндіруші-сатушыларға сұраныс пен оған әсер ететін факторлард талдау жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі, өндіріс шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзінді құнын анықтау жеңілірек;
· нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
· өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп емес) болады, бұл өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян келтірмей, олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Алайда нарықтағы сұраныстың төлем қабілеттілігі қарқынын қадағалай алмау және кәсіпорынның баға тактикасын дер кезінде өзгерте алмау қаупі бар. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігінің төмендеуіне және шығындар тәуекелдігі деңгейінің артуына соқтыруы мүмкін. Шығынсыздық қағидаты дегеніміз – бағаны өнімді сатудан түсетін пайда өндірістің жалпы шығындарын жабатын деңгейде белгілеу.Бұл тәсілді қолдана отырып, кәсіпорын тұтыну көлеміне байланысты, бағаны диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп, сатудан түсетін пайданы арттырды. Сұраныстың төлем қабілеттілігіне бейімделу тәсілін өз құрамында маркетинг бөлімдері бар немесе шығарылатын өнімге сұранысты талдау үшін қаражаты жеткілікті кәсіпорындар қолданады. Бұл орайда сапаға, тауарды безендіруге, қызмет көрсетуге және т.б. сол сәтте қойылатын талаптарды ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тілектерін (әлеуеттік сұраныс) де бағалау қажет. Бұл тәсілді пайдалану барысында кәсіпорын бағаны тұтынушылардың әлеуметтік топтарына байланысты, тауарлардың сапасына, жаңалығына, тауарлық санатына байланысты диверсификациялайды. Бұл тұтынушылардың түрлі топтарының артық қаражатын тартуға мүмкіндік берумен қатар, маркетингтік шараларды жүзеге асыруға айтарлықтай кыржы бөлуді талап етеді. Нарықтық бағалар қарқынына бейімделу нарықтағы ағымдық баға деңгейін есептеуден және оның қысқа мерзімдік кезеңде бағаның өндіріс факторларына байланысты немесе тұтынушылық сұраныс үрдістеріне байланысты өзгеруінен тұрады. Мұндай тәсіл баға саясатын қалыптастыруда, әсіресе, нарықтық баға деңгейі жалпы шығындар мен пайда нормаларына қатысты шынайы көріністі бейнелейтін, жетілген және монополистік бәсекелестік нарығында, ірі ауқымдағы маркетингтік зерттеулерден бас тартуға мүмкіндік береді. Бәсекелестердің күткен баға ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне, олигополия нарығында, баға бойынша көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп, нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады. Нәтижесінде кәсіпорын «бағаны ұстану» немесе «баға бәсекелестігігіне» орай, баға саясатын жүргізеді.
Кәсіпорын бұл кезеңде бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар (тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға образы, бағаларды диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да маңыздылығы өз кезегінде кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін таңдалған баға стратегиясына байланысты.
Кәсіпорынның нарықта пайда болуы кезеңінде, оның алдында тұратын басты мақсат — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы оны жүзеге асыру үшін бағаны құраудың психологиялық факторларының маңызы зор.
Қайта жаңару кезеңінде кәсіпорын өз қызметін жаңартуға және дамытуға бағытталған шаралар жүргізеді, олардың бірі жаңа баға саясатын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бұрыннан белгілі жаңа нарыққа ену және нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиялары қолданылады. Өнімге соңғы бағаны белгілеу туралы шешім таңдалған стратегияларға сәйкес қабылданады.
61.Трансферттік баға – бұл кәсіпорынның бір бөлімшесінің (цех, бөлімше ж/е т.б) басқа кәсіпорынға беретін өнім немесе қызметтінің ішкі бағасы. Теориялық тұрғыдан кез-келген шығындар сомасының жиыны трансферттік бағаның қалыптасуына алып келеді. Бірақ тәжрибеде трансферттік баға жоқ дегенде түсім көзімен немесе инвестиция көзімен ауысуы негізінде ассоцацияланады.
Трансферттік баға құру жүйесі келесі тапсырмаларды орындауы керек:
1. Бөлімшелердің менеджерлерінің дәлелді экономикалық шешімдерді қабылдауы үшін ақпараттар беру.
2. Бөлімшелердің қызметінің экономикалық және басқарушылық көрсеткіштерін бағалауға пайдалы апаратты ұсыну.
3. Пайданың бір бөлігін мақсатты түрде бөлімшелер арасында немесе олардың орналасқан орындарына орналастыру.
4. Бөлімшелердің қызметінің автономдылығының бұзылмайтындығына кепілдік беру..
Трансферттік бағаның негізгі бес типтері бар:
1. Нарықтық баға негізіндегі трансферттік баға. Ол дәл сондай немесе ұқсас тауарлар мен қызметтер үшін прейскураттық баға негізінде белгіленеді; ол бойынша жабдықтаушы бөлімше сыртқы тапсырыс берушілерге аралық өнімдерді сататын нақты бағасы немесе ол бәсекелес ұсынатын баға болып табылады.
2. Маржиналдық шығын негізіндегі трансферттік баға. М аржиналдық шығындар тікелей шығындар және айнымалы үстеме шығындардың қосындысы ретіндегі шамамен қысқа мерзімді айнымалы шығындарға тең болады.
