Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары

Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері |


Читайте также:
  1. Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі.
  2. Созылмалы қабыну процесіне сәйкес келетін протеинограмманың типін анықтаңыз?
  3. Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.
  4. Стратегияны енгізу және баланстандырылған (сәйкестендірілген) бағалау көрсеткіштері.
  5. Функционалды өзіндік құнды калькуляциялау анықтамасы мен оған қажеттілік.

Негізгі ұғымдары: іс-әрекет, жоятын, мән-жайлар, қажетті, қорғану, жалған.

Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің кылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты.

Формальды түрде алсақ, олар қылмыстық іс -әрекет сияқты, бірақ шын мәнінде ондай емес. Іс-әрекеттің қылымыстылғын болдырмайтын мән-жайлар деп ондай жағдайда зиян келтіру қылмыстық іс-әрекетті жасау деп қарастырылмайтын ерекше жағдайды түсіну керек.

Қылмыстылық термині қылмыстық іс-әрекетке тән белгілерді көрсету үшін қажет. Іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлардың болуы іс-әрекетте қылмыс белгілерінің жоқтығын көрсетеді. Сонымен, Қылмыстық кодексте іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жеті мән-жай қарастырылған:

a. қажетті қорғану (32-бап);

b. қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру (33-бап);

c. аса қажеттілік (34-бап);

d. жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (34-1-бап);

e. орынды тәуекел ету (35-бап);

f. күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу (36-бап);

g. бұйрықты немесе өкімді орындау (37-бап);

Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және кұкыктық тәртіпті қорғау үшн қажетті қорғанудыц маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу.

Заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін шабуыл жасаушыға қорғанушының ойынша қажетті және жеткілікті мөлшерде дене зақымын немесе мүліктік зиян келтіру арқылы қоғамға қауіпті қастандыққа белсенді қарсы тұру қажетті қорғану деп аталады.

Қорғанудың заңды болу шарттарын екі топқа бөлу керек: кез келген астандық әрекет басталғанға дейін анық айтуға болатын жалпы шарт және сипаты қажетті қорғанудың әрбір актісінде қастандық әрекеттің қауіптілігне және одан нақты қорғануға байланысты анықталатын өзіндік ерекше шарт.

Қорғанудың заңдылығының бірінші жалпы шарты қажетті қорғану ережесі бойынша қорғалуы мүмкін объектілердің ауқымымен анықталады олар анықталған (адамның жеке басы, тұрғын үй, меншік, жер учаскесі және басқа да құқықтар, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері).

Екінші жалпы шарт – зиян тікелей қастандық жасаушығакелуі керек. Егер бұл шарт сақталмаса және шабуылды тойтарғанда зиян үшінші біреуге келсе, онда қажетті қорғану актісі де болмайды. Қастандық жасаушыдан қателесіп үшінші адамға зиян келтіру немесе қастандық әрекетке қатыспаған басқа біреуге кездейсоқ зиян келтіру қорғану әрекетінің заңды болуының шартын бұзғандық болып табылады.

Қажетті қорғану шегін сақтау қол сұғұшыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру, қол сұғұшылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Кылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық.

Аса қажеттілік. Аса кажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса кажеттіліктің қажетті қорғаудан айырмашылығы.

Төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, бақылаудан шығып қалған техногендік процестер, қауіп төндіретін басқа да факторлар түрінде адамның, қоғамның не мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тікелей қатердің болуы аса қажеттіліктің негізі болып табылады.

Аса қажеттілік жағдайында жасалатын әрекеттердің мақсаты – адамның, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою.

Сол төнген қауіпті жоюдың тәсілі – үшінші тұлғаның заңды мүддесіне, яғни бөгде адамның кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның мүддесіне зиян келтіру, сол арқылы төнген қауіптің бетін қайтару.

Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тауекел деп танымаудың шарттары.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

Бұйрықты немесе өкімді орындау.

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.

1. Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, коғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдык, және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әре-кеттер формальдык. жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген кылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақта бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған кауіпті жою, тойтару коғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Әрбір азаматтың конституциялық борышы қоғамдык қатынастарды кылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.

2. Қажетті корғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетгі қорғанудың қоғамға кауіптілігі жоқ. Қажетті корғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады.Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 357 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі| Жаза теориялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)