Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.

Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері. | Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілін белгісіздік жағдайына пайдалану. | Сызықтық бағдарлама, оның моделін сипаттау. Сызықтық бағдарламаны шешудегі пайдаланылатын үш саты. | Жалпы қағидаттар | Функционалды өзіндік құнды калькуляциялау анықтамасы мен оған қажеттілік. | Жоспарлы-қаржылық комиссия | Бақылау жүйесінің қызметкерлерді ынталандырумен байланысы. | Инвестициялық жобаны бағалау тәсілдері. | Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны. |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Oslash; Клиникалық жағдайдың көрсетілімі мысалында интерндердің компетенциясын бағалау критерийлері
  7. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.

Функционалды өзіндік құнды калькуляциялау: қызмет ортасы және қызмет факторлары.

Кәсіпорын қызметтері процестер немесе жұмыс операциялары түрінде қарастырылады. Есепті кезең ішіндегі кәсіпорын шығындары сомасы н/е белгілі бір өнім түріне шығындар сомасы жиынтық операциялар мен процестердің орындалуына кеткен шығындар есебінде анықталады.

Қолданылу шарттары:

1)Қызметтер мен операциялардың түрлерін белгілеу;

2)Жұмыс жасап жатқан бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру

3)Персоналдардың қосымша білім алуы

Артықшылықтары:

1)Нақты өнімге үстеме шығындарды қатыстылыққа байланысты белгілі дәрежеде көбейту, анығырақ өзіндік құнды калькуляциялау;

2)Шығындар жасау процесімен алынған ақпараттар ара/ғы байланысты қалыптастырады.

Кемшіліктері:

Бухгалтерлік есеп жүйесінде маңызды өзгерістерді талап етеді ж/е басқаруға кететін шығындарды өсіретін ақпарат жүйесінің болуын қажетсінеді.

 
 


Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.

Басқарушылық есебі бойынша бухгалтер шоттарды енгізу функциясын орындайды, ол компанияның стратегиясында маңызды орын алады. Оның есептілік жасау түрінде қатысуы менеджерге стратегияның орындау барысында оң мәнге ие болуын бақылауға көмектеседі. Көптеген компаниялар таңдалған стратегияның орындалуын басқару үшін баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштерін қолданады. Баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері мақсат пен ұйымның стратегиясынан стратегияның орындалу бағыттарын көрсететін өзара байланысқан көрсеткіштер жиынтығына өтуге мүмкіндік береді. Баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері тек қана қаржылық емес, қаржылық емес мақсаттарға жетуге бағытталған. Баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері келесі 4 аспектілер бойынша ұйымның қызметін бағалауа мүмкіндік береді:

1) Қаржылық;

2) Клиенттермен жұмыс;

3) Ішкі бизнес-процестер;

4) Даму мен өсу мүмкіндіктері.

Компанияның стратегиясына әрбір аспекті бойынша ұйымның бағалау критерийлері байланысты. Баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері түсінігі қаржылық және қаржылық емес бағалау көрсеткіштерін келтірумен тығыз байланысты. Бұл жағдайда бір ғана есептілік қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қызмет нәтижелері туралы ақпарат береді. Бұл менеджерлерге тоқсандық табыс сияқты қысқа мерзімді қаржылық көрсеткіштерге ғана емес, ал қаржылық емес, компанияда орындалып жатқан күнделікті көрсеткіштерге де назар аудартуды қажет етеді.Көрсеткіштері: операциялық табыс,инвестиция рентабельділігі, жиынтық пайда деңгейі, экон-қ қосылған құн т.б.

Қаржылық аспект – бұл аспект стратегияның пайдалылығын бағалау мақсатында

пайдаланылады.

Клиенттермен жұмыс аспектісі – бұл жағадайда мақсатты нарық сегментін анықтау мен сол сегменттегі компанияның орнын бағалауға мүмкіндік береді. Көрсеткіштері: тұрақты клиенттер пайызы, тапсырыстың орындалу уақыты, нарық деңгейі т.б.

