Читайте также:
|
|
Ұңғыларды бұрғылау кезінде қоршаған орта және жер қойнауын қорғау ережелері, мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптің қауіпсіздік шаралары және ұңғыны жобалау үшін негіз болатын басқару құжаттары, инструкциялар, нормативтер, ережелер сақталуы тиіс.
Ұңғының құрылысы бекітілген техникалық жоба болған кезде ғана басталуы тиіс.
Ұңғының құрылысына арналған техникалық жобада «Игерудің бірыңғай ережелеріне...» сай амбары жоқ бұрғылау тәсілі қарастырылуы тиіс, бұл бұрғылау қалдықтарының жер қыртысын бөлінуін болғызбайды. Бұл бұрғылау операциясының барлық кезеңінде, яғни бұрғылау жұмыстары толық біткенше бұрғылау қалдықтарын жинайтын объектінің пайда болуына мүмкіндік береді. Уақытша қалдық сақтайтын амбарлардың құрылысы Мемлекеттік органдармен, соның ішінде Мемлекеттік тазалықты бақылау және Экология министрлігімен бірлесе отырып шешілуі тиіс.
Ұңғыны бұрғылау кезінде қоршаған ортаға зиян келтіретін негізгі әсер ету көздеріне бұрғылау және тампонажды ерітінділерді дайындауға қолданылатын химреагенттер жатады, сондай-ақ ақаба сулар,бұрғылау ерітіндісімен химиялық өңдеу кезінде ластанған бұрғылау шламдары, пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі, ұңғыны меңгеру кезінде алынған мұнай, ілеспе газ және дизелдердің жұмыс жасауы кезінде бөлінетін газдар жатады.
Бұрғылау ерітіндісін өңдеу кезінде қолданылатын химреагенттер, бұрғылау кезінде және оған дайындық кезінде жер қойнауын, су көздерін және атмосфералық ауаны қорғауға байланысты жұмыс көлемі және түрлері, техникалық жабдықтар ұңғының құрылысының Техникалық жобасында көрсетілуі тиіс.
Қоршаған ауаның ластануы іштен жанатын двигателдердің жұмысы кезінде, ұңғыны меңгеру өнімдерін және ілеспе газды факелдерде жағу кезінде, сондай-ақ ұйымдастырылмаған лақтырылыстар кезенде (айналымдық жүйедегі, шламды амбарлардың және ГСМ ыдыстарындағы улы қоспалардың кебуі, жуу сұйықтығын газсыздандыру кезінде, бұрғылау ерітінділерін хим. өңдеу кезінде, сондай-ақ мұнайгаз лақтырылысында, ашық фонтандау кезінде) болады.
Атмосфераға тасталынатын негізгі зиянды заттарға көмірсутектер (метаннан бастап полициклонды ароматты көмірсутектерге дейін), азот оксиді, көмірсутегі оксид, күкірт диоксиді, бензопирен, күкіртсутегі, меркаптандар, күлдер жатады.
Ұңғының құрылысының Техникалық жобасында кейін бұрғылау жұмыстары және ұңғыны зерттеу кезінде атмосфераның ластану көлемі және қалдық көлемі және т.б.анықталады.
Сондай-ақ сынақтық пайдаланудың жобасы кезінде ұңғыны сынақтық пайдалану кезінде қоршаған ортаға өнеркәсіп жұмыстарының зияны бағасы көрсетілетін "Сынақтық пайдалану кезеңінде қоршаған ортаға әсер ету бағасы» Жобасы жасалуы тиіс.
Ұңғыны сынау кезінде атмосфераға зиянды заттардың лақтырылысын азайту шаралары геологиялық-техникалық және мереорологиялық жағдайлар ескеріліп, әрбір ұңғыға жеке жасалынған жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Бұрғылау кезінде жабдықтардың саңылаусыздығы үнемі тексеріліп отыруы тиіс.
