Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар

Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар. | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі | Дәрілік және қосалқы заттар | Бейорганикалық электролиттер | Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар | Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы | Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер |


Читайте также:
  1. Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер.
  2. Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері.
  3. Эмульсияларды алу әдістері

Коллоидты ерітінділер. Көптеген косметикалық сұйықтықтар коллоидтық ерітінділер күйінде болады. Коллоидты ерітінділер таза гомогенді ерітінді емес. Онда сұйық немесе газды ортада (мысалы, суда) кішірек молекулалардан тұратын ірі молекулалар немесе бөлшектер диспергирленеді. Коллоид немесе коллоидты бөлшек кішкентай болғаны соншалықты жерге түспей, қалқымалы күйде тұрады. Оның бөлшектірінің көлемі 1-ден 100 нм-ге дейін ауытқиды, ал ең үлкені 500 нм болады.

Тірі ағзада барлық физиологиялық үдерістер ерітінділерде, коллоидты ерітінділерде және гельдерде (гель – тығыз коллоидты ерітінді) жүзеге асырылады. Тірі ағзалардағы физиологиялық үдерістер сұйық ортада жүреді, ал жасушалардағы бөлшектер жоғары молекулалы органикалық қосылыстардан тұрғандықтан, коллоидтық ерітінділердің барлық тіршілік үдерістерінде атқаратын маңызы зор. Қарапайым коллоидтық ерітінділердің мысалы ретінде жұмыртқа мен соя ақуыздарын, сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың ерітінділерін, желатин және лецитин желесін, желімдерді қарастыруға болады. Барлық коллоидтық ерітінділердің негізгі компоненті,әрине су-(90%-дейін). Судың мөлшері 90%-дан едәуір аз болатын тығыз коллоидтық ерітінділер гель деп аталады. Ал косметикада түрлі гельдер кеңінен қолданылады..

Барлық коллоидты ерітінділер-дің сәуле шашырату кабілеті болады (мұны опалесценциялау дей-ді). Бұл құбылысты тәжірибе жүзінде жасап көруге болады. Ол үшін сәуле жолына линза қойып, одан шықкан сәулені коллоидты ерітінді аркылы жіберсе, одан опалесценцияны көруге болады. Мұны Тиндаль конусы дейді.

Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділер-дегі диффузия жылдамдығы төмен.

Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұ-рақсыз. Олай болса, коллоидты бөлшектер болмашы ғана сыртқы әсер салдарынан қоагуляцияланады.

Коллоидты ерітінділер, әдетте, электрофорез құбылысына бейім. Бұл құбылыс электр өрісіндегі коллоидты бөлшекті ОЕ, не теріс электродқа тасымалдаумен сипатталады.

Суспензиялардың сипаттамасы, жіктелуі

Суспензиялар – бұл дисперстік фазасы 10-5см-ден үлкен өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер.

Суспензияларды шартты түрде бөлшек сияқты белгілейді: бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фазаның агрегаттық күйі көрсетіледі: Қ/С. Суспензияларға басқа да анықтама беруге болады: суспензиялар - бұл сұйықтықтардағы ұнтақтардың жүзгіндері.

Формальды түрде суспензиялар лиозольдерден (коллоидтық ерітінділерден) дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдерімен ғана ерекшеленеді. Суспензиялардағы қатты бөлшектердің өлшемдері (10-5 см үлкен) лиозольдердің (10-7-10-5 см) өлшемдеріне қарағанда бірнеше реттелікте үлкен болуы мүмкін. Бұл сандық айырмашылықтар суспензиялардың маңызды ерекшеліктерін, көптеген суспензияларда қатты фазалардың бөлшектері броундық қозғалысына қатыспайтынын көрсетеді. Сондықтан суспензиялардың қасиеттері коллоидтық ерітінділердің қасиеттерінен ерекше болады; оларды дисперстік жүйелердің жеке бір түрі ретінде қарастырады.

Суспензиялардың жіктелуі

Суспензиялар бірнеше белгілері бойынша бөлінеді.

1. Дисперстелген ортаның табиғаты бойынша: органикалық суспензиялар (дисперсиялық ортасы – органикалық сұйықтық) және сулы суспензиялар (дисперсиялық ортасы су болады).

2. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері бойынша: дөрекі суспензиялар (d>10-2 см); жұқа суспензиялар (-5*10-5<d<10-2 см), лайлар (1*10-5<d<5*10-5 см).

3. Дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясы бойынша: сұйылтылған суспензиялар және концентрленген суспензиялар (қойыртпақтар).

Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1476 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі| Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)