Читайте также: |
|
Сапалы аспектілер маңыздылығы (қайтарылмайтын шығындар, өспелі шығындар, альтернативті шығындар). «Шығындар - өнім көлемі — пайда» талдауы. Шектеулі факторлар талдауы (СҮР). бірнеше өнім түрлерінін зиянсыздығын талдау. Тәуекелділік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау. Анықталмаған жағдайдағы СУР талдауы.
Шешімдер қабылдау үшін релеватты шығындар мен табыстар:
* өз өндірісі немесе сатып алу туралы шешімдер;
* сату бағасы туралы арнайы шешімдер қабылдау;
* ұзақ мерзімді тапсырысты бағалау;
* шектеулі қуаттылық жағдайында өнім ассортименті туралы шешімдер;
* жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау: өткен кезең шығындарынан тәуелсіз бөлу;
* қандай да бір өнім түрін өндіруді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
* негізгі өндірістік материалдар мен негізгі жұмыскерлердің еңбегі бойынша релевантты шығындарды анықтау.
Инвестиция шешімдерін талдау: инвестицияны бағалау әдістеріне шолу. Салық салу және инвестиция шешімдері. Инвестицияны бағалауға инфляцияның әсері. Инвестиция жобаларын ранжирлау. Күрделі қаржы салымдары кезіңдегі тәуекелділікті талдау.
Басқару есебі үшін сызықтық программалау: Жеке ресурстар бойынша шектеу. Сирек екі ресурстар кезіндегі шектеу. Графикалық әдіс. Альтернативті шығындар. Сызықтық программалауды пайдалану нұсқалары.
Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылыгына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметіне залал келтіруі мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; қанша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе құрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің арасындағы елеулі айырмашылық — оның біріншісін өзгерту оңай емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді ше-шімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі каржы салымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қыска мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды.
Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа калай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарга сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындагы байланысты қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қақтығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді қабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы мақсат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылық нәтижесі қандай болатынын анықтау. Бұл ақпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.
Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уақыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына катысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды анықтау қажет болғанда жүзеге асырылады:
• өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;
• бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетін ықпалы қандай;
өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сату көлемі қандай болуы керек.
Залалсыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің кауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.
Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұс-қаны таңдауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.
Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нүсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ак-параттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіп-орынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.
Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өндеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсіл-дердің тұтас арсеналына ие.
Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:
1) оперативті міндеттер:
• өндірістің залалсыздығын талдау;
• өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;
• шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;
• "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;
• баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.
2) ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:
• капитал салу туралы шешім қабылдау;
• бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;
• жаңа өнім өндіру бойынша шешім кабылдау.
Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.
Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері кәсіп-орынның алдында тұрған мәселені шешуде дұрыс ұсыныс береді.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 632 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ткізілген өнімдардіц өзіндік кундарынын бюджеті | | | Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. |