Ішкі бизнес-процестер– бұл аспект бизнес-процестерді құрастыру операцияларын зерттеп білуге және клиенттермен жұмыс жасау бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштері: өндірістік потенциал, жаңа өнім (қызмет) саны, ақау пайызы, жаңа клиенттер саны т.б.

Даму мен өсу мүмкіндіктері аспектісі – бұл аспект сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын технологиялар, қызметтер, өнім түрлерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштері: жұмысшылардың білім деңгейі, процестердің үлесі, ақпараттық жүйелерді қолдану мүмкіндіктері т.б.

9.«Кайзен бюджеті» туралы түсінік.

Кайзен-бюджет - жапондық термин, бюджетке икемделу деген мағынаны білдіреді және бюджеттеу кезеңінде түпкілікті жетілдіруді қажет етеді. Кайзен калькуляциясы - шығындарды нақты және дәл есептеуді қамтамасыз ету. Бұл тәсіл 1991 жылы Жапонияның машина жасау зауытында қолданылған.Негізгі мақсат - жетілдіруді біртіндеп жүзеге асыру. Себебі өзіндік құнды жетілдіру, өндірістік коллективте творчествалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде іске асырылады.. Корпорацияның қызметiнiң бюджеттiк жоспарлауын тиiмдi жүйесiн ұйымдастыру үшiн бюджеттердi келесi топтарға бөлуді ұсынады:

- материалдық шығындардың бюджетi;

-энергияның тұтынуындағы бюджет;

- еңбекақы төлеу қорының бюджетi;

-амортизациялық төлемдердiң бюджетi;-

-қалған шығындардың бюджетi;

-банктердiң несиенi өтеуiндің бюджет;

-салық бюджетi.

Бюджеттi құрастыруды барлық процессті 4 кезеңде бөлуге болады:1-шi кезең: фирманың белгілі бiр мақсаттарының жоғарғы басқарушыларына хабарлаумен байланысты. Осы жағдайда, тәуелсiз сату көлемiнiң болжалатын өте маңызды деңгейi анықталынады. 2-ші кезеңде: бөлiмдермен және бөлiмшелердің жедел сметаларын әзiрлеуде болады. Мысалы, бұл сметалар немесе бөлiмдердiң бюджеттерi бiткен уақыт аралығына дейін,яғни алты айларға немесе жылдарға есеп айырыса алады.

3 кезеңде: жоғарғы басқарушылар талдау және бюджет туралы ұсыныстардың тексеру жүргізеді. Және содан соң бөлiмшелер жоғарғы басқарудың нұсқауларының негiзінде өз ұсыныстарын қайта iстейдi. Осы кезеңде жоғарғы басқарушылар ұйымның iшкi ресурстарын бөлумен айналысады. 4 Кезеңде: қорлар және қорлардың қолдануының бап бойынша есепке алуынуын және қорытынды бюджеттердi әзiрлеу iске асады

Кайзен жүйесі жұмысшыларға үлкен мүмкіндік беріп оларға басқаруруға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе бойынша өнім сапасын жоғарылату өзіндік құнын төмендетуге бағытталған. Кайзен философиясының негізінде төмендегідей сфераларды қамтиды:

-Шығындарды,бағаларды қысқарту

-Өндірістік тапсырмаларды орындау

-Ырғақтылық көлем мен сапаға сай жеткізілім тәртібін сақтау

-жұмыс орнындағы қауіпсіздік

-жинақталған тәжірибе

-функционалдық менеджментпен айналысу

 

 

10. Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілдері (теңдеу құру, графиктік, маржиналдық табыс және таблицалық).