Өнімді қабаттарды ашқан кезде мұнайдың лақтырылысын болғыздау үшін қабат қысымынан жоғары ұңғыда қарама-қарсы қысым болуы тиіс. Сондай-ақ ұңғының сағасында мұнай мен газдың лақтырылысн ұстап қалатын лақтырылысқа қарсы жабдық орнатылады. Сондай келесідей шаралар ұйымдастырылуы тиіс:
Атмосфераға тасталынатын лақтырылыстары аз құрылыс жабдықтарын және жабдықтарды қолдану тиіс.
Мұнай өндірісін лақтырылысқа қарсы жабдықтар мен фонтандауға қарсы қорғану комплектерімен жабдықтау керек.
Атмосфераға көмірсутектердің кебуін азайтатын мұнай өнімдері жабдықтарын барлық резервуарларда қолдану.
Мұнайды айыру және жинау жүйесінің жабық түрін қолдану.
Тұрмыстық қажеттілікке газды жартылай қолдану.
Бұрғылау қондырғыларында жұмыс істеу аймағындағы зиянды заттардың болуын бақылау талаптарға сәйкес жүргізіледі, яғни күкірсутегісі бар өнімді қабаттарды ашу және олардан өту кезінде, ұңғыда газ лақтырылысы болған кезде жүргізіледі.
Ауаның шектік қажетті шамадан артық шаңмен ластанун болғызбау үшін ұңғыны бұрғылау кезінде технологиялық процестердің шаңытуын төмендететін және шаңды азайтатын шаралар жүргізілуі тиіс. Грунтар мен тасты материалдарды игеру кезінде шаңдың бөлінуін азайту үшін игеріліп жатырған жерді су шашу арқылы болдырмауға болады.
Мұнай және мұнай өнімдері табиғи қоршаған ортаға әрдайым таралып отырады. Өйткені, қазіргі кезде адам қызмет ететін шаруашылықтардағы олардың қолданбайтын жері жоқ. Адам қызмет етпейтін облыстарда көмірсутектер ауа-сулы ағындармен тасымалданады.
Табиғи қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен семпакті ластануы актуальды тәжірибелік маңызға ие.
МӨЗ-дағы құнарлы қабатта негізгі потенциальды ластаушы көзі болып мұнай тізбектері, мұнай және мұнай өнімдері резервуарлары табылады.
Мұнай тізбектері және мұнай өнімдері тізбектері құнарлы қабаттарды құбырлар зақымданған немесе коррозияға ұшыраған кезде ластайды.
Технологиялық қондырғылар-сыйымдылықтардың гермитикасының бұзылу нәтижесінде болатын шығындар, аппараттардан қайтадан құю, құбыр тізбектерінің зақымдануы мен коррозияға ұшырауы, авариялар, канализациялардың тасып кетуі.
Тауарлы-шикізат парктері-резервуарлардың гермитикасының бұзылу нәижесінде болатын мұнай өнімдерінің төгілуі, құбырлардың механикалық зақымдануы, құбырлар коррозиясы.
Тазарту қондырғылары-авариялар, құбыр тізбектерінің қосылыстарының гермитизациядан айырылуы, канализациялы құбырлардың механикалық зақымдануы.
Ең таралған және басқаруға қолайсыз ластаушы көз-шикі және тауарлы мұнай айдалатын құбыр тізбектері.
Мұнай және мұнай өнімдерінің құнарлы қабаттағы ағындары көрінетін және көрінбейтін болуы мүмкін. Көрінетін ағындарды визуальды байқау,а болады, ал көрінбейтін ағындар көбінесе жер бетінен тереңде өтіп жатқан құбыр тізбектері аварияға ұшыраған кезде болады.
Жасырын ластануды өсімдік жамылғысының түр өзгерісінен байқауға болады: шөпті өсімдіктердің сарғайуы, ағаштар мен бұтақтардың қурауы.
Құнарлы қабаттардың ластануының өсуі қабаттардың химиялық құрамының, физикалық, биохимиялық, микробиологиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.
Жер беті табиғи ортаның қалпына келуі қиын компоненті болып есептелінеді, сондықтан да бұрғылау жұмыстары кезінде жер беті қабығын сақтау оны қорғаудың басты міндеті болып есептелінеді.
