Читайте также:
|
|
Дәрілік түрлерді мөлшерлеу технологиясы.
1) масса бойынша;
2)көлембойынша.
Масса бойыншадозалау–дәлірекжәненегізгітәсіл. Қолтаразыларыныңкөмегіменжүргізіледі. Қолтаразыларкөмегімендәріліктүрлердідозалау - белгілібірдағдылардықажетететінжәнекөпеңбектіталапететін процесс.
Көлембойыншадозалау–дәліректәсіл, жоғарыөнімділігіменерекшелінеді. Дозалаудың дәрілік түрлер технологиясын алатын орны ерекше болып табылады. Дозалаудың мөлшеріне көптеген жағдайлар байланысты болады. Дәрігердің біліктілігі науқасқа тиісті дозалаудың мөлшерін тағайындауға мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық технологиядағы дозалау. Дозаларды жіктеу
Доза – салмақтық, көлемдік және шарттық (биологиялық) бірліктер өрнегінде анықталатын дәрілік заттардың белгілі саны. Дозалау емдеу, диагностикалу және аурулардың алдын алу мақсатында ағзаға енгізіледі
Дозаларды жіктеу
• Медициналық
• Токсикалық
• Өлімге әкеп соғатын
Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар.
Медициналық дозалар – дәрілік заттардың өздерінің спецификалық әрекетін пайда болатын дозалар.
Токсикалық дозалар – ағза үшін қолайсыз өзгерістерді тудыратын дозалар, олар патологиялық сипатқа ие.
Өлімге әкеп соғатын дозалар – қабылдау барысында токсикалық құбылыстар бақыланатын доза, көп жағдайда өлімге әкеп соғады.
Медициналық тәжірибеде орташа және максималды дозалар қолданылады. Сондай ақ бөлшек және соққы дозалар бар.
Бөлшек доза – белгілі уақыт аралығы сайын көп рет тағайындалатын дәрілік заттардың дозасы, нәтижесінде науқас толық емдеу дозасын алады.
Соққы дозасы – бастапқыда тағайындалған жоғарғы доза, кейіннен ол бір реттік дозаларға ауысады. Аталған дозалау түрін сульфаниламидтерді тағайындау кезінде қолданады.
Медициналықдозалар
• МИНИМАЛДЫ
• МАКСИМАЛДЫ
Минималды доза – фармакологиялық реакцияны тудыруға мүмкіндігі бар бастапқы әрекет етуші доза.
Максималды доза – уланып қалу белгілерін тудырмайтын, барынша көп фармокологиялық әрекет тудыратын дозалар.
4. Қабылдау тәсіліне байланысты дозалаудың келесі түрлері бар:
1) бір реттік қабылдау
2) тәуліктік дозалау
5. Фармацевтикалық технология – дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік формаға келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.
Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері:
- жаңа дәрілік субстанциялар және препараттар өндірісінің әдістерін және де
технологиялық негіздерін әзірлеу;
- қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру;
- дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану;
- дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және
басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін
белгілеу;
- технологиялық процестің тиімділігін зерттеу;
Жаңа дәрілік заттарды табу үрдістері, оны зерттеу, өнеркәсіпте шығарылуы және кең қолдануда еңбек ететін мамандар бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеп, түсінісулері қажет. Қазіргі уақытта осы жағдайлар дәрілік заттарды іздестіру, зерттеу, өндіруде және клиникалық қолдануға байланысты белгілі 3 халықаралық кодекстердің пайда болуына әкелді:
GLP – good laboratory practice – сапалы лабораториялық зерттеулер (немесе тәжірибе) – бұл әдіс жаңа дәрмектерді адамдардақолданғанда күтпеген қатерлі әсерлерді болдырмау үшін оларды әр түрлі жануарларда қолданып, қазіргі замандағы сапалы тексерулерден өткізіп, мұқият зерттеуді талап етеді.
GCP – good clinical practice – сапалы клиникалық зерттеулер (немесе тәжірибе) – бұл әдіс осы зерттеулерді жүргізгенде адам құқықтарын сақтау және алынған мәліметтердің сапалылығы мен айқындығын қамтамасыз ететін негізгі қағидалар мен талаптарды қамтиды
GMP – good manufacturing practice – дәрінің шығарылуын қамтамасыз ететін, бекітілген мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін, сапалы өндіріс.
GLP, GCP, GMP кодекстерінде енгізілген талаптар әлемдік қауымдастықта мақұлданған. Әлемнің көптегн елдерінде осы талаптар дәрілік заттар туралы заңдарда бекітілген. Бірақ, осы талаптарды орындау үлкен экономикалық шығындарды талап етеді, сондықтан, елдердің көбісі осы кодекстерді ұстануға мүмкіндіктері жоқ.
7. Клиникалық фармакология дәрілік заттардың адам ағзасына және науқас адам ағзасына әсер етуін зерттейді, клиникалық жағдайда фармакологиялық дәрмектерді зерттеу әдістері мен қағидаларын қалыптастырады.
Клиникалық фармакологияның негізгі бөлімдері фармакодинамика және фармакокинетика.
Клиникалық фармакодинамика - клиникалық фармакологияның бөлімі, ол дәрілік заттардың әсеріне жауап ретінде ағза қызметінің өзгерістерін анықтайды. Фармакодинамика дәрілік заттардың фармакологиялық тиімділіктерінің әсер ету механизмдерінің дамуын, мінездемелерін, күші мен ұзақтығын зерттейді.
Клиникалық фармакокинетика - клиникалық фармакологияның бөлімі, ол дәрілік заттардың сау және науқас адам ағзасына түсу жолдарын, таралуын, биотрансформациясын, шығарылуын және дәрілік заттардың әсерінің фармакокинетикаға байланыстылығын зерттейді.
Клиникалық фармакологияның негізгі міндеттері
· жаңа фармакологиялық заттардың клиникалық тексерілуі
· ескі дәрілердің клиникалық зерттелуі және қайта қарау, бағалау
· дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдану әдістерін құрастыру
· ақпарат мекемелерін ұйымдастыру және әр түрлі мамандарға консультативті көмек
· білім алушытер мен дәрігерлерді оқыту.
Клиникалық зерттеудің мақсаты - жаңа фармакологиялық заттың емдік және алдын-алу тиімділігін, оның жағымдылығы, пайдалылығы, ұтымды мөлшерін анықтау және қолдану схемаларын айқындау, сонымен бірге, белгілі дәрілік заттармен салыстырмалы мінездемелерін анықтау.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1060 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Глава 3. Рождение басмачества в Фергане. Назревание противоречий с Хивой и Бухарой. | | | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі |