Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың түсінігі және белгілері мен түрлері

Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Қылмыс 1 немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы, қоғамға қауіпті әрекеттерінің нәтижесінен туындайды. Қылмысқа қатысу ҚК-тің 27 бабында көрсетілген. 27 бап бойынша: Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады

ҚК-те қылмысқа қатысуды саралағанда 2 белгіні пайдаланады: 1. қылмысқа қатысушылардың өзара тәсілі;2. өзара келісімнің деңгейі.Қылмысқа қатысу қылмыстың ерекше түрі ретінде объективті және субъективті белгілерімен ерекшеленеді. Себебі, қылмысқа қатысушылар объективті, субъективті белгілерінде көрсетілген іс-әрекетті толық жүзеге асырады. Сонымен қатар, қылмысқа қатысушы объективті белгісі ретінде: 1.Қылмысқа 2 немесе одан да көп адамның қатысуы.2.Белгілі бір нәтижеге жету үшін біріккен қылмыстық әрекеттің сипаты.3.Әрбір қылмысқа қатысушылар әрекетіне қылмысты орындаушыдан келген қылмыстық нәтиже арасындағы себепті байланыс.

 

 

15.ҚР-ның қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың нысандары Қылмысқа қатысудың нысанын белгiлеу бiрлескен қылмыстық əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн көрсетуге мүмкiндiк бередi. Қылмысқа қатысушылардың өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне олардың əрекеттерiнiң келiсушiлiк дəрежесiне қарай, қылмысқа қатысудың мынадай нысандары бар: • жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы), • күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы); • ұйымдасқан топ; • қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым). Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың шегiнен тыс қылмыстық рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын алуымен сипатталады. Бұл жерде заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуi болмайды. Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын əр түрлi мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады. Жай қатысудың тағы бiр ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы. Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала сөз байласып, келiскен қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем емес қатысушылары бар адамдар тобымен жасалған қылмыс танылады. Күрделi қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасындажеке орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады. Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды. Бұл əрекеттердiң нысаны ғана емес, сонымен бiрге қылмыстың жасалу орны мен уақыты да сəйкес келмейдi. Қылмыс құрамын құрайтын əрекеттердi орындаушы тiкелей жасайды, ал қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы жəне көмектесушi рольдерiн атқарады. Қылмысты бiрлесiп iстеуде рольдердiң əр түрлi байланысы болуы мүмкiн: бiр жағдайларда орындаушыдан басқа айдап салушы жəне көмектесушi, ал тағы бiр жағдайларда орындаушы мен көмектесушi жəне т.б. болады. Орындаушының əрекеттерi жасаған қылмысты қарастыратын бап бойынша сараланады. Басқа қатысушылардың əрекеттерi де осы бап бойынша сараланады, бiрақ ҚР Қылмыстық кодексiнiң 28-бабына сiлтеме жасалынады. Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасындаұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Ұқсастығы болып екi нысанның да алдын-ала сөз байласу арқылы пайда болуы табылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылықдəрежесi аз болады, олар негiзi алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi белгiсi болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты жасау, ал кейбiр кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады. Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа, ұйымдастырушылық мезеттерге ие болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы, қатысушыларды жинауы, рольдердi бөлуi жəне т.б. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары ұйымдасқан қылмыстық құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен, олардың рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың арасында тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ қатынастың болуыменсипатталады. Қылмыстық сыбайластық ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылады деген заңның ережесi, оның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығын көрсетедi. Қылмыстық сыбайластықтың сипатты белгiсi болып оның топтасқандығы, тұрақтылығы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасауға бағытталуы танылады. Қылмыстық сыбайластық күрделi ұйымдасушылық құрылымға ие болады. Ол барлық қауымдастықтың, ұйымдасушылық дəрежесi мен қызметiнiң ауқымы бойынша ажыратылатын оның бөлек топтарының иерархиялық құрылуын көрсетедi. Қылмыстық қауымдастық əдетте ұзақ уақытқа құрылады. Ол ауыр жəне аса ауыр бiрнеше қылмыстарды жасау, сонымен бiрге күрделiлiгiмен ерекшеленетiн бiр қылмысты жасау мақсатын көздеуi мүмкiн. Ұйымдасқан топты, қылмыстық сыбайластықты құрған адам ұйымдасқан топты не қылмыстықсыбайластықты басқарғаны жəне ұйымдастырғаны үшiн, сонымен қатар өзiнiң ниетiмен қамтылған барлық жасаған қылмыстары үшiн Ерекше бөлiмнiң тиiстi баптарында көрсетiлген жағдайларда жауаптылыққа тартылады. Қылмысқа қатысу нысандары. ҚК-те қылмысқа қатысуды саралағанда 2 белгіні пайдаланады1. қылмысқа қатысушылардың өзара тәсілі;2. өзара келісімнің деңгейі.Осы белгілерге сәйкес: жай қылмысқа қатысушылық, күрделі қылмысқа қатысушылық, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым болып бөлінеді. Жай қылмысқа қатысушылыққа 2 ерекшелік тән: 2 ерекшелік. Олардың қылмыстық рөлдерді бөлмей, бірдей әрекет етуі.2 ерекшелік. Әрбір қылмысқа қатысушылар әрекетінің 1 уақытта, 1 орында болуы (сөз байласса да). Бұндай форма алдын ала сөз байласып, істеген қылмысқа қатысушылықта да болуы мүмкін. Күрделі қылмысқа қатысу – ұйымдастырушы, орындаушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты заңдық рөлдерге бөлінуімен сипатталады. ҚК-тің 31б-1т. бойынша Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған қылмыс деп танылады. Қылмыстық топ құрған не оған басшылық еткен адам ҚК-те Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ егер қылмыстар оның пиғылында болған болса, қылмыстық топ жасаған барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.

