Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер.

Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар | Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. | Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер | Суппозиторий .Пластырлер | Суппозиторийлар дәрілік түр ретінде.Тарихы. Түрленуі | Шаншуға арналған дәрілік түрлер. | Органопрепараттар жануар мүшесі мен ұлпасынан алынаты дәрілер. | Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі |


Читайте также:
  1. Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар

Зигмондиколлоидтық ерітінділерді жәйлап буландырғанда түзілетін құрғақ қалдықтың таза дисперсиялық ортада еру қабілеті бойынша классификациялауды ұсынды. Осыған байланысты құрғақ қалдығы дисперсиялық ортада өздігінен дисперсиялануға қабілетсіз жүйелерді қайтымсыз дисперстік жүйелер деп атады. Оларға металл лиозольдері, күміс нитраты мен мышьяк сульфидінің гидрозольдері, және т.б. жатады. Қайтымсыз коллоидты жүйелерге коллоидты ерітінділер қасиеті тән: оларды жоғары концентрлі етіп алу қиын (дисперстік фазасының мөлшері жоғары етіп); электролиттер қосқанда олар жеңіл коагуляцияланып, дисперсиялық орта мөлшері аз және ықшам тұнбалар түзеді.

Ал құрғақ қалдығы ортамен жанасқанда алдымен ісініп, содан кейін өздігінен еріп, қайтадан коллоидты ерітінді түзетін жүйелерді қайтымды дисперстік жүйелер деп атады. Оларға желатиннің судағы, каучуктың бензолдағы ерітінділері жатады. Қайтымды коллиодты жүйелерді жоғары концентрлі етіп алу оңай; олар электролиттер әсеріне соншалықты сезімтал емес; тек зольге коагулятордың көп мөлшерін қосқанда ғана тұнбалар түзіледі және олар өте көлемді, тұтқыр, құрамындағы дисперсиялық орта мөлшері көп болыпкеледі.

4. Термодинамикалық тұрақтылығына қарай дисперстік жүйелерді үлкен 2 топқа бөледі: лиофильді және лиофобты жүйелер.

Лиофильді жүйелер (грек. лиос – сұйықтық; phileo – жақсы көремін; phobos –жеккөремін)-термодинамикалық тұрақты жүйелер. Олар өз еркімен түзіледі, түзілу барысында жүйенің еркін(Гиббс) энергиясы азаяды, яғни ∆G=∆+T∆S<0. Мұндай жүйелерге беттік-активті заттардың мицеллярлық ерітніділері, жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері және бентонит сазбалшықтарының суспензиясы жатады. Оларға агрегаттық тұрақтылық тән.

Лиофобтық жүйелерге термодинамикалық тұрақсыз, ұзақ өмір сүре алмайтын дисперстік жүйелер жатады. Мұндай жүйелерге эмульсиялар, кейбір суспензиялар, көбіктер жатады. Лиофобтық жүйелерді тұрақтандыру үшін оларға тұрақтандырғыш заттар-беттік-активті заттар (БАЗ), полимерлер қосады. Бұл жағдайда коллоидты ертінділердің дисперстік фазаның дисперстік ортамен өзара әрекеттесуі байқалады.

Дисперстік жүйелерді дисперстік фазаның кинетикалық қасиетіне қарай екі топқа бөлуге болады.

Байланысқан дисперстік жүйелер

Бос дисперстік жүйелер

Байланысқан дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері молекулааралық күштер әсерінен бір-бірімен байланысып, дисперстік ортада өзінше бір кеңістіктік тор немесе каркас түзеді. Ал құрылым түзетін бөлшектер, әдетте, өзара еркін қозғала алмайды, тек тербелістік қозғалыс жасай алады. Байланысқан дисперстік жүйелерге белгілі дәрежеде қатты денелердің қасиеттері тән болғанымен, оларды дисперсті ортасы қатты болатын жүйелермен шатастыруға болмайды. Дисперсиялық ортасы қатты жүйелер бөлшектері де өзара қозғала алмайды, бірақ оның себебі басқада – ол дисперсиялық ортаның жоғары тұтқырлығы.

