Читайте также:
|
|
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік ә дісі бір текті немесе шамамен бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өндіретін, әйтпесе үздіксіз өндіру кезеңіне жататын технологиялық процесте қолданылады. Шығынның процестік калькуляциясын технологиясы әрбір өндірістік бөлшектердің жекелеген бөлшектерінің өндірістік процесті орындауын және өңделу дәрежесіне қарай өнімнің бір операциядан келесісіне жылжуын қарастыратын субъектілер қолданады. Соңғы бөлімше өндіруді аяқтап, өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Шығындар белгілі бір кезең үшін - бұл арада тапсырысты орындауға қажетті уақытта айтып тұрған жоқ, есептік кезеңде бұйым жасалған уакыт қатыссыз өндірістік бөлімшелер бойынша қорытындыланады. Әрбір бөлімшеге «Аяқталмаған өндіріс» жеке шот ашылады. Мұнда есептік кезеңнің басында соңында аяқталмаған өндіріс шартты түрде дайын өнім ретінде саналады.
Бұйымның бір бірлігінің өзіндік құны белгілі бір кезеңдегі өндірістің өзіндік құнын осы кезеңде шығарылған бұйым санына бөлу арқылы есептеледі.
Мұндай өндіріске кен өндіруші өнеркәсіп пен энергетика салалары жатады. Мұнда шығарылған өнім бір мезгілде шығын есебінің және калькуляциялаудың объектісі болып табылады.
Шығындардың толық қосылуына карай толық шығын және өзгермелі (тікелей) шығын есеп әдістері айрықшаланады.Толық шығын есебінің ерекшелігі мынада: тікелей шығын бірлікке тікелей қатысты немесе нормаға сай әзірленіп, қолданылатын өнімнің басқа өлшеміне қатысты болады. Мұнда жанама шығын өнім бірлігіне қатыстылығы үстеме шығын коэффициенттерінің көмегімен қандай да бір базаға үйлесімді (пропорционально) болады. Шығын есебін калькуляциялау бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады:
• пайда болу орындары бойынша барлық шығындарды шоғырландыру және жанама шығындарды бөлімшелерге бөлу;
• шығынды негізгі өнімді (конечный продукт) шығармайтын бөлімшелерге бөлу, негізгі өнімді шығаратын бөлімшелерге қандай да бір базаға үйлесімді (пропорционально) қайта бөлу;
• үстеме шығынды негізгі өнімді шығарушы бөлімшелерге (өзіндік және қайта [бөлінген), өнім шығармайтын бөлімшелерге кандай да бір базаға үйлесімді (пропорционально) қайта бөлу.
Бөлудің бірнеше базаларын пайдалануда бұл әдістің мынадай кемшіліктері бар: математикалық қатенің пайда болу ықтималдығы жоғары; қосымша тапсырыстардың бағасын тиімді анықтау мүмкін емес, өйткені мұндағы әдісте барлық жанама шығын өзгермелі болады; ұйым қызметінің қандай сәтте пайда ала бастайтынын анықтаудың «мүмкін еместігі; басқарушылық шешімді қабылдаудағы әр түрлі баламаларды қарастыру барысында шығынның мінез-құлқы туралы аса қажетті мәліметтерді алудың қиындығы.
Пайда жанама салығы жоқ түсім мен өндірілген өнімнің толық өзіндік кұны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Өзгермелі (тікелей) шығын әдісінде толық емес өзіндік құнның есеп айырысуы (есебі) жүргізіледі. Ағымдағы шығындардың бір бөлігі (кезең шығындары) ескерілмейді және калькуляцияланбайды, залалсыздык нүктессіне қол жеткізуге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын. қол жеткізгеннен кейін - салық салуға дейінгі пайданы өзіне қосатын маржиналдық табыс есебінен жабылады. Мұндай әдіс директ-костинг негізінде жатады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 711 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі. | | | Тақырып Зиянсыздықты талдау |