Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Пән пререквизиттері. | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері | Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі |


Читайте также:
  1. On-line семинары
  2. Автоматты реттеуіштің жеткілікті дәлдікпен реттелетін параметрдің шамасын белгіленген өзгеріс заңы бойынша ұстап тұру қабілеті.
  3. Арт-тренинг-семинар
  4. Бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату
  5. Бап. Таѕдаушылардыѕ шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатыныѕ ґкілеттігін тоќтату
  6. БРАЙАН ТРЕЙСИ - ИЗВЕСТНЫЙ ЛЕКТОР, КОНСУЛЬТАНТ И РУКОВОДИТЕЛЬ СЕМИНАРОВ
  7. Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

 

1-тақырып - «Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі.»

Қылмыстық құқық - іс-әрекеттің жазаланушылығын және қылмыстылығын бекітетін заң нормаларының жүйесі. Қылмыстық құқық өркениеттің және мәдениеттің құбылысы және құқықтың жеке сапасы.

Қылмыстық құқық - тарихи негізділігі, дүниежүзілік өркениеттің дамуы мен қылмыстық құкыктың жетілуі. Қылмыстық құкықтың пәні және әдісі. Қылмыстық-құқықтық реттеу панінің және әдісінің ерекшелігі және баска құқық салаларының әдісі мен пәндерінен айырмашылығы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі.

2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен жүйесі.

Әдебиеттер тізімі:

1) Қылмыстық құқық (ж. Б.):А.Н.Ағыбаев Алматы «Жеті жарғы» 1998.

2) Уголовное право. Общая часть: ООҚ И.Я. Козаченко Москва,1998.

3) Уголовное право. Общая часть: Г.Ф. Поленов Алматы: «Дәнекер» 1998.

4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім, (Альбом үлгі). Алматы «Дәнекер» 2000.

5) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997ж 16 шілде, 03.07.2014 ж өзгерістер мен толықтыруларымен.

 

2-тақырып – «Қылмыстық заң»

Қылмыстық заң үғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау - қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.

Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы.

Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң.

Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының кұрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері.

Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қылмыстық заңның түсінігі

2.Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші

3.Қылмыстық заңның мезгілдегі күші

Әдебиеттер тізімі:

1) Уголовное право Республики Казакстан (общая часть) учебник:

ответственные редакторы. Профессор: И.И. Рогов доц. Г.И. Баймурзин Алматы: «Жеті жарғы» 1998.

2) Қылмыстық құқық пәні бойынша қосымша әдістемелік құрал. Автор: А.Н.

Ағыбаев Әль-Фараби атыңдағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті.1998

6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі1997ж 16 шілде, 03.07.2014 ж өзгерістер мен толықтыруларымен.

3) Қазақстан Республикасының ӘӘМ Академиясы Дәнекер халықаралық құқық

және халықаралық бизнес институты.Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Альбом үлгі. Алматы 2000.

 

3-тақырып – «Қылмыстың түсінігі.»

Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.

Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және онын мазмұны.

Әкімшілік, азаматгық, тәртіптік және тағы басқа құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы.

Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды жіктеу түсінігі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қылмыстың мазмұны.

2.Қылмыс белгілері.

3.Қылмыс санаттары.

Әдебиеттер тізімі:

1.Қылмыстық құқық (жалпы бөлім) А.Н. Ағыбаев.Уголовное право Республика Казахстан оқулық құрал Алматы 1999. автор:

2.Г.Ф.Поленов изд. «Юрист»., Қылмыстық құқық пәні бойынша әдістемелік құрал.

3.авт. А.Н.Ағыбаев Алматы 1998., Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті.

 

4-тақырып «Қылмыстың құрамы.»

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен кылмыс құрамының арақатынасы.

Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі.

Қылмыс құрамының құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының түрлері.

Қылмыстық занды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар.

Қылмыстың құрамы деп - Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қылмыс құрамының ұғымы.

2.Қылмыстың факультативті элементтері.

3.Қылмыс құрамының белгісі.

Әдебиеттер тізімі:

1) Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве

М., 1963. авт: Я.М. Брайлин.

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (ж. б).

А.Н.Ағыбаев, оқулық Алматы…,1998. «Жетi жарғы»

3) Қылмыстық құрам Л..., 1968. авт: К.С. Лейким

4) Уголовное право Республики Казахстан А..., 1999., Г.Ф. Поленов, учебник,

изд. «Юрист»

5) Қылмыстық құқық пәні бойынша қосымша әдістемелік құрал А..., 1998.