Бұрғылау кезінде, мұнараларды көшіру кезінде уақытша жолдардың пайда болуы кезінде жерді рекультивациялау жұмыстары ұңғының құрылысы жобасы негізінде бұрғылау кәсіпорны орындайды. Бұрғылау кезінде жер беті қабатын алу, оны сақтау, жинау жұмыстары тапсырыс берушінің, бұрғылау кәсіпорнының және жерді пайдаланушының, жер құрылысы қызметі және қоршаған ортаны қорғау комитеті маманының қатысуымен жүргізіледі.
Ұңғының құрылысы жұмысы біткен соң бұрғылауды орындаушылар ұңғыны және тапсырыс берушіге рекультивацияланған дайын жер учаскесін тапсырады, оған сәйкесінше акті толтырылады.
Мұнай кен орындарын игеру және бұрғылау кезінде зерттеу нәтижелері көрсеткендей жер қойнауының экологиялық тепе – теңдігі бұзылады. Мұнай кен орындарыфнда ұзақ уақыт бойы су айдау кезінде айдалынатын су көлемі көбейген жағдайда қабат суының минералдануы және хлорлану концентрациясы тез азаяды, сульфаттардың концентрациясы ұлғаяды. Мұнай кеніштеріндегі биохимиялық процестердің өсуі нәтижесінде мұнай құрамында, қабат суы мен газында күкірттің көбеюіне әсер етеді, нәтижесінде қабаттың өткізгіштігі азаяды. Бұл процесс айдалынатын су ретінде құрамында сульфаттар бар минералдануы аз және ауыз суын қолданған кезде тез ұлғаяды.
Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту. Бұрғылау ағынды суларын тазартудың гидроциклондық тәсілі. Ұңғыны жабуда пайда болатын ластану және оны жою шаралары.
Ұңғыларды бұрғылау кезінде жер асты суларын ластау көздеріне келесілер жатады:
- Бұрғылау қалдықтары;
- Ұңғыны сынау қалдықтары;
- Бұрғыланған жыныстар;
- өңделінген бұрғылау ерітіндісі;
- химреагенттер;
- қабат флюидтері.
Табиғи сулардың ластануын болғызбау үшін бұрғылау қалдықтары тазалық-эпидеологиялық және экологиялық заңдылықтарға сай арнайы қондырғыларда сақталуы тиіс. Бұрғылаудан кейінгі ақаба суларды ұңғының құрылысы жобасында қарастырылған тазалаудан өткен соң кейінгі технологиялық процестерде тағы да пайдалануы тиіс.
Өнімді қабаттарды бұрғылаған соң бұрғылау қалдықтары жеке ыдыстарға жиналып, бейтараптандырылады, содан соң қалдықтарды жинауға арналған объектіге жеткізіледі.
Жер асты және жер беті суларын ластанудан қорғайтын келесідей шаралар ұйымдатырылады:
- Мұнайды бастапқы тазалау кезінде қалдық аз қалатын технологияны қолдану;
- Табиғи және өндірістік ақаба суларды тазалау, бейтараптандыру, қайталап қолдану, нормативті талаптарға сай қажат жағдайда жою;
- Ұңғыларды горизонттардан өткізу кезінде өзара байланыстың болбауын қатаң бақылап отыру;
- Бұрғылау ерітіндісін дайындау кезінде компоненттердің нақты және дәл қосуын қадағалау;
- Регламенттегі бұрғылау ерітіндісінің орнына басқа қосымша реагенттерді қолданбау;
- Арнайы бригаданың көмегімен төгілген мұнайды тез жинап алу;
- Ұңғыны бұрғылау кезінде өндірістік және басқа да су қалдықтарын жинау, бейтараптандыру және жою шараларын жасау;
- Қызмет етіп жүрген жұмысшылардың экологиялиялық жоғары тұрмысын қамтамасыз ету.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Су көздерін қорғаудың негізгі ережелері мен талаптары. | | | Ыларды бұрғылағанда күкірт сутегін бейтараптандыру. |