Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде, әсіресе, Маңғыстау мен Үстірт аймақтарында адам бойынан биік әр түрлі тас бағаналар, тас саңырау-құлақтар, тас шарлар өрген қойдай жайылып жатыр. Олар көбінесе тасқашалау (корразия) мен үрлену (дефляция) әрекетінен пайда болған. Жел айдаған миллиондаған құм түйірлері көбінесе жердің бетінен 1-2 м биіктікте ұшады. Сонда жартастардың сол деңгейдегі жатқан іргетасын жел құм түйірлері арқылы қашап, жонып, тырнап, қырып, бұзып айдап алып кетіп, ұсатып кейін эолдық "тас бағаналар", дөңгелек келген тасберіштер (конкрециялар), "тас мұнаралар" немесе тасты саңырауқұлақ сияқты ерекше бедер пішіндерін құрайды. Сөйтіп желмен ұшқан құм түйірлері жартасты тау жыныстарымен жанасып, абразиялық материал ретінде олардың сыртын өндеп, механикалық әсер етеді.Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен құрылысына тығыз байланысты. Жел өзінің табиғи әрекетіне орай нығыздығы шамалы икемді тау жыныстарына ықпал етіп, яғни құм және құмайт түйірлерін үргілей отырып, олардан неше түрлі қуыс, терең айғыз шұңқырлар қуыстарды, әр тереңдікті және әр көлемді шұңқырларды қашап шығарады. Мұндай жерлерде берік тау жыныстарынан құралған неше түрлі жануарларды, отырған қүсты, басынан дулығасын шешпей ұйықтап жатқан алпауытты, сақалы ұлысқан шалды, шөккен түйені, қақпа-дарбазаны, қамалдарды т.б. елестетін мүсіндер түзеді.Желдің осылайша қатты, берік тау жыныстарды бөліп қақпалау әрекетін эолдық қашалау (препарировка) деп атайды.

Дәріс. Теңіз жалғаулық процестер мен бедер пішіндері

14.1. Жаға туралы түсінік

14.2. Абразия ұғымы

14.3. Теңіз террасалары

Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері.

Жаға туралы түсінік

Жаға - құрлық пен теңіздің шекарасы. Бұл шекара картада сызық арқылы көрінгенімен, шындығында құрлық пен теңіздің өзара қарым-қатынасы эрекетінен пайда болған жағалық белдем.

Жағалық зона өз жағасынан, яғни оның суға дейінгі бөлігі және су түбіндегі жағалық беткейден құрылады. Жағалық белдемінің құрылуы алдьшен теңіз толқындарының әрекетіне, ал толқын ағыстары тектоникалық қозғалыстар мен жағалық зонаның геологиялық құрылысына, онымен бірге теңіз көтерілуі мен оның қайту құбылыстарына байланысты.Жағалық зонаның төменгі жэне жоғарғы шекаралары толқындардың жағамен динамикалық байланысу ықпалымен шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын ұзындығының жартысындай терендікте немесе толқындардың деформация түзілген терендігінен басталады. Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу

Абразия

Теңіздің киратқыш эрекеті абразия деп аталады. Оның үш түрі бар - механикалық, химиялық және термиялық абразия. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып үгілуі. Оны толқынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсендеп, биіктігі артады да, жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағалауға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2-ге асатын толқынның гидравликалық соққысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шомбал кесек тау жыныстары бөлшектерінің соққысынан тұрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық жэне термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.Химиялық абразия судың химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық тау жыныстарының еруі нәтижесінде жүзеге асады. Әсіресе жаға жиегі карбонатты тау жыныстарынан құрылса, онда химиялық абразия (карст процестері) қарқынды түрде жүреді.Термиялық абразия - тоң тау жыныстарынан құрылған жағалардың мұзын теңіз суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.Тау жыныстарының үгілуіне теңіз хайуанаттары мен өсімдіктері де ықпал етеді.Ал механикалық абразия туралы айтсақ, қатты дауыл кезіңде толқынның күші жағадағы тау жыныстарына орасан зор гидравликалық әсерін тигізеді. Соның нәтижесіңде жағалық зонада салынған құрылыстар көп жағдайда қирап, халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Толқын соққысы әсіресе жағадағы құламалы жар қабаққа ықпал етіп, алдымен жарықшақты тау жыныстарын бұзады. Толқынмен ілескен тау жыныстары сынықтарының қиратқыш күші бірнеше есе арта түседі. Содан жар қабақгың етек тұсынан баурай шұңқыр (волноприбойная ниша) түзіледі де, жоғарыдағы құз-жары оның үстінен төніп тұрады. Баурай шұңқыр құрлыққа қарай кеңи келе үстіңгі жар қабақ опырылып құлайды да, қайтадан тік жар - клиф түзіледі (101-сурет). Осы процесс сан рет қайталана келе жар құрлыққа қарай шегіне береді, оның орнында теңізге қарай сәл еңкіш келген тегіс бетті абразиялық терраса бенч қалыптасады.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 432 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны| Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)