Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Суппозиторийлар дәрілік түр ретінде.Тарихы. Түрленуі

Бейорганикалық электролиттер | Дәрілік заттардың өнеркәсібінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер | Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар | Бюреткалық жүйені пайдаланып, сұйық дәрілік препараттар технологиясы | Дәріханалық бюреткалық қондырғылар, дәріханалық бюреткалар және пипеткалармен жұмыс істеу ережесі | Коллоидты ерітінділер. Суспензиялар мен эмульсиялар | Сұйылтылған суспензиялардың қасиеттері. | Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер |


Читайте также:
  1. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  2. Атысушылардың түрлері
  3. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  4. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату
  5. Бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама
  6. Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру
  7. Бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу

Суппозиторийлер ескі дәрілік түр. Біздің эрамызға дейін 1550 жылы Эберстің папирусында келтірілген Египеттегі қолданылған 800 түрлі дәрілік түрлердің жіктемесінде суппозиторийлер іш жүргізетін дәрі, әрі гемморойды емдеуде қолданылатын дәрі ретінде сипатталады.

Гиппократ (460-377 б.э.д.) өз еңбектерінде әлсіздерге және кішкентай балалардың тік ішегіне сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге мүмкіндік болмаған кезде, свечалар (шамдар) қолдануды ұсынған. Ол құрамында анис, мирра, қазы майы және бал бар, демікпеге қарсы әсер ететін свечаларды сипаттайды. Мессопатамидің саз балшық плитасында сына жазумен жазылған свечаларды дайындау және қолдану ережелері табылған. Бұл шайыр, дәрілік шөптер мен майлар қоспасынан жасалған свечалар болатын, оларды қолданар алдында кипарис майымен майлап, іш, жыныс мүшелері және т.б. ауруларда қолданған.

XVII ғасырдың медицина әдебиетінде пайда болған суппозиторий сөзінің өзі «суппонэрэ» − аудармасында «астына қою», «орнын басу» деген мағына білдіретін латын сөзінен пайда болған. Бұл сөзбен клизманың орнын басатын іш – жүргізуші шамдарды атаған болар. Клизма ең ежелгі, дәріні ректальді енгізуші форма болып табылатыны айқын. Ежелгі грециялық зерттеуші Плиний мынадай бір көріністі әңгімейледі: египтяндар ибистің (құс) нәжісін тездету үшін өзінің тұмсығымен суды тік ішекке енгізгенін байқайды. Құстың үлгісіне еліктей олар сиыр мүйізінің қырқылған ұшымен тік ішектеріне теңіз және тұщы суды және де басқа сұйықтықтарды енгізген. Бұл іш жүргізуші және басқа да дәрілік заттарды қолданудың ең ынғайлы және тиімді тәсілдерін іздеудегі алғашқы қадамдар болды. Қазіргі уақытта суппозиторийлер экстемпоральды және дайын дәрілер түрінде кең таралып қолдануда.

61. Стерилизацияның барлық дәрлік қалыптарды, әсіресе инъекциялық дайындауда маңызы зор. Яғни, инъекция үшін дайындалатын ерітінділердің жұмысы стерилизациядан басталып, стерилизациямен аяқталуы керек. ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер, көз тамшылары мен майлары, жаңа туған балаларға арналған дәрілік формалар, сыртқа қолданылатын кейбір ерітінділер дәріханаларда асептикалық жағдайда дайындалады.

62 .Стерилизация (лат. sterilis – ұрықсыздандыру, тұқымсыздандыру) – материалдардағы патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, олардың формаларын (споралары, капсулалары) өлтіреді. Бактериологиялық зертханада қоректік орталарды, шыны ыдыстарды, саймандарды, тығындарды және т.б. стерильдейді. Асептикалық жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау үшін бокс бөлмелері мен қажетті заттарды стерильдейді. алады.

Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.

Жылулық(термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Стерилдеудің химиялық түрі– микроағзаларды химиялық қоспалар көмегімен залалсыздандыру. Фарм өндірісінде тәжірибе жүзінде консервант ретінде нипагин (ақ кристалды ұнтақ), нипазол, хлоробутанолгидрат, фенол, сутегі тотығы мен «Дезоксон-1» ерітінділері қолданылады. Химиялық стерилдеудің бір түрі- газдармен стерильдеу ваккум немесе әлсіз қыздыру арқылы қоршаған ортадан ұшпалы дезинфицерлейтін заттарды жою әдісі.Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Тәжірибе жүзінде стерилдеу құралы ретіндеэтилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалана отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған бұйымдарды стерильдейді. Сәулемен стерильдеу – гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі – арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады. Стерильдеудің тағы бір әдісі – сүзгіден өткізу немесе фильтрлеу болып табылады. Әр түрлі сүзгілер көмегімен, әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы қарапайымдардан арылуға болады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Суппозиторий .Пластырлер| Шаншуға арналған дәрілік түрлер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)