КАЗМҰУ авт: А.Н. Ағыбаев

5 -тақырып «Қылмыс объектісі»

Сұрақтары:

1.Қылмыс объектісінің түрлері

2. Қылмыстың заты және оның қылмысты саралау үшін маңызы

3.Қылмыс объектісі мен қылмыс заты арасындағы қатынас

Әдебиеттер тізімі:

1.«Қылмыстық құқықтағы қылмыстық объект туралы жалпы білімнің кейбір сұрақтары» М.А. Гельфер, (Уг. Зап ВЮЗИ. Вып. 7.М..., 1959).

2.«В.Р. Қылмыстық құқығы (жалпы білім). А.Н.Ағыбаев. Алматы..., 1998.» «Жеті жарғы»

3.«Уголовное право Республики Казахстан» Г.Ф. Паленов Алматы...,1999. «Жеті жарғы»

6 -тақырып « Қылмыстың объективтік жағы »

Сұрақтары:

1.Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы әрекет

2.Күрделі, созылмалы, жалғаспалы қылмыстардың түсінігі

Әдебиеттер тізімі:

1.«Проблемы учения об объективной стороне состава преступления» М.И.Ковалев Красноярск...., 1991.

2.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы», А.Н.Ағыбаев Алматы...., 1998., (жалпы бөлім) «Жеті жарғы».

 

7-тақырып « Қылмыс субъектісі»

Сұрақтары:

1.Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы

2.Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері

Әдебиеттер тізімі:

1. Преступность и психические анамалии Москва, 1987. авт: Ю.М. Антонян, 2. «Случайный преступник» Томск, 1984. Ю.В.Голик

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» Алматы,1998.«Жеті жарғы» авт.А.Н. Ағыбаев

3.«Уголовное право Республики Казахстан» Алматы., 1999. изд. «Юрист» авт. Г.Ф. Поленов учебник.

 

8 -тақырып «Қылмыстың субъективтік жағы»

Сұрақтары:

1.Қасақаналық және оның нысандары

2.Абайсыздық және оның түрлері

Әдебиеттер тізімі:

1.«Мотивы преступлений» Б.С.Волков Казань, 1982.

2.«Умысел и его форма» Москва…, 1972., Г.А.Злобин, Б.С.Никифоров

3.«Уголовное право Республики Казахстан» Г.Ф.Поленов изд. «Юрист» Алматы..., 1999.

4.Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) оқулық, Алматы…,1998. «Жеті Жарғы» А.Н. Ағыбаев.

9-тақырып – «Қылмыстық жауаптылық және оның негізі.»

Қылмыстық жауаптылық - заңды жауаптылықтың бір түрі. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылық мәселесі. Қылмыстық жауаптылықтың мәні.

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықтың негізі. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негізі туралы.

Қылмыстық-құкықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың субьектілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мәселесі туралы.

Қылмыстық жауаптылықтың туындауы және оны жүзеге асыру нысандары. Қылмыстық жауаптылықтың тоқтатылуы, қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауаптылық, жаза және өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Түсінігі және түрлері.

2.Ескеру мерзімі және оларды есептеу.

3.Сотталғандықтан арылу және жою.

Әдебиеттер тізімі:

1. «Стадии совершения преступления по советскому уголовному праву» Москва., 1955, Н.Д. Дуриенов

2. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» А.Н. Ағыбаев (ж.б.) Алматы,1998. «Жеті Жарғы»

10-тақырып – «Қасақана қылмыс жасау сатылары.»

Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.

Қасақаналықты табу, оның жазалаушылығы.

Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыс құрамының конструкциясы және қылмыстың аяқталу сәті.

Аяқталмаған қылмыс (алдын-ала қылмыстық әрекет). Қылмысқа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық негізі.

Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілсрі. Дайындалудың қасақаналықты анықтаудан айырмашылығы. Қылмысқа дайындалудың жазаланушылық шектері.

Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері. Оқталудың қылмысқа дайындалу мен аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Оқталудың түрлері.

Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілсрі. Шын өкіну, оның қылмыстан өз еркімен бас тартудан айырмашылығы және қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін соттар мен құқық қорғау органдарының өз еркімен бас тарту және шын өкіну туралы нормаларды қолдануы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері.

2. Аяқталған қылмыстың түсінігі.

3. Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілсрі.

Әдебиеттер тізімі:

1.«ҚР Қылмыстық құқығы» (жалпы бөлім) Алматы, 1998., «Жеті жарғы» авт. Г.Ф.Поленов.

2.«Уголовное право РК» (общая часть) Алматы.., 1999., изд. «Юрист» авт. Г.Ф.Поленов.