Зиянсыздық нүктесі немесе критикалық («өлі») нүкте, немесе сыну нүктесі – бұл сатудан түскен табыс жиынтық шығындарға тең болатын өндіріс көлемі, яғни табыс та жоқ, шығын да жоқ. Зиянсыздық нүктесі маржиналдық табыс (М) тұрақты шығындарға тең болған жерде орналасады. Зиянсыздық нүкте деп ол өнімнің,өндірілуіне кеткен шығындардың барлығын,сонымен бірге фирманың меншікті капиталына есептелген орташа нарықтық пайызын және қарапайым кәсіпкерлік табысты жабатын фирманың сатылуға арналған өнім көлемін айтамыз. Зиянсыздық нүктесін анықтаудың үш әдісі бар:

математикалық (теңдеу әдісі),

маржиналдық табыс әдісі,

графикалық.

Маржиналдық табыс – ол бір өнімді өңдеуден алатын фирманың табысы. Зиянсыздық нүктені есептеу.Зиянсыздық нүктені бұйымның өзіндік құнын және үлестірудің болжамды бағасын есептеу негізінде анықтаймыз. Зиянсыздық нүктенің есептеу схемалары алдыңғы бөлімдерде көрсетілген. Тұрақты шығындарды жабуы қажетті өндіріс көлемін есептегеннен кейін зиянсыздық маржасының қажетті шамасын анықтаймыз. Бұл болжамды шама, фирма жұмысын атқарып жатқан сыртқы ортаның тұрақсыздығына байланысты. Әрине,егер сыртқы орта тұрақты болмаса, онда зиянсыздық маржаның мөлшері үлкен болуы керек. Зиянсыздық маржасы анықтағаннан кейін, зиянсыздық маржаның талап еткен деңгейіне жету үшін қажетті, өнімнің үлестіру және шығару көлемін есептейміз. Зиянсыздықты бақылау. Зиянсыздықты бақылау өзіне қазір біз айтып отырған бірнеше аспектілерді кірістіреді:ол өндірістік шығындарды бақылау,өзіндік құнды бақылау,үлестіру жоспарын бақылау,табыстардың түсуін бақылау,зиянсыздық жоспарының орындалуын бақылау. Түсінікті,өзіндік құнды бақылау және үлестіру жоспарын және табыстардың түсуін бақылау зиянсыздықтың жүйелі бақылауы фирманың ағымдық шығындарының және алынған табыстарының үздіксіз бақылауынан тұрады. 1.Теңестіру әдісі. Жалпы түрде табыстар және шығыстардың әр бір қорытынды есебінің схемасы келесідей болып көрсетіледі:

Табыс – Айнымалы шығындар – Тұрақты шығындар = Таза пайда.

Бұл теңдеуді алгебралық жазбаға көшіруге болады. Зерттелген мерзімде пайдасын – П-деп,фирма шығарған өнім бірлігінің сату бағасын – Р-деп, берілген мерзімдегі өндірілген және сатылған өнім көлемін – Х-деп, белгіленген шығындардың деңгейін –а-деп,өндірілген өнімнің айнымалы шығындарын – в-деп белгілейміз.Бұндай белгілерде теңдеудің “пайда-табыстар-шығыстар” келесідей болып көрінеді:

П=Р*x-(a+в*x) немесе П=(Р-в)*x-a

2.Маржиналдық табыс дегеніміз – ол бір өнімді өңдеуден алатын фирманың табысы.Оның формуласы: Өндіріс көлемі = Табыс + Тұрақты шығындар/ Бір өнім бірлігінің маржиналдық табысы.

III. Графикалық әдіс.Белгіленген өткізу бағасын, айнымалы шығындарды, тұрақты шығындардың негізінде берілген пайда жететін өндіріс көлемін есептеу әдісі

11. Күрделі қаржыландыруды талдау және сметасын құру, оның өтелімділігін анықтау. Қаржыландырудыңқосалқышығындары.

Күрделіқаржыландырутуралышешімкүрделіқаржыландырусметасынқұружәнеоныңөтелімділігінбағалаупроцесініңбірбөлігіболыптабылады. Келесібағыттардақолданылады:

1. компаниянақтықандайинвестициялықжобалардытаңдайтындығынанықтау;

2.компанияжобаныжүзегеасырунәтижесіндекомпанияныңкүрделіқаржыландыруыныңжалпысомасынанықтау;

3. жоба портфелін қаржыландыру қандай үлгіде болу қажеттігінанықтау.

