Читайте также:
|
|
Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болып табылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көп жағынан маржиналдык шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық - соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтас тобын өндіру көлемін ұлғайтудың нәтижесі болып табылады.
6. Маржиналдық табыстар - бұл өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толық емес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдық табыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.
7. Жоспарлы - бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімнің жоспарлы өзіндік құнына косылады.
8. Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік құнында көрсетілетін шығындар.
10. Релеванттық және релеванттық емес шығындар -оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңызды деп саналады. Шамасы кабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық емес (иррелевантты) және нұсқаларды бағалау барысында ескерілмейді.Релеванттық, әдетте, өзгермелі шығындар болса, ал иррелевантты -тұрақты. Алайда, өзгермелі шығындар иррелевантты ретінде болатын жағдайлар да болуы мүмкін.
Мысалы. Кәсіпорынның баска өнім өндіруі үшін пайдалануга немесе сатуға жарамайтын бұрын сатып алған материалдары бар делік. Осыған орай осы өнім өндіріле ме, жоқ, өндірілмей кала ма, бұған карамастан материалға кеткен шығын шамасы езгермейді. Кәсіпорын өндірістік сипаттағы ұйғарым бойынша да уактша шамадан тыс (аса көп) жұмысшы күшін ұстай тұруға болады, осыған орай, әрине, олардың белгілі бір еңбекакы деңгейін қамтамасыз етеді. Егер бұл жұмысшы күшін қандай да бір өнім өндіруге пайдаланатын болса, олардың белгілі бір деңгейге сәйкес еңбекакы шығыны иррелевантты болып табылады, өйткені ол кез келген жағдайда жүзеге асырылуы ыктимал. Релеванттықка тек осы деңгейден тыс еңбекақының қосымша шығыны ғана жатады, өйткені өнім өндірүші жұмысшылардың енбекакысы олардың жай немесе толық емес жұмысбастылығынан жоғары болуы керек. Сонымен, тұрақты шығындар релеванттық сипатта, яғни қабылданған шешімге байланысты болуы мүмкін.
М ы с а л ы. Фирма өндірістік аланды және (немесе) өндірістік жабдықты жалға алды делік. Жалдык келісімшарттагы мерзімінің ішінде ол өндірістік-қаржылық қызметтің баға, көлем және баска объектілер бойынша қандай шешім кабылданатынына карамастан белгілі бір жалдың төлемін жүзеге асыруы қажет, мұндай жағдайда жалдың ақысы релеванттық емес шығынды білдіреді. Алайда, жал-даудың мерзімі біткенде оның шарттары, егер фирма басшылығы жалдың акысы жалға алынған алаңда (жабдықпен) өндірілген өнімді сату көлемінен тым жоғары деп санайтын болса, жалдау объектілерінің саны, алаңдары, жалдык ақы мөлшерлемелерінің бір белігі қайта карастырылуы мүмкін. Әрі-беріден соң, бұл өнімді өндіруден мүлдем бас тарту мақсатка лайықты болуы ыктимал. Осылайша, жалдык акы түріндегі тұрақты шығын басқарушылык шешімнің нүскасына карай өзгереді.
Шығындарды релеванттық және релеванттық емес деп бөлудің негізінде мына аспектілер талданады:
• әлдеқайда төменгі баға бойынша қосымша тапсырысты қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы;
• "сатып алу әлде өндіру" жағдайы;
• шектеу (лимит) факторлары бар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы;
• өндірістің зиян шектірүші элементін (немесе басқаны) таратудың мақсатқа лайықтылығы.
11. Өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы. Дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығын-дардың қалай өзгеретінін білу аса маңызды. Егер кәсіпорын тауар, қызмет өндірудің көлемін елеулі кө-теретін болса, онда тауарларды көптеп өндіруге қажетті ресурс-тардың да саны артуы керек, ал өндіріс көлемін улгайту шы-ғынның өсуіне әкеледі. Алайда, көптеген жағдайларда процент-тік өсуде өндіріс көлемінің тиісті өсуіне карағанда шығын аз болады. Бұл калай болатынын түсіну үшін тұрақты және өз-гермелі шығындар ұгымына үңілеміз. Өзгермелі шығындарга жалпы сомасы өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді (пропорционал) өзгеретін өндіріс шығындары жатады. Мәселен, егер шығарылым 10%-ке артатын болса, өндірістің өзгермелі шығыныныңжалпы сомасы да 10%-ке өседі.
