Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі

Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар. | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі | Дәрілік және қосалқы заттар | Бейорганикалық электролиттер | Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар | Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. | Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

1. Сұйық дәрілік түрлерді салмақтық-көлемдік тәсілмен дайындағанда "құйып қоюға" арналған бөліктерге бөлінген өлшегіш ыдыстар (өлшегіш колбалар, цилиндрлер, мензуркалар, бөліктерге бөлінген пробиркалар) және "құйып алуға" арналған МЕМ стандартқа сәйкес қалыпталған өлшегіш ыдыстар (дәріхана бюреткалары, тамшы өлшегіштер мен пипеткалар) қолданылады.
2. Құрастырудың алдында бюреткалардың, пипеткалар мен тамшы өлшегіштерінің барлық рәзеңке және шыны бөліктері мұқият жуылып, қолданымдағы нұсқаулық талаптарына сәйкес дезинфекцияланады.
3. Дәріханалық бюреткаларды, пипеткалар мен тамшы өлшегіштерді Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 25 наурыздағы N 9 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1818 тіркелген "Дәріханалық ұйымдардың құрылғылары, жабдықтары және пайдаланудың" санитарлық ережелері мен нормалардың талаптары сақталуға тиіс.
4. Бюреткалық қондырғыдағы толатын түтіктер сулы бөліністерді дайындауға арналған концентрациялық ерітінділермен, тұнбалармен, экстракттармен (концентраттармен) толтырылады. Олардың толтырылуының дұрыстығын қолданымдағы нұсқаулық талаптарына сай сапалы химиялық анализ арқылы тексереді.
5. Аз көлемдегі сұйықтықтарды диаметрі кішкене бюреткалармен, пипеткалармен өлшейді.
6. Бюреткалар мен пипеткалардағы түссіз сұйықтықтардың деңгейін жоғарыда көрсетілгендей боялған астыңғы мениск бойынша белгілейді.
7. Пипеткалар мен бюреткалардағы сұйықтықтарды толық төгеді, сұйықтық толық аққаннан кейін де 2-3 секөнттей күтеді.
8. Сұйықтықты түрлі бөліктер бойынша өлшеуге жол берілмейді. Тұтқыр және ұшпа сұйықтықтар мөлшерлеудің үлкен қателігінен аулақ болу үшін көлемі бойынша өлшенеді.
9. Ұшы сынған, сондай-ақ кенерелерінің ішкі беті нашар суланатын бюреткаларды, пипеткалар мен тамшы өлшегіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
10. Сұйық дәрілік заттардың аз мөлшерлері (1 л немесе 1 г төмен) тамшылар арқылы мөлшерленеді. Стандартты тамшы өлшегіштер болмаса (МФ) соңғысы тиісті сұйық дәрілік заттың 20 тамшысын бес мәрте өлшеу жолымен қалыпталған эмпирикалық тамшы өлшегіш - пипеткамен ауыстырылуы мүмкін.
11. Тамшы өлшегіш бекітілген штангластың (сауыттың) заттаңбасында дәрілік заттың атауы, 1 мл-дегі немесе 1 г-дағы тамшылар саны және стандартты тамшы өлшегіштегі 1 тамшының стандарттық емес тамшы өлшегіштегі тамшылар санына қаншалықты сәйкес екендігі көрсетілуге тиіс.
12. Дәріхана пипеткалары 1-ден 15 мл-ге дейінгі аздаған мөлшердегі сұйықтықтарды өлшеуге арналған. 3; 6; 10 және 15 мл сыйымдылықтарда шығарылады. Оларға 100 және 250 мл штангластар, 7,5; 15 және 30 мл рәзеңке баллондар қоса беріледі.

31.Ерітінділер — кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газтәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбағатүседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарғаыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздердің, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады.

Ерітінділер. Ерітінді дегеніміз ең кемінде екі компоненттен тұратын бір текті жүйе. Ерітінділердің ең маңыздысы сұйық ерітінділер, демек газ, сұйық және қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі.

· Әрбір ерітінді еріген зат және еріткіштіен тұрады. Еріткіш деп ішінде еріген зат молекула, не тіпті ион түрінде біркелкі болып араласатын ортаны айтамыз. Кей жағдайда компоненттердің қайсысы еріген зат, қайсысы еріткіш болып саналады. Егер ерімес бұрын екі компонентте бірдей агрегаттық күйде болған болса, онда қайсысының мөлшері көп болса соны еріткіш дейді.

 

33.Мацерация – экстракциялаудыңстатистикалықәдісі. Ұсақталғанөсімдікшикізатынеріткішкесалып, біраптағақойыпқояды. Шикізаттысығыпалып, алынғансығындыныңкөлемінөлшепалады.

Ремацерациянемесебөлшектік мацерация – мацерацияныңбіртүрі. Экстрагентті 3-4 бөліккебөліпалып, біртіндеп 1,2,3,4 бөліктерінкезектестіріп, тұндырады. Сығындынытөгіптастайды.