Ұйымқызметінәртүрлімақсаттажүргізуімүмкін, м/ы: махпайдаалу, махсатудықамтамасызету, қажеттіпайдадеңгейіменмахмүмкіннарықтыңмүмкінбөлігіналу. Бизнесқұрылымыүшінмаңыздымақсаттаррентабельділікжәнетіршілігінсақтапқалуболыптабылады. Тәуекелдігіжоғарыжобалардықаржыландыратынкомпаниябұлжобалардыңсәтсізаяқталуықтималдығыбарекендігінбілуіқажет. Сондықтан, тәуекелдігіжоғарыжобалардытаңдауболашақтакомпанияныңөзтіршілігінсақтапқалуықтималдығынтөмендетеді. Күрделіқаржыландыруменбайланыстыдұрысшешімүшінтолықшешімқабылдаудағыжалпыәдістергесәйкестігінқарастырамыз. Көрсетілгенкезеңпроцестерікерібайланысдөңгелегінкөрсетеді. Оларпроцестіңүздіксізжәнединамикалық (қозғалысты) екендігінекөзжеткізеді. Жалпыкүрделіқаржыландырунақтынәтижелеркүтілгеннәтижелергесәйкестігінекөзжеткізуүшінәрдайымқайтақарастырыпотыркерек.

Күрделіқаржыландыруталдауесебініңшешімқабылдаумоделі: мақсаттыанықтау; инвестициялықмүмкіндіктердііздептабу; сыртқыжағдайлардыанықтау; мүмкіннәтижелердішығару; сыйақымөлшері; инветициялықжобалардытаңдау; жобанықуаттаужәнежүзегеасырудықабылдау; күрделіқаржыландырушешімінқайтаталдау.

Күрделіқаржыландырусметасынқұрутеориясыкомпанияқызметініңэкономикалықтеориясынанегізделеді. Бұлжағдайдакелесіқағидақабылданады:компанияөзініңмаржиналдышығындарыоныңмаржиналдытүсімдерінетеңдеңгейдеәрекететеді. Егербұлзаңдылықкүрделіқаржыландырудашешіміндеқабылданатынболсаакционерлердіңэкономикалықәл-ауқатымаксиалдыболады. Маржиналдытүсімпайызтүріндегіинвестициялықтүсімбөлігіндекөрсетіледі, алмаржиналдышығындар – капиталдыңмаржиналдықұныбойынша. Капиталқұныретіндебізжобанықаржыландырудыжүзегеасыратынқорқұнынтүсінеміз. Күрделіқаржыландырудыңқосалқышығындары. Компаниянегізіненболашақтазаақшақаражаттарытүсімдерініңкелтірілгенқұнынмаксималдауғаұмтылады. Сондықтан «келтірілгенқұн» терминінеңболмағандаинтуияциялықдеңгейдебілукерек. Кезкелгенадамбағалықағаздарнарығынансатыпалынғанбағалықағаздарғаақшасалуымүмкін. Егербізтәуекелдіктенқашатынболсақ, ондабізтұрақтытабысалыпкелетінмемлекеттікбағалықағаздарғаақшасалуымызмүмкін. Басқаша, біз қор нарығында бағасы белгіленбеген компания акциялары сияқты тәуекелдігі жоғары бағалы қағаздарға ақша салғанды дұрыс көруіміз мүмкін. Егер біз қандай да бір компания акциясына ақша салсақ, онда түсетін табыс компания қызметінің нәтижесіне байланысты өзгеретіндігін байқаймыз. Инвесторлар көбінесе тәуекелдіктен қашады, сондықтан олар мүмкін болса негізінен жоғары тәуекелділік жоғары табыс әкеледі деп санағанда ғана салады.