Тұрақты шығындар - жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгерсе де өзгеріссіз қалатын белгілі бір кезендегі шығынның бір бөлігі. Үй-жайларды жалдау ақысы, кызмет көрсетүші кызметкердің еңбекақысы және уақыт өткен сайын өсуі мүмкін, бірак өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді өзгермейтін басқа да шығындар тұрақты шығынның үлгілері бола алады. Залал-сыздықты талдаудың тағы бір мәселесі - дайын өнімдердің өзіндік кұндарына қосылатын барлық шығындарды іс жүзінде тұрақтыға немесе өзгермеліге нақты бөлу мүмкін емес. Шы-ғынның бір бөлігі жартылай өзгермелі немесе жартылай тұрақты сипатында болады, ал олардың кейбіреуі белгілі бір жағдайда өздерін тұрақты шығындар басқа кезде -- өзгермелі ретінде көрсетіледі.
Ішінара өзгермелі шығындар аралас тұрақты және өзгермелі шығынды білдіреді. Ішінара өзгермелі шығынның жалпы сома-сы өзгермелі шығын сияқты өзгереді, яғни өндіріс көлемінің өзгерісіне сәйкес болады, бірақ тікелей үйлесімді болмайды.
Тұрақты бөлігінде - телефонды пайдаланғаны үшін або-ненттік төлем кіретін, ал өзгермелі бөлігінде - халықаралык байланыстың (сөйлесудің) ақысы алынатын телефонды пайда-ланудың төлемақысы ішінара өзгермелі шығынның үлгісі бола алады.
Шығынды тұрақтыға және өзгермеліге шектеу, әдетте, өн-діріс көлемінің өзгерісі кезінде жиынтық шығындардың өзге-рісімен анықталады.
Былай, өндіріске катысты пайдаланылған негізгі өндірістік материалдар өзгермелі шығын ретінде қарастырылады, өйткені өндіріс көлемінің ұлғаюымен қатар негізгі өндірістік материал-дардың шығыны үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Шаруашылық қызметтің көлемін сипаттау үшін өндіріс көлемінің көрсеткіші пайдаланылады. Саудалық-өткізу шығыны өнім бірлігінің өткізу санына қатысты өзгермелі шығын болып табылады, ал өндіріс көлемінде - ол міндетті болып табылмайды. Өндіріс көлемі мен өткізу көлемі әрдайым бірдей бола бермейді. Тұрпатты өзгер-меліге шикізат пен материал қосалкьі бөлшектер мен құрас-тырүшы бөлшектер (детальдар), жұмысшы күші және шығын-дар жатады.
Тұрақты шығынның жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгер-генде өзгеріссіз қалады. Жалдың ақысы, негізгі құрал-жабдық-тың амортизациясы, қызметкерлердің еңбекақысы тұрақты шы-ғынның үлгісі болып табылады.
"Тұрақты" және "өзгермелі" ұғымдары енім бірлігінің есе-біндегі шығындарға емес, жиынтық шығынға қатысты, ал олардың жалпы саны өндіріс көлемінің өзгерісіне үйлесімділігін бүзбай өзгереді. Өнім бірлігінің тұрақты шығыны өндіріс кө-лемінің өсу дәрежесіне қарай кемиді, ал оның кему дәрежесіне қарай артады. Алайда, жиынтық шығын өзгеріссіз қалады.
Жоспарлау барысында тұрақты шығын жиынтықталған тұ-рақты шығын ретінде, ал өзгермелі шығын - өнім бірлігінің өзгермелі шығыны ретінде карастырылады. Тұрақты және өз-гермелі шығындарының мінез-қүлықтық нұсқалары 16-кестеде келтірілген.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 566 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып Басқару шешімдерін қабылдау. | | | Ндіріс залалсыздығын талдау және оның басқарушылық есептегі мағынасы |