Перколяция – тұндыру. Экстрагенттішикізатағысыарқылыүздіксізөткізу. Настойкаларүшіншикізат пен дайынөнімніңарасындағы масса-көлемдіқатынастән. Улыемесөсімдіктерденнастойкаларды 1:5, ал улыөсімдіктерден 1:10 қатынасындадайындайды

34. Экстракттар (extractum) – дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сұйық дәрілік форма. Консистенциясына байланысты экстракттар сұйық, қою, құрғақ болады. Сұйық экстракттар - құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдік шикізатынан бөлініп алынған, боялған сұйықтықтар. Тұтқыр қою экстракттар - 25% аспайтын ылғалы бар созылмалы мас-са. Құрғақ экстракттар – құрамында ылғалдылығы 5% аспайтын шашылмалы масса. Экстрагент ретінде -70% этанол, су, май, және т.б. болады.

Экстракттарды дайындау технологиясы: экстракциялау, алынған қоспаны тазарту, буландырау, кептіру, стандарттау.

35.Сулыэкстракттар – жекеленгенөсімдіктердендайындайды. Мысалы, бақбақ, үшжапырақ, жусанжәнет.б.). олардыдайындаудаперколяция, қарсыағысэкстракциясы, қыздыруәдістерінқолданады. Қоюэкстракттардаылғалшамасын, ауырметалдардыңболуын, кейдегицерризинқышқылдарынболуынанықтайды.

Спирттікэкстракттар – сулыэкстракттарсияқтысұйық, қоюжәнеқұрғақболады. Экстрагентретінде 30-90%, көбінесе 70% спирттікерітіндіқолданады.

Майлыэкстракттар - өсімдікнемесеминералдымайлардыңкөмегіменөсімдікшикізатынандайындалады. Мысалы, итмұрынжемісінен, зверобой шөбінен, белена жапырағынан, облепихадандайындалғанмайлар. Майлардыэкстракциялау 60-70°Сқыздырылғанмайларды мацерация әдісіменжүргізеді. 70% этанолданемесебасқаеріткіштердеқарсыағысэкстракциялауәдісінқолданады.

36. Галенді препарат – әсер етуші заттардан басқа құрамында балласты заттары бар, өсімдік немесе жануар шикізаты негізінде дайындалатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар); Жаңагаленді препараттар – балласты заттардан максималды босатып алуға мүмкіндік беретін ерекше технологиямен дайындалған дәрілік өсімдік препараты. Галенді препараттар жоғары тазарту арқасында тұрақтылығымен, стандарттылығымен, биологиялық және химиялық әдістерімен ерекшеленеді. Оларды фабрика-заводты жолмен дайындайды. Әр препараттың өзінің аты бар парентералды қолдану үшін бұл препараттарды ампула-ларда, ал ішке қолдануға арналғандарды – флакондарда шығарады. Мысалы, «Адонизид», «Лантозид», «Коргликон», «Раунатин» «Фламин»

Барлық галендік препараттарды шартты түрде, оларды алу тәсілі бойынша біріктіре отырып, мына топтарға бөлуге болады:

1. Тұндырмалар мен экстрактар.

2. Жаңа галендік препараттар.

З. Органдық препараттар.

4. Жас өсiмдiктер шикiзатынан алынған препараттар

37. Сифондар. Сұйықтарды ағызатын қарапайым құрылғылардың бірі сифондар (61 сурет). Сифондардың көмегімен сұйықтарды көтеру немесе сору атмосфералық қысым көмегімен жүзеге асырылады. Егер резервуарға 1 алдын ала сұйықпен толтырылған құбырдың бір шетін салсақ, 3 кранды ашқанда (бұл кран құбырдың екінші соңында резервуарға сұйық деңгейімен төмен орналасқан) ауырлық күшінің әсерінен сұйық құбырдан үздіксіз ағады, мұның нәтижесінде сифондық құбырда 2 кеңістік пайда болады. Резервуардағы сұйық атмосфералық қысымда болғандықтан, ол резервуардан сифонға үздіксіз түсіп тұрады және одан 3 кран арқылы ағып кетеді.

Сифонды іске қосу үшін оны алдын – ала сұйықпен толтыру қажеттігін айттық, оны толтыру қолмен немесе 4 кран арқылы жалғасқан вакуум насос көмегімен іске асырылады. 3 кран жабық тұрғанда вакуум насос тудыратын кеңістік әсерімен сұйық фонарға 6 дейін көтеріледі және сору, жіберу түтіктерін толтырады. Сұйық фонарға жеткеннен кейін 3 кранды ашып, 4 кранды жабады. Сифонның жұмысын 5 кранды жабу арқылы тоқтатылады.

38. Поршенды насостар. Химиялық өндірісте поршенды әрекеті қарапайым, плунжерларменқамтамасыздандырылған көлемдік насостар немесе басқаша айтқанда үш ретті әрекет ететін насостар кең тараған. (38 сурет). Мұндай насос әрекеті қарапайым 3 насостан тұрады, олар бір-біріне жақын тік немесе көлденең жазықтықта орналасқан және бір валдың көмегімен жұмыс істейді. Валдың тістері 1200 бұрышпен орналасқан. Барлық үш насостар жалпы сору айдау түтіктеріне ие.Насостардың корпусы болат және шойын құймаларынан (үлкен қысымда жұмыс істеу үшін) немесе химиялық төзімді материалдардан – ферросилда, керамика, қышқылға тұрақты шойыннан және т.б. жасалынады. Насостың жұмысы кезінде корпусқа түскенауаны толығымен жою мүмкіндігі және клапандарды қарастыру мүмкіндігі ескерілген.Сұйықтарды жылжытуда плунжерлар – бос стакандар қызмет істейді. Олар цилиндрің ішкі бетіндегі нақты өңдеуді қажет етпейді.Поршенды насостарда табақты және сақиналы клапандар (39 сурет) кең тараған. Олар орнынан насос поршены тудыратын сұйық ағыны көмегімен көтеріледі және пружинаның немесе сұйық массасының әсерінен түседі. Тұтқыр сұйықтар мен суспензияларды соратын насостарда оңай қозғалатын шарлы клапандар орналастырылады. Мұндай клапандар толығымен қоладан, шойыннан және басқа да материалдардан жасалады. Ластанған сұйықтар үшін лақтырушы клапандар (40 сурет, II) қолданылады, оларда сұйық өтетін кеңістік өте үлкен.

40. Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. Πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүзде ген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — полиэтилен, оның мономері — этилен. Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) Болып үш топқа бөлінеді. Табиғи Жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық Жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер). Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. Көптеген салаларда кеңінен қолданылады.

42 Ісіну процесі ЖМҚ-дың еруі барысында жүретін процесс. Себебі ЖМҚ-дың еруі КМҚ-дың еруінен өзгеше орын алады. ЖМҚ-дың еруі барысында еріткіштің қозғалу жылдамдығы полимердің макромолекулаларының козғалу жылдамдығынан әжептәуір жоғары болады. Сондықтан бастапқыда бір жақты козғалыс байқалады, яғни еріткіш молекулалары полимерге өтіп, оларды қопсытады. Қопсыту барысында еріткіш молекулалары макромолекуланың қозғалғыш буындарының арасына еніп, оларды бір-бірінен алшақтатады. Макромолекулалар бір-бірінен әжептәуір қашықтыққа алшақтағанда ғана үзіліп, ерітіндіге өте бастайды. Егер молекулааралық байланыстардың беріктігі жоғары болса, ісіну процесі тоқтайды. Полимер молекуласындағы берік химиялық байланыстың болуымен сипатталатын мұндай ісіну шектелген ісіну деп аталады. Мысалы, резина, целлюлоза, крахмал шектеліп ісінеді.

Шектеулі ісінудің сандық сипатына ісіну дәрежесі жатады. Ісіну дәрежесі ісіну барысында үлкейген полимер массасының немесе көлемінің оның бастапқы массасына немесе көлеміне қатынасымен анықталады.

α m =(m-m0)/m немесе α V=(V-V0)/V0

m- ісінген полимер массасы

V - ісінген полимер көлемі

М0 - бастапқы масса

α - ісіну дәрежесі

V0 - бастапқы көлем

Егер полимер молекуласының арасында берік байланыстар болмаса, ісіну процесі гомогенді жүйе түзілгенше, яғни еріткіштің молекулаларымен толық толтырылғанша жүреді. Мұндай ісіну шексіз ісіну деп аталады. Мысалы, белоктар суда, каучуктар көмірсуларда шексіз ісінеді. Желатин ерітіндісінің, крахмал клейстерінің және желімнің дайындалуы шексіз ісінуге негізделген.

Ісіну процесінің медициналы-биологиялық маңызы немесе түсіндірмесі адам ағзасының ісінуімен байланысты. Бұл жағдай ағзадағы сулы-тұзды алмасудың бұзылуына байланысты және жасушаның суды артық мөлшерде сіңіруіне байланысты болып келеді. Мұндай құбылысты бүйректің қызметі бұзылғанда ағзада натрий ионының жиналуымен түсіндіруге болады. Сол сияқты медициналық тәжірибеде бас миының ісінуі кездеседі. Бұл құбылыс нейроциттердің цитоплазмасының коллоидтары, глиальді жасушалар және ақ заттың жүйке талшықтары суды артық мөлшерде байланыстаруымен сипатталады.

43. Экстракция деп - экстагенттің көмегімен ерітінді немесе қатты денелерден бір немесе бірнеше компонентті бөліп алу процесін айтады. Экстрагентпен әрекеттескенде бөлініп алатын компоненттер жақсы ерітіледі және осы қосылыстың қалған компоненттеріне аз мөлшерде немесе мүлдем әсер етпейді, яғни ерімейді.

Химиялық технологияда эстракция қатты денелерден гөрі сұйық экстрагентпен жиі жасалынады. Ал қатты заттардан экстракция тек фармацевтикалық, тамақ және ағаш өнеркәсібінде қолданады. Көбінесе химиялық технологияда сумен немесе қышқыл мен сілтінің сулы ерітіндісімен сұйытылған қатты кеуекті заттардан жасалған экстракцияны қолданады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 497 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы| Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)