Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық заңның мезгілдегі күші

Пән пререквизиттері. | Бағалау саясаты | Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері | Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі |


Читайте также:
  1. бап. Осы Заңның жүзеге асырылуына бақылау жасау
  2. Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
  3. Ылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың түсінігі және белгілері мен түрлері
  4. Ылмыстық құқық бұзушылықтың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
  5. Ылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тәртібі

Негізгі ұғымдары: нормативтік актілер, құқық принциптері, диспозиция, санкция.

Қылмыстық заң үғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау - қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.

Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы.

Қылмыстық –құқықтық сипаттағы өзге шаралардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

Қылмыстық заңның белгілері:

1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша ҚР мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.

2. Қылмыстық заңда Конституыциядан және конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады. Заңдық күш дегеніміз нормативтік актінің әрекет ету, мынадан көрініс табады: а) бір де бір басқа орган заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес; б) барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келуге тиіс емес; в) өзге нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі.

Қазіргі кездегі күшіндегі кодификацияланған жалғыз заң -1997 жылғы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексі.

Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң.

Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының кұрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері.

Диспозиция қылмыс деп танылып, жасағаны үшін жаза белгіленген іс-әрекеттерді көрсетеді.

Жай диспозиция қылмысты атайды, бірақ оның белгілерін ашпайды Мұндай диспозициялар жалпы танылған (даусыз) терминдерді білдіреді, олардың мазмұны айқын, түсінікті керек етпейді.

Суреттеуші диспозиция қылмысты атап ғана қоймайды, оның негізгі белгілерін суреттейді де. Суреттеуші диспозиция қылмыстық заңдағы ең көп таралған диспозиция, солай болуға тиіс, себебі қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған іс-әрекеттін барлық объективік және субъективтік белгілерін барынша дәл анықтауға тиіс.

Сілтеуші диспозиция қылмыс белгілерін анықтау үшін ҚК – нің басқа баптарына жүгінуді ұсынады. Мысалы; ҚК-нің 107-бабы азаптауға «ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттеріжолымен тән зардабын немесе психикалы зардап шегу, егер бұл осы Кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса» деп анықтама береді.

Бланкеттік дипозиция құқықтың басқа салаларының – еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа құқықтардың нормаларына сілтейді.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығына жуығы, көліктегі қылмыстардың көпшілігі, басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың бір бөлігі осы бланкеттік диспозицияның көмегімен формулировка алған.

Санкция дегеніміз – қылмыстық –құқықтық норманың бөлігі және ҚК-нің жазаның түрі мен мөлшерін анықтайтын баптарының бөлігі. Ол: мүлде анықталған, біршама анықталған және балама санкцияларға бөлінеді.

Мүлде анықталған санкциялар жазаның дәл түрін және дәл мөлшерін белгілейді. Қазіргі күшіндегі заңнамада бұл санкциялар жоқ, себебі олар жазаны нақты қылмыстың мән-жайына және айыптының жеке басына қарай даралауға мүмкіндік бермейді.

Біршама анықталған санкциялар жазаның нақты түрін және оның шек терін белгілейді. Бұл санкциялардың үш түрі бар: - жазаның ең аз мөлшерін көрсететін. Мысалы, «кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру». Ал олардың ең жоғарғы шегі Жалпы бөлімінің жазаның осы түріне арналған баптарында белгіленген.

- жазаның ең жоғарғы шегі мөлшерін көрсететін. Мысалы, «бес жылға дейін бас бостандығынан айыру».

Балама санкциялар жасалған қылмыс үшін тағайындалуы мүмкін жазаның екі немесе одан көп түрлерін көрсетеді.

Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолдануы дегеніміз – оны алдын ала тергеу органдары мен әділ соттың мемлекеттің нақты аумағында шынайы қолдануы.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы тұрғысынан алсақ, оның, бәрінен бұрын, іс-әрекеттің қылмыс екендігі, сонан соң айыптыны қылмыстық жауапкершіліккке тартудың негіздері мен жағдайы, содан кейін барып қылмыс жасалған мөлшері анықталатындығын ескерген жөн.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының аумақтық принципі негізгі болып табылады, бірақ ол жалғыз емес. Онымен қатар азаматтық принцип деген бар. Күшіндегі қылмыстық заңда азаматтық принцип ҚК-нің 7-бабының 1-бөлігінде бекімін тапқан: «ҚР-ның азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамадар да осындай негіздерде жауапты болады».

ҚР-ның азматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар қайда жүрсе де, тіптен Қазақстан аумағынан тысқары жүрсе де Қазақстанның заңдарын сақтауға міндетті. Мынадай жағдайларда азаматтық принципті қолдану қажеттігі туындайды:

· Қылмыс шет елде жасалса, ал ол мемлекеттің органдары қылмыстың жасалағандығын не оны жасаған адамды айқындаған кезде айыпты Қазақстан аумағында жүрсе;

· Адам қылмысты шет елде жасаса, бірақ ол Қазақстанның өтініші бойынша оған қайтарылып берілсе.

