Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаны қорғау бойынша өндірілетін шараларды экономикалық ынталандыру.

Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі. | Көміртегі | Көмірқышқыл газы | Атмосфералық ауа сапасының нормативтері | Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы | Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. | Су көздерін қорғаудың негізгі ережелері мен талаптары. | Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту. |


Читайте также:
  1. Автоматты реттеуіштің жеткілікті дәлдікпен реттелетін параметрдің шамасын белгіленген өзгеріс заңы бойынша ұстап тұру қабілеті.
  2. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау.
  3. Бағаның экономикалық теориясы. Бағаны анықтаудағы шығындар ақпаратының орны.
  4. Бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
  5. Бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату
  6. Бап. Таѕдаушылардыѕ шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатыныѕ ґкілеттігін тоќтату
  7. ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі залалдарға адамның шаруашылығының дамуы кезінде табиғи ортаның өзгеруі нәтижесінде нақты немесе мүмкін экономикалық және социалды шығындар жатады.

Мұнай өнеркәсібінде табиғи ресурстар шығындары есептелінетін және өтемді- есептелінетін болып жіктелінеді:

Есептелінетінге экономикалық шығындар жатады. Атап айтқанда, келесілер жатады:

- мұнайдың, ақаба сулардың төгілуі, газдардың лақтырылысы;

- ластануларды қалпына келтіруге кететін шығындар;

- экосистемадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге кететін шығындар;

- жабдықтардың жұмыс істеу уақытының бітуіне байланысты істен шығуына кететін шығындар.

Өтемді - есептелінетінге социалдық және экологиялық шығындар жатады.

Социалдық:

- адам организмінде потологиялық өзгерісткрдің, өлімнің көбеюі;

- адамдар мекендеген қоршаған ортаның сапасының төмендеуінен психологиялық шығындар.

Экологиялық:

- мұнайдың төгілуінен топырақтың, атмосфераның ластануы;

- ақаба сулардың төгілуінен топарақтың, қабат суларының ластануы;

- ластанулардан экожүйенің өзгеруі;

- өсімдіктердің немесе белгілі-бір жануарлардың жоғалуы.

Қоршаған ортаға келтіріліген экономикалық залал деп ластанулардың әсерінен қоршаған ортаның бүлінуі нәтижесіндегі нақты және мүмкін шығындардың мөлшерін айтады.

Табиғатты қорғау мекемесінің экономикалық тиімділігі жылдық экономикалық шығынның қоршаған ортаның ластануын болғызбау үшін жүргізілген шаралар қатынасы бойынша анықталады, немесе қоршаған ортанының ластануын болғызбау үшін жүргізілген шығындар мен осы шараларды жүргізу нәтижесінде өндірістік нәтижелердің өсуінен жылдық өсімдер қосындысын айтады.

Қоршаған ортанының ластануын болғызбау үшін жүргізілген шығындар шараларды жүргізгенге дейін және шарларды жүргізген соңғы қалдық шығындар айырмашылығы бойынша анықталады.

Қоршаған ортаны қорғау шарасының экономикалық тиімділігі мына формуламен анықталады:

Эқоқш=Σ ΔУ / З

 

Мұндағы, Эқоқш - қоршаған ортаны қорғау шарасының экономикалық тиімділігі;

Σ ΔУ – азайған шығындардың қосындысы;

З- табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырудың жылдық шығындары.

Өнеркәсіптің қоршаған ортаны қорғау үшін жүргізілетін шаралары көп шығындарды қажет етуі мүмкін. Мысалы, табиғатты қорғау үшін қажетті жабдықтар кен орнындағы барлық жабдықтардың 30 % -ын немесе одан да көп бағасын құруы мүмкін. Алайда қоршаған ортаны қорғау үшін кететін шығындар міндетті түрде болуы тиіс.

Суретте кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау үшін жүргізілген шараларының тиімділігі максималды. Бұл 4- экономикалық оптимум деп аталатын нүкте. Бұл нүктеде шығындар қосындысы табиғатты қорғау шараларына кететін шығындарға тең. Экономикалық оптимумды бір қалыпты ұстап тұру үшін табиғатты қорғау үшін жүргізілетін шаралар шығыны деңгейі валдық ұлттық өнімнің 8-10 % -ы шамасында болуы тиіс.Біздің елімізде шығындар мөлшері шамамен 8-9 %, табиғатты қорғау шығындары – тек 1% -ды құрайды. Егер осы жағдай өзгермесе, онда оның нәтижесіде экологиялық катострофа болады.

Экологиялық оптимумға (ШШШ нүктесі) жету үшін көп нәрсе керек. Осы кезде табиғатты қорғауға кететін шығындар мөлшері кейіннен залалдар болмайтындай болуы керек.

Табиғатты қорғау үшін жасалатын шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу оларды жүзеге асыру үшін қажетті шығындардар мен осы шаралардың нәтижесінде алынағн экономикалық нәтижелерді салыстыруға негізделген. Бұл нәтиже ресурсты жоғалту немесе бұзудың нәтижесінде болатын экономикалық шығындарды жою мөлшеріне байланысты болады.

Экономикалық нәтижелердің жоғарылауы табиғатты қорғау шараларын экономикалық тұрғыда тиімді жүргізілуін көрсетеді.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ыларды бұрғылағанда күкірт сутегін бейтараптандыру.| Экологиялық басқару негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)