86. Ауыз қуысын жергілікті емдеуге арналған дәрілік заттар

2.1.Дезодорирлеуші заттар

Стоматологияда дезодорирлеуші заттар ретінде шаятын, жуатын тотықтар (сутек тотығы, калий перманганат), әлсіз қышқылдар мен сілтілер (бор қышқылы, борат және натрий гидрокарбонат), хош иісті эфир майлары (жалбыз, ванилді т.б.) қолданылады. Органикалық тұтастырғыш ретінде хлораминді пайдаланады.

2.2. Кератопластикалық заттар

Кератопластикалық заттарды әртүрлі фармакологиялық препараттар топтарына жатқызады: өсімдіктен алынған (каланхоэ шырыны, дәрілік календула тұндырмасы, итшомырт майы, итмұрын майы), жануарлардан алынған (прополис, пропосол, ретинол), химиялық жолмен алынғандар (токоферол, ливиан, метилурацил) жатады.

2.3. Сілекейдің бөліну үдерістеріне әсер ететін заттар

Ауыз қуысының белгілі бір патологиялық үдерістерінде, саливицияны күшейту үшін суланғыш заттарды қолданады. Саливацияның жоғарлауын жергілікті (1% пилокарпин ерітіндісін 10-15 тамшыдан күніне 3-рет) және резобтивті әсері (1 % галантамин ерітіндісін 1мл б/е немесе 5 % калий йодид ерітіндісі 1 ас қасықтан 3-рет) қолданылады. Шетелде «Жуу қосындысы» ретінде бір литр дистиляцияланған суда: 15,0 борат және натрий гидрокарбонат, 35,0 глицерин, 3,0 сұйық фенолды ерітеді. «Жуу қосындысын «ауыз қуысына операция жасау алдында, жарақаттанғанда, перикоронаритте т.б. қолданылады.

2.4. Тістің пульпасына әсер ететін заттар

Берілген заттар екі негізгі топқа бөлінеді:

1) Тістің пульпасын өлеттенуіне арналған заттар (девитализдеуші) заттар.

2) Биологиялық тәсілмен пульпитті емдеу нәтижесінде тістің пульпасын сақтауға қолданылатын дәрілік заттар.

Тістің пульпасын өлеттенуіне мышьяк және формальдегид қолданады.

Мышьякты ангидрид. Мышьякты ангидридті 0,0008 мөлшерде қолданады, бірақ осы мөлшердің өзі периодонтқа жиналып, мышьякты пириодонтитті дамытуы мүмкін. Сондықтан биологиялық тәсілмен пульпитті емдеуге болмайтын жағдайда, тістің пульпасын девитализациялау үшін қолданылады.

Формальдегид. Формальдегид - микробқа қарсы және дезодорирлеуші әсерлері анық белгіленген. Формальдегидтің ерітіндісінің әсерінен ақуыздың денатурациясына ушырап, тістің пульпасының тығыздалуына және өлеттенуіне әкеледі. Формальдегидте тітіркетіргіш әсері белсенді, бірақ қолданғанда периодонтиттің асқынуы кездеспейді, өйткені тығыздалған пульпа тіндері формальдегидтің периодонтқа диффузиясын тежейді.

2) Биологиялық тәсілмен пульпитті емдеудегі тістің пульпасын сақтауға қолданылатын препараттар.

Пульпитті биологиялық тәсілмен емдеудегі фармакотерапия есептері бойынша дәрілік заттар жиынтығына кіретіндер: антимикробты әсер көрсететін (антибиотиктер: бициллин, стрептомицин, левомицетин, экмолин, микроцид; антисептиктер: фурациллин, этакридин, винилин; сульфаниламидтер: натрий сульфацил, норсульфазол, этазол т.б.) - пульпаның қабыну үдерісін бәсеңдететін ферменттер: трипсин, химотрипсин; кортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон) – ауырсыну синдромын төмендететін (анестезин, натрий мефенаминат) орын басар дентиннің пайда болуын белсендіретін (пластикобелсендіруші, кальций гидратының құрамдас тотығы).

87. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін заттар

Стоматологиялық тәжірибеде келесі микробтарға қарсы заттарды қолданады:

4.1. Антисептиктер

4.2. Антибиотиктер және сульфаниламидті препараттар

4.3. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар

4.4. Вирустарға қарсы заттар

Әр түрлі химиялық топтардағы антисептиктер таңдамалы әсері жоқ және стоматологиялық тәжірибеде дезинфекциялық және дезодорирлеуші зат ретінде стоматит, гингивит, пульпиттерді емдеу үшін, тіс жегі кезінде тіс тінін сүрту үшін, инфекциялық жараларды өңдеу кезінде кеңінен қолданылады:

- йодинол,

- мирамистин,

- сангвиритрин,

- хлоргексидин,

- хлорофиллипт,

Йодинол: микробқа қарсы әсер ету механизмі, йодинолдың құрамындағы босатылатын галоген, ақуыздарды денатурацияға ұшыратады. Йодинолдың спиртті ерітіндісінің артықшылығы, ол суда жақсы ериді және аллергиялық үрдісті тудырмайды.

Хлоргексидин: грамм оң және грамм теріс бактерияларды, Candida туысындағы саңырауқұлақтарды жояды. Көрсеткіштері: тіс жегі, ауыз қуысының іріңді қабынулары, пародонта жараларды және хирургтың қолын өңдеу үшін қолданады.

Мирамистин: антисептикалық және жараны жазатын зат, жергілікті спецификалық емес иммунды жауапты белсендіреді. Көрсеткіштері: тіс жегі, стоматит.

Сангвиритрин. Көрсеткіштері: ашытқыш саңырауқұлақтар және аралас флора әсерінен туындаған терінің және шырышты қабаттың зақымданулары, пародонттың қабыну аурулары.

Хлорофиллипт: эвкалипт жапырағындағы хлорофилдің қоспасы. Фармакологиялық әсері: антибактериалдық. Көрсеткіштері: тіс жегісінің асқынуларында, пародонттың іріңді және қан ағуымен көрінетін қабыну ауруларында.

Сутек тотығы және калий перманганаты. Сутек тотығының тотықтырғышы және калий перманганаты әлсіз антисептикалық және дезодирлеуші әсерлерге ие. Сутек тотығының дезодирлеуші әсері, зақымдалған тіндердің механикалық тазалануымен түсіндіріледі.

4.2. Синтетикалық антибактериалды заттар

Жақ - бет аймағының іріңді қабыну үрдістері кезінде комплексті емдеу ретінде, бұл препараттарды ішке және жергілікті (остеомиелит, пародонтит, абсцесс) және операциядан кейін асқынуларды емдеу үшін қолданады.

Диоксидин: хиноксалин тобындағы синтетикалық әсер ету спектрі кең микробқа қарсы препарат. Көрсеткіштері: жақ–бет аймағының флегмонасы және абсцессі.

Метронидазол 5 – нитроимидазол туындысындағы спектрі кең, микробқа қарсы әсері бар, спора түзбейтін анаэробты микробтарға белсенді болып келетін препарат. Көрсеткіштері: аралас (аэробты және анаэробты) әр жерде шоғырланған инфекциялар, пародонт аурулары, жақ-бет аймағының іріңді қабыну үрдістері.

4. 2. Антибиотиктер

Антибиотиктер стоматологияда созылмалы іріңді қабынуларды емдеуге қолданылады. Бет - жақ аймағындағы қабынулар периостит, остеомиелит, абсцесс, флегмона, одонтогенді сепсис, ауыз қуысының ауыр асқынуларын емдеуге қолданылады. Инфекциялық асқынуларды алдын-алу үшін стоматологиялық операция алдында анамнезінде эндокардит, қант диабеті, гломерулонефрит аурулары бар қауіп тобындағы науқастарға антибиотиктер тағайындалады.