Қаржы нарығындағы мұндай бағалы қағаздарға инвестицияның табыстылық нормасы қарапайым ациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты күрделі қаржыландырудың қосалқы шығындарын көрсетеді, яғни егер ақша қаражаттары қандай да бір жобаға салынса, онда ол тағы пайда алу үшін басқа жаққа инвестицияландыруға болмайды. Сондықтан, компания күрделі қаржыландыру бағдарламасына құралдарды егер олар осы күрделі қаржыландыру бойынша қосалқы шығындардан жоғары пайда әкелген жағдайда ғана орналастыра алады. Инвестиция бойынша қосалқы шығындарды тағы да пайданың минималды қажетті нормасы, капитал құны, дисконттау қойылымы немесе пайыздық қойылым деп те аталуы мүмкін. Қосалқы шығындар,яғни бағалы қағаздардан пайданың қажетті нормасы туралы қаржы нарығына қарасты бағалы қағаздардан түскен табыс бойынша талдауға болады. Тәуекел жоғары болған сайын, күтілетін табыс та жоғары болады.

Тәуекелмен түсім арасындағы байланыс

 

12.Стандарт-кост тәсілі нормативтік тәсілдің жалғасы ретінде.

Стандарт кост термині 2 сөзден құралады: «стандарт» - өнім бірлігін шығаруға қажетті өндіріс шығындары немесе өнім бірлігін өндіруге алдын ала есептелген шығындар, ал «кост»-өнім бірлігіне келетін өндіріс шығындарының ақшалай өлшемі. Осылайша «Стандарт-кост» толық мағынасында шығындардың стандартық құны дегенді білдіреді. бұл жүйе алдымен өндірістің тікелей шығындарын пайдалануды бақылауға бағытталған. Стандарт кост кәсіпкерлердің сұраныстарын қанағаттандырады және өндірістік шығындарды бақылаудың күшті құралы болып табылады. Бекітілген стандарттардың негізінде өндіріске және сатылатын бұйымдарға күтілетін шығындардың сомасын алдын ала анықтауға, бағаны анықтауға бұйымның бірлігіне өзіндік құнды есептеуге болады. Стандарт кост жүйесінің негізінде шығындар бабынан шығыстарды алдын ала нормалау жатыр: негізгі материалдар, негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы, өндірістік үстеме шығындар (көмекші материалдар, арендалық төлем, құрал-жабдықтардың амортизациясы), коммерциялық шығындар (сату, өндіру шығындары). Алдын ала есептелген нормалар қатаң бекітілген ставкалар арқылы қарастырылады. Ауытқулар пайда болған кезде стандарттық нормалар өзгермейді, олар бекітілген кезең бойына қатысты тұрақты болып қалады. Алайда ерекшелік жаңа экономикалық шарттарда, материалдар құнының көп мөлшерде көбеюінен немесе төмендуінен күрделі ауытқулар да болуы мүмкін. Есептеудің Стандарт кост жүйесі мынадай сызба түрінде көрсетілуі мүмкін:

- өнімді сатудан түскен түсім

-өнімнің стандарттық өзіндік құны

- жалпы пайда

- стандарттардан ауытқу

- нақты пайда.

Нақты өзіндік құнды номативтік әдіс арқылы есептеу нормативтік өзіндік құнды қосу және есептік кеезеңде нормадан ауытқуды және өзгеруді анықтау болып табылады.

Стандарт кост жүйесі өткен ғасырдың 20-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінң өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған

болатын. Стандарт-кост тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч.Гаррисон 1933 жылы аударылып жарық көрген «Стандарт-кост» кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Стандарт кост жүйесі мен нормативтік әдісін салыстыруда:

-екі әдісте де шығындар норма шегінде есептеледі;

-екі әдіс те толық шығындарды жорамалдайды деуге болады.

Айырмашылықтары:

- Стандарт косттың мақсаты факторлар арқылы бөлінген арнайы шоттарда ауытқуларды бухгалтерлік көрсету, ал номативтік әдістің мақсаты – құралдарды (қаражат) шығындау үрдісінде ауытқуларды айқындау.

