Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ботқалар мен болюстер

Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі | Дәрілік және қосалқы заттар | Бейорганикалық электролиттер | Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар | Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы | Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі | Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар | Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. | Эмульсияларды алу әдістері |


Боткалар – electuaria. Бұл қоюлық дәредесі мен құрамдық тегі әртүрлі дәрілік және индиференттік форма құрағыш заттарды араластыру арқылы алынатын қамыр тәрізді форма. Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады:

1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың ⅓ - ½ бөлегін, сироп пен балдың ½ - ¾ бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады.

2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың ½ -⅓ бөлегін, өсімдік сірінділерінің ½ - ¾ бөлегін, сироп және балдың 1 бөлегін алады.

Қоюлық дәрежесіне қарай ботқалар қою (electuria spissa) және қойыртпақ (electuria tenua s. mollia) болып екіге бөлінеді.

Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады.Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады.

Болюстер- дөнгелектеу немесе сопақша келген, консистенциясы- жұмсақ, ішке беруге арналған дәрілік зат формасы. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек яки жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді балзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды.

Болюстер бір немесе бір неше дәрілік заттардан және форма түзгіш (беретін) заттардан (contituens) тұрады. Форма түзгіш зат ретінде: қара бидай ұны (farina Secalina), бидай ұны (farina Tritici), жабызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), орал мия тамырының ұнтағы (pulvis radicis Alycyrrhizae), ақ саз (pulvis alba), глинозем (argilla alba), сондай-ақ көк сабын (sapo viridis), глицерин сүртпе майы (unguentum Glucerini) т.б. қолданылады. Тез кебетіндіктен (көгеріп кетеді), болюстерді 1-2 күнге жететіндей етіп қана дайындайды. Оларды көбінесе ірі малдарға тағайындайды. Болюстердің ең жоғарғы салмағы 50,0 –ға, орташа салмағы 25,0-30,0 –ға тең болады.

Ұнтақтар сыяқты, болюстерді де екі әдіспен жазады, ал рецепті ut f. bolus D. t. d. №…(болюс жаса, осындай дозалардың….санын бер), немесе Ut. f. boli №…(болюстерді жаса....санын бер), формуларының біреуімен аяқталады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 372 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Элекртрлік әдістермен эмульсиялау.| Суппозиторий .Пластырлер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)