Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі

Бағалау саясаты | Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері |


Читайте также:
  1. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  2. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  5. Дәріс. Атрибуттар жайында жалпы мәліметтер
  6. Дәріс. Заңды тұлғалар
  7. Дәріс. Заттық құқық.

Жоспары:

Түсінігі және сипаттамасы

Ылмыстың көптігінің түрлері

Рамы

Негізгі ұғымдары: қылмыстардың көптілігі, жалпы, арнайы және пенитенциарлы кайталану.

Қылмыстық құқықта көптік деп адамның көнелік мерзімі өтпеген, не сотты болғандығы алынбаған және жойылмаған не қылмыстық қудалау заңға сәйкес қысқартылмаған екі немесе одан көп қылмыстарды жасағанын айтады. Күшіндегі қылмыстық заң қылмыстапдың көптігінің мына түрлерін бөліп алады: 1) қылмыстардың неше қайтара жасалуы; 2)қылмыстардың жиынтығы; 3) қылмыстардың рецидиві.

Көптіктің өзіне тән белгісі – бір адамның кемінде екі қылмысты, яғни қылмыстың өзінше құрамдық белгілері бар іс-әрекеттерді жасауы.

Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы дегеніміз-бір адамның екі немесе одан көп қылмысты, ол үшін сотталған-сотталмағанына қарамастан жасауы.

Теория мен практикада әлденеше реттік жалпы және арнайы деп екі түрге бөлінеді.

Сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарамай қылмыстардың кез келген қайталануы жалпы әлденеше реттік деп танылады.

Айыптының екі және одан көп ұқсас немесе бір текті қылмыстар жасауы арнайы әлденеше реттік деп танылады. Әлденеше реттік ұғымы айыпты жасағаны үшін сотталған қылмысты да [72, 87 - б], ол әлі қылмыстық жауапқа тартыла қоймаған іс-әрекетті де қамтиды.

Іс-әркеттер, аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп сараланғанына, оны айыптыныың өзі тікелей немесе қатысып орындағанына қарамастан, әлденеше рет жасалған деп танылады.

Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жиынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі жеке кылмыстардан айырмашылығы.

ҚК-нің 12-бабының 1-бөлігі бойынша «Осы кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негзідер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады».)

Қылмыстар жиынтығы идеалды және реалды болып бөлінеді. Айыпты қылмыстық заңның әртүрлі баптарымен сараланатын екі немесе одан көп қылмыстарды бір іс-әрекетпен жасаған жағдайда идеалды жиынтық болады. Қылмыстардың реалды жиынтығы дегеніміз адамның іс-әрекетпен қылмыстық заңның әртүрлі баптарында көзделген бірнеше қылмысты жасауы.

Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың кайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы кайталану.

Қауіпті және аса қауіпті кайталану, олардың құқыктық сипаттамасы. Қауіпті және аса кауіпті қайталану деп тану үшін жағдайлардың болуы.

Қылмыстардың кайталануының кылмыстық- құқықтық салдары. Қылмыстардың кайталануының, бірнеше рет жасалуының және жиынтығының жалпы және арнайы құқықтық салдары.

1. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз.

Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Сондай-ақ қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер қылмыс көптігіне жатпайды. Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады.

2. Жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай (бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет аркылы кінәнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау. Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне) бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен) жәбірленушіге зиян келтіріліп отыр.

3. Іс-әрекетгің кұрылымына қарай қылмыстық қүқық қылмыстардың көптігін мынадай үш нысанға бөледі: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы, кылмыстың жиынтығы, қылмыстың қайталануы.

Қылмыстык, кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады. (11-бап, 1-бөлігі). Сол сияқты Кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін (11-бап, 2-бөлігі).

Жалпы және арнаулы нормалар бәсекеге түскенде арнаулы норма қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 402 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атысушылардың түрлері| Ажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)