3. Толық шығындар негізіндегі трансферттік баға. «Толық шығындар» немесе «ұзақ мерзімді шығындар» ұзақ мерзімді жоспарда өнім немесе қызмет үшін жұмсалған барлық ресурстар үшін барлық жұмсалған соманы көрсету үшін қолданылады.
4. Шығындар – қосу типіндегі трансферттік баға. Өзіндік құынына компания ішіндегі трансферттерде жабдықтаушы бөлімшелерге пайда алуға мүмкіндік беретін үстеме қосылады.
5. Келісім сөздер негізіндегі трансферттік баға. Трансферттік баға жабдықтаушы және қабылдаушы бөлімшелерінің менеджерлерінің өзара келісім сөздер жүргізу арқылы орнатылады.
Өзіндік құнды функционалдық қызмет түрі бойынша калькуляциялау (Activity Based Costing, ABC) нақты өнімдер немесе клиенттердің - қосымша және тікелей емес көздерден алынатын әртүрлі қызмет көлемдерін қолданатындығын сипаттайтын аналитикалық үлгіні қамтамасыз етеді. АВС моделінің бірінші этапында, кезеңінде сатып алынатын ресурстарға кеткен шығындар жасалған жұмыс пен процесстерге үйлеседі.
Шығындар, уақытша шығындар кез келген процесс нәтижесін сипаттайды. Әдетте, уақыт пен сапаны есептеу оңай болғандықтан, оларды бағалау да оңай. Бірақ та шығындар аналитикалық «конструкцияны» құрайды, яғни шығындар әрқашан да айтарлықтай анық, көзге түсетіндей бола бермейді. Тек қана АВС үлгісі ғана ұйымның барлық шығындарын нақты реттей алады: сатып алуға, өндіріске жұмсалған, бөлу және жеткізу шығындарын. Осылайша, дұрыс құрастырылған АВС үлгісі ішкі құраушыны теңестірілген көрсеткіштер жүйесінің шығындарын бағалау үшін негізгі элементі болып табылады.
Бірақ операциялық процесстің шығындарын анықтау тек қана бірінші қадам. Одан кейін менеджерлер және жұмыскерлер оны жақсарту бағытында жұмыс істеуі қажет. Функционалды қызмет түрі негізіндегі басқару тиімділікті жоғарылататын, шығындарды қысқартатын және активтерді қолдануды жақсартатын қызметтерді де қамтиды. АВС үлгісі өнімдерді немесе қызметтерді өндіруге компанияға физикалық, адами және айналыс капитал ресурстары аз қажет ететіндей қуатты көбейтеді немесе шығындарды төмендетеді. АВС басқару бойынша қаржылық пайда шығындарды қысқарту, пайданы өсіру бойынша, сонымен қатар зияннан құтылу мүмкіндігімен бағаланады. Қызмет түрлері негізіндегі басқару өндірісті жақсартады және келесі 5 этаптан тұрады:
Іскерлік жағдайды дайындау. Көбінесе менеджерлер процесстердің тиімділігін жоғарылату және шығындарды қысқарту мүмкіндіктерін ескермейді. Ондаған жылдар бойы инженерлер бар бөлімшелер шегіндегі сервистік операциялар мен алдыңғы қатарлы технологиялы өндірісті жетілдіруді қарастырып, көмекші өндіріске, функцияаралық қызметке, бизнесс процесстерге жөнді көңіл бөлмеген. Бұрынырақ, осылардың бәріне шығындар өндіріс шығындарына қарағанда азырақ болғанда, ал бизнес-процесстердің өздері қарапайым әрі түсінікті болғанда, приоритеттер дұрыс орналастырылған еді. Бірақ қазіргі жағдайда ұйымдарда өсіп келе жатқан шығындардың көп бөлігі тікелей емес, қосымша қызмет активтілігінің түрлеріне келеді. Ал бизнес-процесстің өзі көптеген түрлі бөлімшелер мен функциялардың әсерінде болады.
Әдеттегіде, қызметтер түрі бойынша шығындар анализ нәтижесінде алынған ақпараттар тиімді емес жұмыстар түріне және ақауды анықтау, оны жою шараларына шығындар қаншалықты үлкен екендігін көрсетеді. Жақсарту процесстерінің түбегейлі пайдалы екендігіне (мысалға, сапаны жүйелі басқару немесе «алты сигма» программасы) әлі де сенбеушілікпен, күдікпен қарайтын менеджерлер үшін берілген ақпарат өзгерістерге ынталандыруы мүмкін. АВС анализ нәтижесінде алынған көрсеткіштер сыртқы жіне ішкі эталондарды(benchmarking) анықтау негізі болып табылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, қызмет түрлерінің анализінің бірінші артықшылықтары шығындарды төмендету мүмкіндіктерінің есебі негізінде шығындарды классификациалау нәтижесінде пайда болады. Жақсаруды абсолютті жаңа процесстерді ойлап табу нәтижесінде немесе бардың өндірімін және сапасын жоғарылату арқылы алуға болады. Қызмет түрлері бойынша шығындарды классификациялау менеджерлерге тиімді емес және сапасы төмен процесстер кезінде операциялық шығындардың қандай түрлері пайда болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, АВС анализі негізінде алынған, пайдаланылатын ақпараттар қызметтерді әрқашан жетілдіру, жақсарту үшін арнайы бағдарламаларды дайындау идеясын жасауға ынталандырады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері. | | | Программа тура |