Читайте также:
|
|
Интернатурада оқу мерзімі – 42 апта (1260 сағат)
Бақылау түрі:
Ағымдық бақылау (формативті): тест сұрақтары, жазбаша/ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тәжірибелік дағдыларын қабылдау, тапсырманы орындау нәтижелерін тексеру және т.б., кіші топпен жұмыс кезінде топтық және өзіндік бағалау.
Аралық бақылау (суммативті): Қорытынды сабақтарда бақылау – MCQ, EMI, SAQ, SAS, SEQ, LEQ. Қорытынды бақылауда суммативті баға – ағымдық үлгерімнің орта балының 40%-нан, СӨЖ тапсырмасы балының 10%-нан және қорытынды сабақ балының 10%-нан құралады (жалпы 60%). Электрондық журналға енгізіледі.
Қорытынды бақылау (суммативті) –емтихан, оған: қорытынды тестілеу, клиникалық емтихан жатады және ағымдық бақылау мен аралық бақылау ескеріледі.
Интерн портфолиосын қорғау (күнделік, орындалған және меңгерген машықтардың және дағдылардың тізімі, рефераттар, клиникалық талдаулар, кезекшіліктер, интерннің ҒЗЖ, оқыған және қарастырған әдебиеттердің тізімі) -қорытынды аттестацияға рұқсат.
Жұмыс аптасы - 5 күн (30 с.).
Оқу түрі. Интернатурада дайындау кезінде 2 түрлі қызмет қарастырылған: оқытушының жетекшілігімен тәжірибелік сабақтар және интерннің өзіндік дәрігерлік қызметі.
Тәжірибелік сабақтар :
- Науқастарды курациялау;
- Медициналық құжаттарды жүргізу;
- Емдеу-профилактикалық ұйымның түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеу (балалар бөлімшесінде, қабылдау бөлімінде, стационарда т.б.)
- Таңертеңгі дәрігерлік конференцияларға, қарауларға, консилиумдарға, клиникалық талдауларға, патанатомиялық конференцияларға қатысу, кезекшілікке тұру;
- Тақырыптық науқастарды талдау;
- Шағын топтарда жұмыс істеу;
- Талдау немесе патанатомиялық конференция үшін клиникалық жағдайды презентациялау;
- Сырқатнамаға пікір білдіру;
- Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және семинарларға қатысу;
- Рөлдік және топтық ойындарға қатысу;
- Жобалы оқыту әдісін қолдану.
Дәрігер-интерннің өзіндік жұмысы:
- Профильдік бөлімшелерде науқастарды курациялау;
- Емдеу-профилактикалық ұйымның түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеу;
- Оқу-ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу;
- Сырқатнама жазу;
- Презентация дайындау;
- Оқу-клиникалық орталықта фантом және муляждарда машықтарды бекіту;
- Портфолио құрастыру;
- Жобалар дайындау (аналитикалық матрица).
ДӘРІГЕР ИНТЕРН-ПЕДИАТР ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАР КЕСТЕСІ
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шымкент 2015ж. | | | Дәрігер интерн-педиатрдың құзыреттіліктерінің тізімі |