Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тәртібі

СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері | Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі | Ажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары | Жаза теориялары |


Читайте также:
  1. Бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі
  2. Жұмысты орындау тәртібі
  3. Жұмысты орындау тәртібі
  4. Жұмысты орындау тәртібі
  5. Жұмысты орындау тәртібі
  6. Жұмысты орындау тәртібі
  7. Жұмысты орындау тәртібі

Негізгі ұғымдары: нормативтік актілер, құқық принциптері, диспозиция, санкция.

Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы және маңызы. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың тиімділігі. Қылмыстық жауаптылықтан босату және кылмыстық заңнама міндеттерін жүзеге асыру.

Қылмыстық жауаптылыктан босатудың негіздері мен тәртібі. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың түрлері. Қылмыстық жауаптылыктан босатудың қылмыстық -құқықтық салдары.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылыктан босату.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде кылмыстық жауаптылықтан босату.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылыктан босату.

Ескеру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Ескіру мерзімдерін үзу және тоқтата тұру. Ескіру мерзімін қолданбау. Қылмыстық жауапқа тарудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.

1) Кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;

2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;

3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;

4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15 жыл өтсе;

Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.

Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауапты-лықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).

Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 299 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мүлікті тәркілеу және оның түрлері| Зарту, өзгерту және тоқтату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)