Азитромицин (сумамед) макролидтер тобындағы жартылай синтетикалық антибиотик. Азитромициннің Н.іnfluenzae-ға қатысты белсенділігі жоғары, грам оң кокктарға белсенділігі төмен. Мусоplasma, Chlamydia pneumoniae, Legionella, Moraxella,сияқты тағы басқа респираторлы патогендерге белсенділігі жоғары.

Амоксацилин – кең спектрлі әсер ететін жартылай синтетикалық пенициллин болып табылады. Ол бензилпенициллинге қарағанда гидрофилді, сондықтан теріден оңай өтеді, грам оң теріс микробактерияларға белсенділігі жоғары. Амоксацилин пеницилиназа түзетін микроорганизмдерге әсер етпейді. Ампициллинге өте ұқсас, бірақ ерекшеліктері бар:

- биотөзімділігі жоғары,

- тағаммен әсерлеспейді,

- қанда жоғары концентрацияланады,

- диареяны аз тудырады,

- H. influensae-ға қатысты белсенділігі төмен.

Аугментин (амоксациллин + клавулон қышқылы) жартылай синтетикалық, әсер ету спектрі кең пенициллин болып табылады (кесте 2). Ол грам оң және грам теріс бактерияларға, бета-лактамаза түзетін штамдарға белсенді болып келеді. Бактерицидтік әсер көрсетеді. Препараттың құрамына кіретін клавулон қышқылы амоксациллинді бета-лактамазаның әсеріне тұрақты ете отырып, әсер ету спектрін кеңейтеді.

Линкомицин: линкозамин тобындағы антибиотик болып табылады. Әсер ету қызметінің ерекшелігі бойынша анаэробты бактериялардан пайда болған инфекцияларға бағытталған. Линкомицин грам оң позитивті кокктарға белсенді әсер етеді. Линкомицин ағзада тотығу метаболизміне ұшырап, белсенді емес метаболиттер түзеді.

4.3. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар

Итраконазол (орунгал) триазол туындысы болып табылады. Әсер ету механизмі: итраконазол С-14 альфа диметилаза Р450 цитохромына әсер етіп, нәтижесінде саңырауқұлақтардың мембранасының негізгі стероиді болып табылатын ланостеролдың эргостеролға диметилденуін тежейді. Бұл саңырауқұлақтардың мембранасының қызметін бұзады және олардың өткізгіштігін жоғарлатады. Итраконазолдың саңырауқұлақтарға қарсы белсенділік спектрі кең: асперогиллез, кандидоз, коксидоидомикоз, дерматофиттер.

Итраконазол асқазан ішек жолдарында жақсы сіңіріледі, ас, оның биотүсімділігін жоғарлатады. Ол қанның сарысуындағы ақуызбен әсерлесіп, май, сүйек және барлық тіндерге енеді. Көрсеткіштері: стоматиттер, кандидоз. Кері әсерлерлері: жүрек айну, құсу, гипокалиемия, қан қысымның жоғарлауы, ісіну, бас ауру.

Флуконазол (дифлюкан) триазол туындысы болып табылады, итраконазолға қарағанда ОЖЖ-ге жақсы енеді. Әсер ету механизмі итраконазолға ұқсас болып келеді. Флюконазолды әр түрлі беткейлі және жүйелі микоз түрлерінде, энтералды және парентералды қолданылады. Бүйрек үсті безіндегі стероидтардың синтезін тежемейді және гепатотоксикалық әсері жоқ.

Клотримазол (кандибене, канестен) имидазол тобындағы саңырауқұлақтарға қарсы препарат болып табылады. Саңырауқұлақты жойғыш әсері саңырауқұлақтардың торша мембранасындағы эрготеролдың жойылуымен байланысты. Дерматофиттер ашытқы саңырауқұлақтарына бактериоцидттік және трихомонадциттік әсер көрсетеді. Тек жергілікті қолданғанда әсері тиімді. Көрсеткіштері: кандидоздар, стоматиттер.

