Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау.

Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс. Өзге реттерде терiске шығару тәртібін сот белгiлейдi. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды. Азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуынан өзiне келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, осы баптың азаматтың iскерлiк беделiн қорғау туралы қағидалары тиiсiнше заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға да қолданылады. Заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға осы Кодексте белгiленген тәртiппен залалдың орнын толтыру туралы қағидалар қолданылады.Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келісімiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімiмен жариялануы мүмкiн.

Өз бейнесiне құқық. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келісімiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келісімiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келісімiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келісімiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келісім талап етiлмейдi.

Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы. Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп кiрудiң кез келген әрекетiн тыюға құқығы бар.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 501 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жемiстер, азық-түлiк және табыстар.| 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)