Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыс санаттары

Пән пререквизиттері. | Бағалау саясаты | Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері | Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі |


Читайте также:
  1. Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары
  2. Тақырып «Қылмыстың түсінігі
  3. Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
  4. Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі
  5. Ылмыс құрамының белгісі
  6. Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері

Негізгі ұғымдары: Материалды және формальді қылмыстар, әкімшілік, азаматтық, тәртіп, қылмыстың материалдық мәні.

Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.

Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және онын мазмұны.

Егер қылмыс ұғымының формальды анықталуында құқыққа қайшы іс-әрекеттің формальды белгісіне баса назар аударылса, материалдық анықтауда формальды белгілермен қатар қоғамға қауіпті әрекетке немесе әрекетсіздікке жататын материалды белгілердің де болуы міндетті.

Қылмыс ұғымына анықтама ҚК-нің 9 – бабында берілген «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады».

Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі.

Қоғамға қауіптілік бұл - әрекеттің объективтік қасиеті, ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты зиян келтіреді немесе қауіп төндіреді.

Әкімшілік, азаматгық, тәртіптік және тағы басқа құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы.

Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды жіктеу түсінігі.

Қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретінде түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық.

Қылмыстық құқықтың негізгі мәселерінің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғамарасындағы қатнастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатнастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттері болып табылады.

Қылмыстың маңыздылығы бойынша емес, қарау реті бойынша екінші тұрған белісі – қылмыстық құқық қайшылығы, іс-әрекетке қылмыстық заңда тыйым салынғандығы. Құқыққа қайшылық, бұл қылмыстың формальды белгісі.

Қылмыстық заңда тыйым салынған іс -әрекет ғана қылмыс деп саналады. Құқықтың басқа салаларына қайшы келшгендік іс-әрекетті қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан аумағында шет ел валютасымен мәміле жасауға Валютаны реттеу Заңы тыйым салған, ал мұндай іс-әрекет ҚК-де қарастырылмаған, сондықтан ол қылмыс емес. Бәлкім, қылмыстың формальды белгілерінің қазіргі ерекше маңыздылыққа ие болғандығын атап өткісі келіп заң шығарушы ҚК-нің 9-бабының 1-бөлігінде қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық норманы сөзбе сөз берген (Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 10-тармақшасы).

Қылмыстың келесі белгісі – қылмыстық жазалаушылық. Жаза қолдану қаупі жоқ қылмыстық-құқықтық тыйым ол тыйым салынған іс-әрекетті қылмыс деп санауға негіз бермейді. Мысалы, ҚК-нің Жалпы бөлімінде бірқатар тыйымдар белгіленген (іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазалануын белгеілейтін, сол әрекетті жасаған адамның жауапкершілігін немесе жазасын күшейтетін немесе жағдайын өзге жолмен нашарлататын заңға кері күш беру және т.б.). бірақ бұл тыйымдар, мысалы ҚК-нің 350-бабында (көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару) көзделген қылмыстық белгілерге жатпаса, оларды бұзғандық қылмыс болып табылмайды.

Адамға құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.

Қылмытың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді.

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін.

Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады

(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (355-бап).

Қылмыс санаттары (ҚР ҚК-нің 10 бабы):

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа; РРррршгндшүн

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстықкодекестің 10-бабына сәйкес:

1. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

2. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

4. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы - қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыстық заңның мезгілдегі күші| Ылмыс құрамының белгісі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)