Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атысушылардың түрлері

Пән пререквизиттері. | Бағалау саясаты | Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою |


Читайте также:
  1. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  2. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату
  3. Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері
  4. Дозалардың түрлері. Минималды және максималды медициналық дозалар.
  5. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  6. Мүлікті тәркілеу және оның түрлері

3. Қылмысқа жанасушылық

Негізгі ұғымдары: Қылмысқа қатысу, қылмысқа қатысудың акцессорлылығы, орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші.

ҚК-нің 27-бабы бойынша екі немесе одан көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қатысушылар қылмыс жасаудағы өз әрекетінің сипатына және қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай оны орындаушылар, ұйымдастырушылар, арандатушылар және көмектесушілер болып бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмыстық іс-әрекеті күрделірек болады, олардың әрқайсысы әр түрлі әрекеттер жасайды, кейбір жағдайларда сол қылмысқа қатысушылардың кейбірі әректсіздік танытуы мүмкін.

Қатысушылықтың субъективтік жағы қатысушыда қастандық пиғылдық болуын керек етеді, ол мыналардан көрініс табады:

1) қатысушының басқа қатысушылардың қылмыстық әрекеті жайында хабардар болуы;

2) қатысушының өзі басқа қатысушылармен бірлесіп қылмыс жасайтындығын немесе оған мүмкіндік тудыратындығын ұғынуы;

3) ортақ қылмыстық нәтиженің болуын тілеуі немесе оған саналы түрде жол беруі.

Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері. Жанама орындаушының түсінігі.

Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері. Қатысудың акцессорлылығы. Қатысушылардың әрекеттерін саралау, олардың жауаптылығын және жазасын жекелеу.

Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы. Арнайы субъектімен жасалған кылмысқа катысу. Жүзеге аспаған қатысу үшін жауапкершілік. Қатысушылардың өз еркімен бас тартуының ерекшеліктері.

Қылмыска жанасушылық ұғымы, оның нысандары және қатысудан айырмашылығы. Қылмысты жасырғаны және қылмысты хабарламағаны үшін қылмыстық жауаптылық шектері мен шарттары, жағдайлары.

1. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қыл-мысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді.Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмыстық кұкық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.

Қылмысқа қатысудың түрлері кылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушыболып екі түрге бөлінеді.

2. Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында көрсетілген.

Жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе қылмыстық заңнамада көзделген басқа да мән –жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абасызда жасаған адамдарды пйдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады

Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп аталады. Қылмысты ұйымдастырушы ұғымы қызметтің мынадай формаларын қамтиды:

1) нақты қылмысты ұйымдастыру;

2) нақты қылмыстың орындалуына басшылық ету;

3) ұйымдасқан қылмыстық топ құру;

4) қылмыстық қауымдастық құру;

5) ұйымдасқан топты басқару;

6) қылмыстық қауымдастыққа басшылық ету.

Қылмысқа қатысатындарды іздестіріп табу, оларды оқытып үйрету, қылмыстың жоспарын жасау, қолданылатын қару-құралдарды таңдау және т.б. қылмысты ұйымдастыруға жатады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзгеде жолмен қылмыс жасауға көндірген адам арандатушы деп танылады. Ондай адам басқа бір адамда ооның бұрыннан ойластырып жүрген қылмысын жасауына батылдық тудырады.

Кеңестермен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасайтын өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

3. Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстык құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның кылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстык, занда қылмысқа жанасушылыкқа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлмедәл ажыратуға, нығайтуға толық мүмкіндік береді.

Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анык қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекетгері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындарға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.

Қылмысқа жанасушылықтың қауіптілігі сол, мұндай іс-әрекеттер дайындалып жаткан қылмыстарға тойтарыс беруге, сондай-ақ істелген қылмыстарды ашуға, кінәлі адамдарды әшкерелеуге мүмкіндік бермейді. Қылмысқа жанасушылыкка кінәлі адамдардың зияндылығы қылмысқа бірге қатысушыларға қарағанда онша көп емес, сондықтан да қылмысқа жанасушылық үшін Кодекстің Ерекше бөлімінде арнайы көрсетілген ретгерде ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

Қылмыстық кұкық бойынша кылмысқа жанасушылықтың үш түрлі нысандары бар: күні бұрын уәде бермей жасырушылық; хабарламау; жол берушілік. Қылмыстык заң бойынша қылмысты жасыру үшін жауаптылық1. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қыл-мысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді.Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмыстық кұкық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері| Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)