- есептік жүйені спаттайтын негізгі теңсіздік стандарт костингте ∆с = Сф – Сст,

* ∆с – стандарттан ауытқу; Сф – нақты өзіндік құн; Сст – стандарттық өзіндік құн;

номативтік әдісте Сф = Сн ± Ин ± ∆н,

Сн – өнімнің номатиивтік өзіндк құны; Ин – қолданыстағы нормалардың өзгеруі; ∆н – қолданыстағы нормалардан ауытқу.

-жанама шығындар нормасынан ауытқудың есебінде стандарт костта жанама шығындар нормалар шегінде өнімнің өзіндік құнына жатқызылса, нормативтік әдісте жанама шығындар нақты шығындар сомасында объектілер арасында калькуляцияның индекстік әдісі арқылы тартылады.

 

13. Қосалқы өндірістер мен шаруашылықтар шығындарын үлестіру. Толық және теңдеу құру арқылы бөлу.

Қосалқы бөлiмшелердiң қызметтерiнiң үлестiрiлуiнiң әдiстерi:

* (direct)түзу;

* (step-down)қадамсайыны;

* (step-by-step)қайтаданүлестiрiлу;

* (reciprocal)сызықтытеңдеулердiңжүйелерi.

Қайтаүлестірудіңтікелейәдісі.Бұләдістіңқолдануаясыөтекең.Бұлжағдайдакөмекшібөлімшелердіңбір – бірінедегенқарама –қарсықызметтеріанықталмайды, барлыққызметтернегізгіөндірістіңшығындарынатікелейжатқызылады. Тікелейәдістіңнегізгіерекшелігі – оныңқарапайымдылығы.Қызметкөрсетушібөлімшелердіңкоэффициенттеріқарама – қарсықызметсізесептеледі.

Үстемешығындардыңсметалыққойылымы.

Олардыңқолданылуымынадайсебептерменнегізделеді:

*Айлықтабыстыесептеуүшінөнімніңөзіндікқұнытуралыақпараттыңжеделалынуыныңқажеттілігі;;

* Тауарлы – материалдыққорларқұныныңбағалануы;

* Есептіліккезеңаяғындағынақтылыүстемешығындардыңқалыптасуынкүтпей – ақөнімгебағатағайындалуы;

Жылдықесептемелердеорташасметалыққойылымдаржалпыжылдықүстемешығындарменжалпыжылдыққызметтүріарасындағысәйкестікпенанықталады.

Жоғарыжәнебөлінбегеншығындаресебі.

Жалпыөндірістікүстемешығындар

ДтКт

2 000 000 1 800 000

Кезеңсоңынақалдық $200 000, бұлсомадұрысөтелмегенүстемешығындарболып «Өткізілгенөнімніңөзіндікқұны» шотыныңдебетінежатқызылады.

Жалпыөндірістікүстемешығындар.

ДтКт

1 950 000 2 000 000

Кезең соңына қалдық $50 000,бұл сома артық өтелген үстеме шығындар ретінде «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» шотының кредитіне

Мұндай тұрақты үстеме шығындардың тым жоғарылауы немесе төмендеуі өндіріс көлемінің ауытқуы деп аталады.Кез келген мұндай тым жоғарылау немесе төмендеу үстеме шығындарды есептеуде өнім түрлері бойынша таратылмайды..

Өндірістік емес үстеме шығындар. Есептілік кезеңдер шығындары ретінде қарастырылады.Өндірістік емес үстеме шығындарды өнім түрлері бойынща бөлек тарату міндетті емес.Бірақ шешім қабылдау кезінде қажет болуы

мүмкін.Функционалды жүйелер бойынша соңғы талдау негізінде өнім түрлері бойынша өндірістік емес үстеме шығындарды дәлдікпен таратылу

 

 

14. АБС тәсілі және релеванттық шығындар

АБС әдісі өндірістік шығындарды нақты анықтаумен қатар шығындар механизмін қамтамаыз етеді. АБС әдісінде негізінен шығындардың пайда болу орны мен себебіне көңіл бөлінеді. Бұл шығындар есебі жүйесінің мәні - шығындарды ресурстар пайдалану тұрғысынан және барлық қызмет түрлерінің жеке есептелуінде болып табылады. Мысалы: жеке қызмет түрлері: жобалау, өндіріс, маркетинг, тасымалдау, тапсырыстарды қабылдау, жеткізу және қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды есепке алу.