 

16.Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық, жекелеген қылмыс түрлерінің аяқталу сәті. Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс. Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі

17.Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түсінігі және түрлері. Қажетті қорғанудың заңдылық шарттары. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк органдардың ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей, қылмыстық заңға қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар деп қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған мақсатқа сай әрекеттерді айтады. Мұндай мән-жайларға жататындар: 1. Қажетті қорғану;2. қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;3. жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;4. аса қажеттілік;5. орынды тәуекел ету;6. күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;7. бұйрықты немесе өкімді орындау.Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады. Қажетті қорғану – 32б. Қауіп төндірушіге зиян келтіру арқылы қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан заңды қорғану б.т. Қорғану – заң шеңберінен шықпайтын қылмыстық жауапқа тартылмайтын қорғану болу керек. Қажетті қорғануды мынадай жағдайда қолдануға болады: 1. қажетті қорғану арқылы адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау;2. қорғану қол сұғушыға зиян келтіру арқылы жүзеге асу;3. қорғануда шектен шықпаушылық. Шектен шығу – қажетті қорғану кезінде шектен шығушылық қасақана зиян келтірген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

18.ҚР-ның қылмыстық құқығы бойынша жаза түсінігі, белгілері және мақсаттары. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк органдардың ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей, қылмыстық заңға қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар

ҚР қылмыстылықпен күресуде бірнеше әдістеме-шараларды қолданады. Соның ішіндегі қажетті шаралардың бірі – жаза б.т. Жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-те көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты – 39б-2т. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi. Бұдан жазаның 3 мақсаты туындайды:1. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру – сотталғандарды түзету, жаңа қылмыстардың жасалуынан сақтандыру.2. Сотталған адамдарды түзетудің мақсаты – сотталғандардың тәртібі мен техникасын жаңа жаққа бұру, олардың қоғамға қайшы келетін көзқарстары мен әдеттерінен арылту.3. Жаңа қылмыстарды жасауды сақтандыру мақсатында - арнайы ескерту және жалпы ескерту (заң шеңберінен шығайын деп қалған азаматтар үшін)

 

 

19.ҚР-ның қылмыстық құқығы бойынша жазалар жүйесі. Жаза жүйесi – ауырлығы ескерiлiп белгiлi бiр ретпен орналасқан, сот үшiн мiндеттi болып табылатын қылмыстық заңда бекiтiлген жазалар түрiнiң түпкiлiктi тiзiмi. ҚР ҚК-нiң 39-бабында жазалар жүйесi орналасқан. Олар: 1). Айыппұл салу, 2). Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3). Қоғамдық жұмыстарға тарту; 4). Түзеу жұмыстары; 5). Əскери қызмет бойынша шектеу; 6). Бас бостандығын шектеу; 7). Қамау; 8). Тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау; 9). Бас бостандығынан айыру; 10). Арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; 11). Мүлкiн тəркiлеу; 12). Өлiм жазасы. Қылмыстық кодексте жазалар жүйесi жеңiлдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тiзiлген. Жүйеге кiретiн жазаның барлық түрлерi үш топқа бөлiнедi: негiзгi, қосымша жəне балама, яғни негiзгi де қосымша да болып табылатын жазалар. Негiзгi жазалар бұл жазаның дербес түрi ретiнде ғана тағайындалатын түрлерi, оларды басқаларына қосымша ретiнде бiрiктiруге болмайтын жаза түрлерi. Негiзгi жазаларға: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; əскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы. Қосымша жазалар – негiзгi жазаға қатысты көмекшi сипатқа ие жаза түрлерi. Оларға: арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу. Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжірибе үшін аса маңызды. Жаза түрлерi (40-бап). 1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар: 1) айыппұл; 2) түзеу жұмыстары;3) қоғамдық жұмыстарға тарту;4) қамауға алу қолданылуы мүмкiн.2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:1) айыппұл;2) түзеу жұмыстары; 3) бас бостандығын шектеу;4) бас бостандығынан айыру;5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:1) мүлкін тәркілеу;2) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру; 3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін

20.Бас бостандығынан айырумен байланысты жаза түрлері және олардың сипаты. Бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери белімде ұстау. Өлiм жазасы (47-бап) - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі. Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Бас бостандығынан айыру (46-бап) дегеніміз сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б. Қамау (45-бап) дегеніміз - сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.Қамау өзінің мәні женінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы занда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады.Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамауды гауптвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын — арнаулы қамау үйлері болып табылады. Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады. Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару зандарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ алады.

