Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер

Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар. | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі | Дәрілік және қосалқы заттар | Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы | Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі | Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар | Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. | Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  3. Бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама
  4. Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру
  5. Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу
  6. Бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау
  7. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

ӨНДІРІСТІК ИНСТРУКЦИЯ-өндірістің процестің белгілі бір бөлігін регламенттейтін, өнеркәсіптің стандарт статусына ие нормативтік документ.

ПРОЦЕСС-өнім өндіру үшін жүргізілетін істер ретінің жиынтығы.

Технологиялық процесс-дайын өнім алуға бағытталған ғылыми негізделген өндірістік процестің бөлігі. Технологиялық процесс бір-біріне жалғаса жүретін өндіріс сатыларынан тұрады.

өндіріс сатысы-аралық өнім жартылай фабрикат (дайын өнім) алуға бағытталған технологиялық операциялар жиынтығы.

Технологиялық операция-негізгі қондырғылардың бірімен жабдықталған технолоиялық процестің бір бөлігі.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР-технологиялық процесті жүргізуге арналған өндіріс жабдықтарының жиынтығы.

ШЫҒЫН НОРМАСЫ-өнім бірлігін дайындау үшін қажет шикізат, материалдар жартылай фабрикаттардың максимальды қажет мөлшері.

АРАЛЫҚ ӨНІМ-технологиялық процестің соңғы сатысынан басқа кез-келген сатысында алынатын, дайын өнім алу үшін әрі қарай өңдеуден өтетін жартылай өңделген өнім.

ЖАРТЫЛАЙ ӨНІМ-дайын өнім өндірісі үшін бір немесе бірнеше өңдеуден өткен өндіруші-өнеркәсіпке жеткізілетін өнім.

ҚАЛДЫҚТАР-дайын өнім алу үшін сәйкес қайта өңдеу қажет етерлік бастапқы шикізататрдың, материалдық немесе жартылай фабрикаттардың модфицирленген немесе кондиционды қалдығы.

ДАЙЫН ДӘРІЛІК ҚҰРАЛ СЕРИЯСЫ-бастапқы заттардың, материалдың немес жартылай фабрикаттардың бір сериясынан бір технологиялық процессте алынған дәрілік препараттар бірлігінің жиынтығы.

Валидация (validation) - қондырғылар, өндіріс жағдайы, технологиялық үрдіс, жартылай өнім және дайын өнім сапасы, қолданыстағы регламентке (немесе нормативтік құжат талабына) сай екенін құжат түрінде нақтылау.

СЕРТИФИКАТ-дәрінің спецификалығына қойылған талаптарға, ал өндірістік процесс-GMP-надлежащая производственная практика ережелеріне жауап беретін жазбаша куәлік (гарантия)

ТҰРАҚТЫЛЫҚ дәрілік препараттың, оны даярлаған кезінен бастап белгілі бір уақыт аралығында өзінің физикалық-химиялық және фармакологиялық қасиеттерін сақтау қасиеттері.

ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ дәрілік препараттың физика-химиялық, фармакологиялық және емдік әсерін өзгертпей белгілі бір мерзім аралығында немесе бекітілген шекте (сақтау шарттарын орындай отырып) сақтау мерзімі. Арнайы зерттеулер нәтижелері негізінде заңды органмен бекітіледі.

Ауыз қуысының шырышты қабатының тамыр қабырғаларының өткізгіштігін және қабыну үдерістерін төмендетуге арналған дәрілік заттар

Стоматит, гингивит, хейлит, глоссит, пульпиттерді емдеуде жергілікті: (ферменттер, глюкокортикодтар және қабынуға қарсы стероидты емес заттар, майлар, резорбтивті заттар) наркотикалық емес анальгетиктер, витаминдер, кальций тұздары қолданылады.

3.1. Ферменттік препараттар

Ируксол - ауыз қуысының эрозивті ойық - жаралармен зақымдалуында, жазылмайтын жараларда, абсцедирлеуші пародонттың қабыну ауруларында қолданылады.

Гиалуронидаза - созылмалы қабыну ауруларында қолданылады: контрактурада, күйіктерден кейінгі тыртықтарда.

Трипсин, химотрипсин - ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуында, пародонттарда, остеомиелиттерде, іріңді жараларда қолданылады.

3.2. Стероидтық қабынуға қарсы дәрілік заттар

Глюкокортикодтар қабынуға қарсы әсері жоғары заттар, олар қабынудың барлық фазаларына әсері зор.

Глюкокортикоидтар қабыну ошағына моноциттердің өтуін шектейді, фибробластардың бөлінуін теже, антипролиферативті әсер көрсетеді, яғни тіндерде тыртықты болдыртпайды. Негізгі препараттар: гидрокартизон, метилпреднизалон, триамциналон, флуметазон жергілікті қолдану үшін.

Преднизолон-гемисукцинат шокта, коллапста, жедел жүрек жеткіліксіздігінде, ауыр аллергиялық үдерістерде қолданылады.

Синалар және флуцинар ьөменгі концентрацияларда әсер етіп, жергілікті қолданғанда нашар сіңіріледі. Синаларды жергілікті қолданғанда 40-есе гидрокартизоннан белсендірек болып келеді. Ауыз қуысының шырышты қабатының инфицирлену жағдайында құрамында 0,25% синалар және 0,5% неомицин сульфаттан тұратын синалар майы қолданылады.

3.3. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар

Стеродты емес қабынуға қарсы заттардың үш негізгі фармакологиялық қасиеті бар, олар қабынған тіндерде циклооксигеназанды тежеп, простогландиннің синтезін төмендетеді.

Ацетилсалицил қышқылы - қалтырау жағдайында, ауырсыну, невралгия және жақ - бет аймағының қабынулы ауруы және ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну ауруларында қолданылады.

Диклофенак – пульпит, периодонтит, пародонтит, ауыз қуысының шырышты қабатының және терінің қабыну ауруларында, жарақаттан кейінгі ауырсыну синдромы кезінде, самай-төменгі жақ буынының артроздары және артриттер кезінде қолданылады.

Индометацин - самай - төменгі жақ буынының артроздарымен артриттерін емдеу үшін қолданылады. Невралгия, миалгия, ауыз қуысындағы тіндердің қабынуларын емдеуге қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 313 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бейорганикалық электролиттер| Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)