4.4. Вирустарға қарсы дәрілік заттар

Вирустарға қарсы дәрілік заттарды герпесте, жедел және созылмалы афтозды стоматиттерде, некрозды ойық-жаралы гингивиттерде қолданады.

Бонафтон - вирусқа қарсы препарат болып табылады. Көрсеткіштері: белдемелі герпес және қарапайым вирустардан пайда болған жақ - бет аймағының аурулары. Кері әсерлерлері: бас ауру, диспепсиялық бұзылыстар.

Теброфен - вирусқа қарсы препарат болып табылады. Көрсеткіштері: белдемелі герпес және қарапайым вирустардан пайда болған жақ - бет аймағының аурулары.

Флореналь - ауыз қуысының шырышты қабатының және тері жамылғысының вирусты зақымдалуы.

Хелепин- герпестің дезоксирибонуклеин қышқылы құрамдас, вирустарға қарсы белсенді қасиеті бар зат.

88. Таблеткалар – ұнтақтарды немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын технологиялық өңдеу және престеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр. Таблеткалар технологиясындағы ең маңызды кезең престеу болып табылады,

Мемлекеттік Фармакопеяның Х – басылымына таблеткалардың 1 жалпы және 163 жеке мақалалары кірген. Таблеткалардың кең мәлімділігі оның төмендегі көрсетілген артықшылықтарымен түсіндіріледі:

- дәрілік заттардың дәл дозалануы;

- дәрінің дозасын түрлендіріп отыру мүмкіндігі;

- ықшамдылығы, тасымалдау мен сақтауға қолайлығы;

- таблетка дайындау процесін толық механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігі, ал бұл дәрінің жоғары өнімділігін, гигиеналық тазалығын қамтамасыз етеді;

- ұнтақтардың жағымсыз иісі мен дәмін таблеткаларды қабықшалар мен қаптау арқылы бүркеу мүмкіншілігі;

- престелген қалыпта дәрілік заттардың сақталу мерзімінің ұзаруы;

- таблеткаларда басқа дәрілік түрлерде өзінің физикалық-химиялық қасиеттері бойынша сыйымсыз болатын дәрілік заттардың үйлесу мүмкіндігі;

Мемлекеттік Фармакопея таблеткалар бетінің тегіс, жылтыр, шеттерінің бүтін, дақсыз, қоспасыз, кетіксіз болуын талап етеді.

Таблеткалар қолданылу және дайындалу белгісі бойынша екі топқа жіктеледі.

Таблеткалар қолдану әдістері бойынша мына топтарға бөлінеді:

  1. Oriblettae – бұл таблеткалардың негізгі тобы, қабылданған дәрі асқазанның шырышты қабығы арқылы сіңіріледі.
  2. Resoriblettae – сублингвальды (тілдің астына қойылатын) қабылданатын таблеткалар, дәрілік заттар ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы сіңіріледі.
  3. Implantablettae – асептикалық дайындалған, имплантация үшін қолданылатын таблеткалар.
  4. Solublettae – таблетка-навескалар, олар медициналық және фармацевтік тәжірибеде сырт тәнге арналған ерітінділер дайындау үшін қолданылады.
  5. Injeсtablettae – инъекциялық ерітінділер алу үшін қолданылатын асептикалық дайындалған таблеткалар.
  6. Dulciblettae – балаларға арналған тәтті дәмді таблеткалар.
  7. Bacilli, boli, uteritoria, vagitoria – вагинальды, уретральді және ректальды таблеткалар.

Таблеткалар дайындалу әдістері бойынша екіге бөлінеді:

- престелген таблеткалар;

- арнайы массаларды қалыптау әдісімен алынған таблеткалар.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 594 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шпайтынеріткіштер| Шаншуға арналған препараттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)