АВС әдісінің негізі - өндірістік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және өндіріс үрдісінде пайдаланылатын белгілі бір ресурстар көлемінің бар екенін бақылау болып табылады. Барлық ресуртар түр соларға жұмсалатын шығындармен сипатталады. Алдымен сол ресурстарды тұтыну көлеміне қарай жекелеген функциялар арасында бөліп таратылады. Ол үшін белгілі функциялары бойынша әрбір шығын орталықтарының шығындары жинақталады. Содан кейін шығындарды әрбір функциясы бойынша шығындар объектісіне жатқызады.

Функциялар бойынша шығындар жүйесінің шеңберінде ұзақ мерзімді жоспарлауда шығындарды басқару оларға себеп болатын қызмет түрлерін бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мұнда бақылау объектісі шығын емес, қызмет түрі болып табылады. Шығындарды басқаруда, сметаларды қалыптастыруда компания қызметінің тиімділігін бағалау мен бақылауда АВС жүйесінің көптеген үлесі зор деуге болады.

Шешімдер қабылдау кезінде сол қабылданған шешімдерге тәуелді шығындар мен табыстар есепке алынады. Қабылданған шешімге тәуелсіз шығындар мен табыстар есепке алынбайды. Сондықтан есепке алынатын шығындар мен табыстар релеванттық, ал есепке алынбайтын шығындар мен табыстар иррелеванттық деп аталады. Сол себепті шешімдер қабылдау үрдісін жүзеге асыруда релеванттық қаржылық шығындар алдағы қарастырылатын баламаларға тәуелді белгілі мөлшерде ақша қаражаттарының келешектегі өсуін сипаттайды.

Мысалы: егер сапарға жеке көлікпен не қоғамдық көлікпен жол жүруді қарастырсақ, бензинге жұмсалатын шығындар мен қоғамдық көліктің жолақысы релеванттық шығындар болып табылады. Ал көлікті күтіп ұстауға байланысты шығындар, көлік салығы, сақтандыруы кез келген шешімге тәуелсіз орын алатын иррелеванттық шығындар болып табылады. Сонымен релеванттық шығындар - таңдаған баламаға байланысты өзгеретін балама шығындар.

 

15.Күрделіпроценттіесептеужәнедисконттау

Басты мақсатымыз – тәуекел деңгейі бірдей нвестиция бойынша болашақта алынатын табыстарды есептеу мен салыстыру. Бұл салыстыру болашақта келіп түсетін ақша қаражаттарын (дисконтталған ақша қаражаттарының ағыны)талдау көмегімен жүргізіледі.

Инвестицияның болашақ құнын есептеу үшін келесі формуланы пайдаланамыз:

= бастапқы салым

– табыстық нормасы

n- инвестиция салынған уақыт (жыл)

Дисконттау – ақшаның уақытша құнын ескеріп, болашақ қаржы ағынын қазіргі сәттегі ақшаға сәйкестендіру. Оның нәтижесінде дисконтталған құнды аламыз. Күрделі пайыздарды анықтау – бұл дисконттауға кері процесс, себебі күрделі пайыздар көмегімен қазіргі ақшаның болашақтағы құны анықталады. Дисконтталған құнды анықтау үшін келесі формуланы пайдаланамыз:

 

Күрделі салымдарды бағалаудың 4 әдісі бар:

1. Таза дисконтталған құны бойынша

2. Өтімділіктің ішкі коэффициенті бойынша

3. Өтімділіктің есептік коэффициенті бойынша

4. Өтімділік периоды бойынша

Бастапқы екі әдісті қолдану барысында болашақтағы табысты есепке ала отырып ақша құны ескеріледі, ал қалған екі әдісте бұл жайтты ескермейді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Чудов монастырь в Москве| Бiз шығын мiнез-құлықтың талдауында қол жеткiзгiлерi келедi ме?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)