Азаматтық принцип қолданылуы мүмкін екінші жағдай: Қазақстаннан тысқары жерде жасалған іс-әрекет Қазақстанда да, сол қылмыс жасалған жерде де қылмыс деп танылса.

Әмбебап принципті қолдану, бәрінен бұрын, халықаралық қылмыстармен және халықаралық қылмыстармен және халықаралық сипаттағы кейбір қылмыстармен күресу қажеттігінен туындайды.

Әмбебап принцип, сонымен, мына жағдайларда қолданылады, егер:

· Адам Қазақстанда тұрғылықты тұрмайтын шетелдік немесе апатрид (азаматтығы жоқ болса);

· Қылмыс Қазақстаннан тыс жерде жасалса;

· Қылмыс халықаралық немесе халықаралық сипатта болса;

· Қылмыс үшін халықаралық шарттарда оның жасалған жеріне және қылмыскердің азаматылғына қарамастан әмбебап юрисдикция белгіленсе;

· Адам қылмыс жасалған жердің заңы бойынша жауапқа тартылмаса;

· Адам қандай да бір себептермен Қазақстан аумағында жүрсе.

Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуының шынайы принципінің мәні сонда – мемлекет өз қылмыстық заңның күшін шетелдік азаматтардың сол мемлекеттен тыс жерде жасаған қылмыстарына да таратады, егер олар сол мемлекеттің мүддесіне қастандық жасаса.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы.

Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші.

Қылмыстық-құқықтық нормалардың уақыт бойынша ережесі ҚК-нің 4 және 5-баптарында бекімін тапқан. ҚК-нің 4-бабына сәйкес іс -әрекеттің қылмыстылығы және жазалатындағы сол іс-әрекет жасалған кезде қолданылатын заңмен анықталады.

Қылмыстқы заңның күшін жою мынадай мән-жайларға байланысты.

а) қабылданғанда есептелген мерзімнің өтуіне;

б) бұрын шығарылған заң ережелеріне, оның бөліктеріне қайшы келетін жаңа заңның қабылдануына немесе оның бұрыңғы заңды толықтай сіңіруіне;

в) ҚР Конституциялық Кеңесінің қылмыстық заңды немесе оның кейбір нормаларын Республика Конституциясына қайшы келеді деп тануына;

г) қылмыстық заңды Парламенттің, ал Конституцияда белгілеенген жағдайларда – Республика Президентінің күшін жоғалтқан деп тануына.

Жоғарыда көрсетілгендей, қылмыстық заңды қолданудың уақыттық шектерін анықтаудың екінші жағдайы қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу кезін анықтау болып табылады.

Созылатын және жалғасатын қылмысқа қатысты алсақ қылмыстың жасалған уақыты туралы мәселеде өзіндік ерекшелік бар. Созылатын қылмыс қылмыс құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталады (алимент төлеуден ұдайы жалтару, қашқындық және т.б.). олардың жасалған уақыты деп кінәсін мойындап келген күнді, қылмыскерді ұстаған немесе орындаудан жалтарып жүрген міндеттің біткен күнін санауға болады.

Бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс жалғасатыфн қылмыс деп танылады (11-аптың 4 – бөлігі). Тұтас қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылатын соңғы әркет (әрекетсіздік) орындалған күн олардың жасалған уақыты болып танылады.

Қылмыстық заңдарды түсіндіру. Түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс колдану үшін сот шешімдерінің және кұқық корғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы.

Қылмыстық заңға түсініктеме беру өзінің көлемі жағынан дәлме-дәл шектейтін немесе кеңейтетін болып бөлінеді.

Шектейтін түсінік беру дегеніміз заңға сөзбен келтірілгенге қарағанда неғұрлым тар мазмұн беру.

Кеңейтетін түсінік беруде, керісінше, қылмыстық заң нормасының шынайы мазмұны оның мәтінінде берілгенінен кең болады. Кеңейтетін түсінік беру қылмыстық заңды тікелей анықталмаған бірақ болды деп ойлайтын жағдайларда қолдануды қарастырады.

Қылмыстық заңға түсінік беру оның амалдары немесе тәсілі бойынша да жалғастыруға болады.

1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:

2. Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

1) Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдары мүделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтық қауіпсіздікті қорғау, сондайақ қылмыстардың алдың алу болып табылады.

2) Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқықтық ықпал етуші шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

Қылмысты-құқық принциптер - заң шығарушыға, ғылымға құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылданған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірбесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі - Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алу болып табылады.

Конститутцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында олтікелей қолданылады.(4-бап, 2-тармақ). Мысалы, Конститутцияның 15-бабының 2-тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заң мен белгіленді, делінген. 17-бапта адамның қадір-қасиетіне қолсұғылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары осы Конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 351 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары| Ылмыс санаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)