Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмысты орындау тәртібі

Жұмысты орындау тәртібі. | Жалпы жағдайы | Жұмысты орындау тәртібі | Бақылау сұрақтары | Ысқаша теориялық мәліметтер | Ондырғының сипаттамасы | Жұмысты орындау тәртібі | Ысқаша теориялық мәліметтер | Жұмыстың орындалу тәртібі | Ысқаша теориялық мәлімет |


Читайте также:
  1. Жұмысты орындау тәртібі
  2. Жұмысты орындау тәртібі
  3. Жұмысты орындау тәртібі
  4. Жұмысты орындау тәртібі
  5. Жұмысты орындау тәртібі
  6. Жұмысты орындау тәртібі.

1. Жинақтаулы қондырғыдағы саңылауларды жою үшін КӨ бойынша оның көлемін бақылай отыра, 100Н мөлшерге тең, бастапқы күшпен жүктеуді жүргізу қажет. Осы жүктеудегі КӨ бір бөлігінің құны 12,5 Н/бөл. тең.

2. ИЧ индикаторының шкаласын «нөлге» келтіру. Бастапқы жүктеме кезіндегі зерттелетін үлгінің күйі бұдан әрі «шартты нөл» ретінде қарастырылады.

3. ИС күш өлшемінің блогының көрсеткіштері бойынша олардың мәнін бақылай отыра, Ғi = 100, 200, 300 Н (ΔҒ = 100 Н) қосымша қысыммен модельдің кезекті жүктемесін жүргізу. Жүктеменің әр кезегі үшін ИЧ (nі) көрсетуін алу және оларды сынау журналына енгізу керек.

Эксперименталдық өлшем және оларды өңдеу журналы 5.1 - ші кесте

 

5.1 кесте

Жүктеме күші Ғi, Н         Δпср
Бұраушы момент Mk, Н·м          
Бұраушы моменттін өсімі ΔMk, Н·м -      
ИЧ көрсеткіші, nі        
Көрсеткіштің өсімі, Δnі -        
Бұралу бұрышы φ, рад.          

 

4. Жүктеменің әр сатысы үшін келесіні ескеру қажет:

а) бұраушы момент: Мi = Ғi·а

онда а = 200 мм – күш тетігінің есептік ұзындығы (б) (сур. 5.3, а),

б) Мi –ге тиісті бұралудың тәжірбелік есептелген бұрышы: φ=0,01 nі /h,

онда h = 80 мм —ИЧ бекітілген кронштейн (10) ұзындығы (сур. 5.3, б);

0,01 мм - масштаб (ИЧ шкаласының бір бөлігінің құны).

5. Өлшеулер нәтижесі бойынша φіM графигін құру және оны түзу сызықпен аппроксимациялау (5.4-сур.).

6. (ΔҒі = 100 Н) жүктеменің әр кезеңі үшін ИЧ Δ nі көрсеткіштерінің түрлілігін және орташаланған мәнін анықтау.

 

Бұраушы момент Mk,Н·м                    
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
φ бұралу бұрышы, рад  

5.4- сурет. Эксперименталдық тәуелділігі φі— M.

7. Δ nср өсімнің орташаланған мәні бойынша Δ φ ср = 0,01 Δ n ср/ h жүктеу сатысы үшін бұралу бұрышының орташа өсімін анықтау.

8. Δ Мк = Δ Ғ·а ретінде бұраушы момент өсімі және

GМк l / Δ φ Jp, ретінде экспериментталдық анықталған ығысу модулін есептеу

онда i = 100 мм—модельдің жұмыс бөлігінің ұзындығы

Jp =π (D4 — d4)/32 формуласы бойынша өзектің қиғаш қимасының полярлық инерция моментін есептеуде

D = 20 мм – модельдің жұмыс бөлігінің сыртқы диаметрі;

d = 16 мм - модельдің жұмыс бөлігінің ішкі диаметрі;

деп алу керек.

9. Алынған нәтижені G ығысу модульінің анықтамалық мәнімен салыстыру және ауытқу (%) анықтау:

Δ G= ((G0- G)/ G0)100 %

10.Зертханалық жұмыс бойынша есеп құру

11. Зертханалық жұмысты қорғау

 

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі материалдар үшін ығысу кездегі серпімділік модулі неге тең?

2. Қандай физикалық өлшемдердің арасында ығысу модулі пропорционалды болады?

3. Радиандағы бұралу бұрышын қалай градусқа бұруға болады.?

4. Ығысудағы серпімділік модулі оның эксперименталды анықтауда қандай формула бойынша есептеледі?

5. Бұраушы момент дегеніміз не? Ол бұл зертханалық жұмыста қалай анықталады?

6. Бұралу бұрышы дегеніміз не? Ол бұл зертханалық жұмыста қалай анықталады?

7. Полярлық инерция моменті дегеніміз не? Ол дөңгелек тегіс және жұқа қабырғалы цилиндрлік қимада неге тең?

8. Жүктеменің қай түрі бұралу деп аталады?

9. Эксперимент нәтижесі бойынша зерттелген жүктеме диапазонына ығысу үшін Гук заңы сызықты екенін дәлелдеу.

10. Торсионды білік дегеніміз не?

 

Дебиет

1 Б.У. Аубакиров, А.С. Бектегенова, Қ. М. Тлеумбетов Материалдар кедергісі зертханалық практикум Астана, 2004.

2 Борисов Е.К., Васиильченко Н.П., Ляндзберг А.Р., Павлов А.В. Сопротивление материалов. – Петропавловск – Камчатский 2007.

3 Афанасьев А.М., Марьин В.А. Лабораторный практикум по сопротивление материалов. - М.: Наука, 1975.

4 Писаренко Г.С., Агарев В.А., Квитка А.Л. и др. Сопротивление материалов. – Киев: Высшая школа, 1974.

5 Степин П.А. Сопротивление материалов. – М.: Высшая школа, 1988.

6 М.Ф. Үркімбаев, С. Жүнісбеков Материалдар кедергісі. – А.: Мектеп, 1986.

7 З.М. Рахымбекова Материал кедергісі. – А.: Мектеп, 1987.

8 Сборник задач по сопротивлению материалов. Под ред. В.К. Качурина. – М.: Наука, 1972.

9 Федосеев В.И. Сопротивление материалов. - М.: Наука, 1986.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ондырғының сипаттамасы| Ысқа теориялық мәлімет

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)