 

11-тақырыпҚылмысқа қатысу»

Қылмысқа қатысу ұғымы. Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауілтілігінің жоғарылылығы. Қатысудың субъективтік және объективтік белгілсрі.

Қатысу нысандары және оның жіктелу межелсрі. Қатысу нысандарының заңды сипаттамасы. Қылмысты адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу бойынша ұйымдасқан топтың және қылмыстық ұйымның жасауы. Қатысу нысандарының қылмыстык-құқыктық маңызы.

Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері. Жанама орындаушының түсінігі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Түсінігі, түрлері және нысандары.

2.Қатысушылардың түрлері.

3.Қылмысқа жанасушылық.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қылмыстық құқық оқулық (жалпы бөлiм) авт: А.Н. Ағыбаев Алматы «жетi жарғы» 2001.

2.Баулин Ю.В. обстоятельство искмочающие преступность деяния. Харьков.

3.»Необходимая и крайняя необходимость» М,1962. авт: Паше-Озерский Н.Н.

4.»Уголовное право РК» авт: Г.Ф. Поленов учебное пособие Алматы 1999.

 

 

12-тақырып – «Қылмыстардың көптілігі.»

Кылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстардың көптілігінің нысандары.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Кылмыстардың бірнеше рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар.

Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жиынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі жеке кылмыстардан айырмашылығы.

Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың кайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы кайталану.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Түсінігі және сипаттамасы.

2.Қылмыстың көптігінің түрлері.

3.Құрамы.

Әдебиеттер тізімі:

1. «Множественность пресчтуплений» / Владивосток, 1969., авт. Дагель П.С.

«Повторность преступления» М, 1983, Т.Э.Караев;

2. «Совокупность преступлений (вопросы квалификаций и назначения наказания)» В.П. Малков Казань, 1924.

3. «Уголовное право РК»,И.И.Рогов (общая часть)«Жетi жарғы» Алматы,1998.

 

13-тақырып – «Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар.»

Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің кылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттін қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты.

Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және кұкыктық тәртіпті қорғау үшн қажетті қорғанудыц маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Кылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық.

Аса қажеттілік. Аса кажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса кажеттіліктің қажетті қорғаудан айырмашылығы.

Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тауекел деп танымаудың шарттары.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

Бұйрықты немесе өкімді орындау.

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Түсінігі.

2.Қажетті қорғану және жалған қорғану.

3. Қажетті қорғанудың заңға сәйкес шарттары

Әдебиеттер тізімі:

1.ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындалған кезде соттардың Заңдылықты сақтауы туралы» 1999 ж 30 сәуiрдегi №1 қаулысы (Егемен Қазақстан, 21 мамыр 1999);

2.ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың рецидивтi қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi қарау тәжiрибесi туралы» 27 мамыр 1994 жылғы қаулысы (ҚР Жоғарғы Соты Жарғысы, 1994 №3);

3.«Цели наказания и средства их достижения» Н.А.Беляев Л, 1962;

14-тақырып «Жаза түсінігі және мақсаттары»

Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ыкпал етуден айырмашылығы.

Мемлекеттің қылмыстылықпсн күрес жүйесіндегі жазаның орны.

Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және арнайы ескерту.

Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және жаза мақсаттарына жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жазаның түсінігі.

2. Жазаның мақсаттары.

3. Жаза теориялары.

Әдебиеттер тізімі:

1.«Индивидуализация наказания в советском уголовном праве» М, 1961. И.И. Карнец.

2.«Уголовное осуждение и роль общественности обстоятельства в уголовном праве» М., 1963, Г.А. Кригер.

3.«Смегчающие и отягчающие ответственности обстоятельства в уголовном праве» Воронеж, 1985, Кругликов Л.Л.

4.«Применнение уголовного осуждения» Харьков, 1976, В.Л. Ломоко

 

15-тақырып – «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының әлеуметтік сипаттамасы.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері,

Кәмелетке толмағандарға жаза тағындау ерекшеліктері.

18 жасқа дейінгі тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босату.

Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу сипатындағы шаралар. Бұл шаралардың қылмыстық жазадан айырмашылығы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жалпы сипаттама.

2.Жаза түрлері.

3.Жауаптылық пен жазадан босату

Әдебиеттер тізімі:

1.«Преступность и кампромисс» Х.Д. Аликперов Баку, 1992.

2.«Давность в уголовном праве» М., 1973 В.Е.Смольников

3.«Погошение и снятие судимости по советскому уголовному праву» Харьков, 1979 В.В.Голина

 

 

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бағалау саясаты| Тақырып «Қылмыстың түсінігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)