Читайте также: |
|
Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.
Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:
• жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
• жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
• көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
• жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизі тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
• экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.
Жоспарлау дегеніміздіңөзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Баға белгіленімі бойынша шешімдерге әсер ететін негізгі факторларды көрсету
2. Шығындар-қосу баға белгіленімін қолдану
3. Мақсатты баға белгіленімін қолдану
4. Қандай жағдайларда арнайы баға белгіленімі қолданылатынын түсіндіру.
Ұсынылған әдебиеттер:
1А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009 ж. *
2Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж.*
3Тайғашинова Қ.Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.*
Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие/ Алматы: LEM, 2010 г.*
4Төлегенов Э.Т. “Басқару есебі”. Алматы,2006 ж.
5Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ (электронный ресурс). Учебное пособие – электронная приклодная программа (50,2 Мб)/ Алматы: Нур-пресс, 2008 г.*
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Есеп және статистика»факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Практикалық (семинар) сабақ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
«UU 3302 Басқару есебі» пәні бойынша
«Есеп және аудит» 5B050800 мамандығы
Алматы, 2012
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Бақылау сұрақтары мен талқылауға арналған тапсырмалар
1.Басқару есебі нені оқытып үйретеді?
2.Басқару есебінің мәні, маңызы неде?
3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттерін қалай түсінесіз?
4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптерін анықтаңыз.
5. Ұйымның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің алатын орыны қандай?
6. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы дегеніміз?
7. Қабілетті инженер-электроншы Марат Құдайбергеновке өндіріс басқарушысының көмекшісі ретінде жоғарлатқалы жатқанын айтты. Марат бірсәтте қуанды да алаңдады.
Негізінде оның бухгалтерлік есеп танымы онша терең емес еді.
Ол «Қаржылық есеп» курсын оқыған, бірақ басшылықта тағайындалған басқару есебінің курсын алмаған еді.
Сондықтан да Құдайбергенов басқару есебі курсына тезірек жазылуды жоспарлады. Ал әзірше бас бухгалтердің көмекшісі Таушан Айдананы оған қаржылық және басқару есебінің негізгі 3 немесе 4 айырмасын анықтап беруді және оған кейбір нақты мысалдар келтіруді өтінеді.
Практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
1-6 тапсырмаларға берілген материал және бірінші тақырып бойынша дәріс және соған ұсынылған әдебиеттер негізінде жауаптар беру.
7 тапсырманы орындау кезінде бас бухгалтердің көмекші ретінде Құдайбергеновке жазбаша түрде жауап жазыңыз.
Тақырып 2. Шығындардың жіктелуі
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жоспарлы калькуляция 13 страница | | | Тапсырма № 3. |