|
Сұйылтылған суспензияларда құрылымының жоқ болуы және концентрленген суспензияларда олардың болуы, осы жүйелердің қасиеттерінде айтарлықтай ерекшелікті көрсетеді. Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттеріне тоқталайық. Сұйылтылған суспензиялардың лиозольдерден дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемімен ерекшеленетінін айтып кеткен едік. d-10-5 – 10-2см d -10-7-10-5см Бұл қасиеттердің қандай сапалық өзгерістеріне алып келетін екен? Соны қарастырып көрейік.
Сұйылтылған суспензиялардағы агрегаттық тұрақтылық.
Суспензиялардың агрегаттық тұрақтылығы – бұл уақыт бойынша дисперстілік дәрежесінің, басқаша айтқанда бөлшектер өлшемі мен олардың жеке қасиеттерінің өзгеріссіз сақталу қабілеті. Сұйылтылған суспензиялардың агрегаттық тұрақтылығы лиофобтық зольдердің агрегаттық тұрақтылығына ұқсас болады. Бірақ суспензиялар агрегаттық тұрақтылығы жоғары жүйелер болып табылады, өйткені өте ірі бөлшектерге ие, соған сәйкес еркін беттің энергиясы аз болады. Суспензиядағы агрегаттық тұрақтылықтың бұзылуы кезінде коагуляция, дисперстік фаза бөлшектерінің жабысуы төмен болады. Коагуляция- бұл өз бетінше өтетін процесс, өйткені, ол фаза аралық беттің азаюы есебінен жүйенің еркін энергиясының азаюымен болады Бұл процесс лиозольдерде өтетін процеске ұқсас, онымен қоса лиозольдер коагуляциясы суспензиялардың пайда болуына әкеледі және одан ары да жүре келе тұнбаның пайда болуына әкеледі. Бұл тұнба көбінесе, концентрленген суспензия (қойыртпақ), басқаша айтқанда қасиеттері басқа бөлімде қарастырылатын құрылымдық жүйе болып табылады. Суспензияның агрегаттық тұрақтылығына қол жеткізу үшін берілген екі шарттың кем дегенде біреуін орындауы қажет: дисперсиялық ортаның дисперсті фазасының бөлшектернің беттеріне жұғуы; стабилизатордың (тұрақтандырғыштың) бар болуы Бірінші шарт. Егер суспензия бөлшектеріне дисперсиялық орта жақсы жұқса, онда олардың беттерінде серпімді қасиеттеріне ие және ірі агрегаттардағы бөлшектердің байланысуына қарсыласатын сольваттық қабат түзіледі.Бөлшектердің жақсы жұғылуы полярлы сұйықтар үшін полярлы бөлшектерде және полярлы емес сұйықтар үшін полярлы емес бөлшектерде байқалады. Сольваттық тұрақтылық механизмі бар (стабилизаторсыз) агрегаттық тұрақты суспензиялардың мысалы ретінде кварцтың судағы суспензиясын және бензолдағы күйенің суспензиясын айтуға болады. Кварц суда, ал күйе бензолда жақсы жұғады, бұл суспензиялар үшінші компонентсіз, яғни (стабилизаторсыз) агрегаттық тұрақты болады. Егер жұғуды болдырмай дисперсиялық ортаны ауыстырса, онда агрегаттық тұрақсыз жүйе алынады, яғни күйе бөлшектеріне жұғылмайды, гидраттық қабат пайда болмайды және қорғалмаған бөлшектер бір – бірімен оңай байланысады. Екінші шарт. Егер суспензия бөлшектерінде дисперсиялық орта нашар жұқса, онда стабилизаторды қолданады. Стабилизатор – бұл дисперстік жүйеге қосқанда оның агрегатты тұрақтылығын жоғарылататын, басқаша айтқанда бөлшектердің бірігуіне кедергі жасайтын зат.
Стабилизатор ретінде суспензиялар үшін
-кіші молекулалық электролиттер.
-Коллоидтық БАЗ
-ҮМҚ қолданады.
50.Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады.
Эмульсиялардың жіктелуі.Әдетте эмульсияларды екі көрсеткіші бойынша жіктеледі: Дисперстік фазаның коцентрациясы бойынша (Cd): сұйылтылған (Cd≤0,1%); концентрлі (0,1%)≤Cd<74%); жоғары концентрлі (Cd>74%). Дисперциялық ортаның және дисперстік фазаның полярлығы бойынша: I текті (тура) эмульсиялар – М/С; II текті (кері) эмульсиялар – С/М; Кез - келген полярлы сұйықтықты С, ал полярсыз сұйықтықты М май деп белгілейді.Бірінші текті эмульсияларда полярсыз сұйықтық (М) тамшылары полярлы (су) сұйықтықта таралған, керісінше ІІ – текті эмульсиялардың ортасы полярсыз сұйықтық болады.
Эмульсияның дисперстілігі. Эмульсияның дисперстілігі дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдерімен анықталады. Егер эмульсия полидисперстік болса, онда оларды сипаттау үшін бөлшектердің өлшемдері бойынша таралуын, көбінесе гистограмма түрінде көрсету керек.
Уақыт бойынша тұрақтылығы. Әдетте тұрақтылық екі өлшемнің біреуімен – эмульсияның бөліну жылдамдығымен және жеке тамшылардың басқалармен жанасу өмір сүру уақытымен сипатталады. Эмульсияның бөліну жылдамдығын эмульсияны алғаннан соң белгілі бір уақыттан кейін бөлінген фазаның биіктігін (көлемін) өлшеу арқылы анықтайды. Жеке тамшылардың өмір сүру уақытын фазааралық шекараға орналастырылған тамшыларды макроскопиялық байқау жолымен анықтайды. Мысалы, май тамшысын фазааралық шекараға су жағынан жақындатады. Содан соң оның май фазасымен біріккен уақытын өлшейді. Көбінесе эмульсиялардың бірінші сипаттамасы қолданылады.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 527 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар | | | Эмульсияларды алу әдістері |