21.ҚР-ның қылмыстық заңнамасындағы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерін заңды қолдануды, соның ішінде айыппұл төлеу, қоғамдық жұмысқа тарту және бостандығын шектеу, сонымен қатар тұтқындауға баламаланатын бұлтартпау шараларын қолдану қарастырылып отыр. 41-бап. Айыппұл 1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу.2. Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде, ал осы Кодекстің 366, 367 және 368-баптарында көзделген қылмыстар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында белгіленген мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын және сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, сот айқындайды.3. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, осы Кодекстің 43 және 45-баптарының ережелері ескеріле отырып, ол бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады.Қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, ол төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бұл ретте осы Кодекстің 366, 367 және 368-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыппұл осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.42-бап. Түзеу жұмыстары1. Түзеу жұмыстары дегеніміз – сотталған адамның жалақысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде мемлекет кірісіне ақша өндiрiп ала отырып, оны негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке тарту және ол сотталған адамның жалақысының (ақшалай үлесінің) жиырмадан қырық пайызға дейінгісін ай сайын мемлекет кірісіне аударып отыру арқылы орындалады. Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді.2. Еңбекке қабілетсіз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе өндірістен қол үзіп оқу орындарында оқитын адамдарға түзеу жұмыстары тағайындала алмайды. 3. Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайларда, қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі – осы Кодекстің 43 және 45-баптарының ережелері ескеріле отырып, бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.43-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейiн белгiленедi және сотталған адам оларды өтеу уақытына негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытында күнiне төрт сағаттан асырылмай, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны болмаса және ол оқуда болмаса – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 45-бабының ережелері ескеріле отырып, олар қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады.3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

 

 

22.Жаза тағайындаудың жалпы негіздер. Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты, маңызды саты болып табылады. Өйткенi, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, əлеумет тiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiруге, қылмыстардың алдын алуға ықпал етедi. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткiзу көбiне қылмыстық жазаларды əдiл əрi негiздi тағайындаумен анықталады. Қылмыс жасаған адамға белгiлi бiр жазаны жеке дара тағайындау «Жаза тағайындаудың жалпы негiздерiң деп аталатын арнайы ережелерге сəйкес жүргiзiледi. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi дегенiмiз -əрбiр нақты iс бойынша жаза тағайындау кезiнде сот басшылыққа алуы тиiс заңмен бекiтiлген белгiлер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негiздерi ретiнде: жазаның əдiлеттiлiгi, мақсатқа лайықтылығы, тиiмдiлiгi айтылады. ҚК-тiң 52-бабының 1-бөлiгiнде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте жəне ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, əдiл жаза тағайындалады ң - делiнген. Жаза əдiлеттi деп танылады, егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне, кiнəлiнiң жеке тұлғасына жəне қылмысты жасау жағдайларына сəйкес тағайындалатын болса. Негізгі жазалар дегеніміз - заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: а) айыппұл салу;б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;в) қоғамдық жұмыстарға тарту;г) түзеу жұмыстары;д) әскери қызмет бойынша шектеу;е) бас бостандығынан шектеу;ж) қамау;з) тәртіптік әскери бөлімде үстау;и) бас бостандығынан айыру;к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (47-бап). Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз – әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. ҚК-тің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген. Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.

23.Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, олардың сипаты. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар (53-бап). 1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау; 2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы;3) жүктілік; 4) кінәлі адамның жас балаларының болуы;5) медициналық немесе өзге де көмекті көрсету салдарына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге тiкелей осындай көмек көрсету;6) қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеу, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық және өзге де зиянның орнын толтыру;7) жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық уәжімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;8) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгiне қарай қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 9) қажеттi қорғаныстың, аса қажеттiлiктің, құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алудың, негізді тәуекелдің, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың, жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде құқыққа сыйымдылық шарттарын бұзу жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;10) жәбiрленушiнiң қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткi болған заңға қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқы;11) шын ниетпен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесiнде алынған мүлiктi іздестіруге белсенді түрде ықпал ету. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар (54-бап). 1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы;2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау;4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару; 5) кінәлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi көрінеу белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тарту;6) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың құқыққа сыйымды әрекеттері үшiн кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;7) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрінеу белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кінәлі адамға тәуелдi адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;8) адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау;9) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 10) қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды имитациялайтын құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық препараттар пайдаланып, сондай-ақ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы қауiптi тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасау;11) төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау;12) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасау. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауға құқылы;13) адамның өзi берген сертін немесе кәсiби антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;14) кінәлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;15) билік өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжаттарын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасау;16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, судьяның өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1008 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
CHAPTER EIGHT| Ылмыстық құқық бұзушылықтың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)