Читайте также: |
|
Маркетингтік зерттеулердің ақпарат көздері екі негізгі әдістердің комбинациясынан тұрады: бірінші ретті және екінші ретті зерттеулер.
· Екінші ретті ақпарат, яғни бұрын жарияланған, газет немесе ғаламтор беттерінен табуға болатын ақпарат.
· Бірінші ретті ақпараттар қолда жоқ ақпараттарды және нақты бір маркетингтік мәселені шешу үшін жүргізілген далалық маркетингтік зерттеулер нәтижесінде алынады. Оларды жинау жалпы зерттеулердің жиынтығы – таңдаманың бір бөлігі ретіндегі сұрау жүргізу арқылы,эксперименталды зерттеу арқылы жүзеге асады.
Маркетингтік зерттеулердің мақсатына келетін болсақ, олар нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұйым басшылығын қажетті конъюнктуралық ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезіндегі мәліметтерді жинау әдістерін екі топқа жіктеуге болады: санды және сапалы.
· Сандық әдістер деп – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады.
· Сапалық әдіс – ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат,фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.
Сандық және сапалы әдістер – бәсекелес болып табылмайды, олар бірін-бірі толықтыратын екі құрал десе болады. Сапалы әдістер мәселенің мәнін анықтауға, міндеттерді және кейінгі санды зерттеу үшін түсінік аппаратын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Жалпы бірінші ретті ақпаратты жинаудың келесі жиі қолданылатын үш тәсілі бар: бақылау, эксперимент және сұрау. Осы үш әдісті жеке-жеке қарастырайық.
Маркетингтік зерттеудегі бақылау – таңдалған адамдар тобын, іс- әрекеттерді және жағдайларды бақылау арқылы зерттеу объектісі туралы бірінші ретті маркетингтік ақпаратты жинау әдісі. Сонымен қатар зерттеуші зерттеу объектісіне қатысты және зерттеу мақсаты бойынша маңызды факторларды тікелей қабылдап, тіркейді. Бақылау жүргізу әдістерінің әр түрлілігі, оны жүзеге асыруының төрт жолымен анықталады: тікелей және тікелей емес бақылау, ашық және жасырын, адам арқылы немесе
механикалық құралдар арқылы жүзеге асатын – құрылымдық және құрылымдық емес болып жіктеледі.
Эксперименттік зерттеулерге келетін болсақ, олар біртектес зерттеу топтарын таңдау арқылы, және осы топтарға түрлі тапсырмаларды беріп, нәтижелерге әсер ететін факторларды бақылап, және топтық шешімдердегі айырмашылықтарды салыстыруды көздейді. Мұндай зерттеудің мақсаты – зерттеу нәтижелерінің қарама-қайшы түсіндірулерді сұрыптау арқылы себеп- салдар қатынастарын ашу, айқындау. Тиісті бақылауда бұл әдіс ең сенімді мәліметтерді береді.
Мәліметтерді жинаудың сандық әдістері немесе сұрау әдістерінің мәні – адамдарға, олардың білім деңгейіне, өнімге қатынасына, қалаулары мен сатып алу мінез-құлқына қатысты тура сұрақ қою арқылы, бірінші ретті ақпаратты жинау болып табылады. Сұрау құрылымды және құрылымды емес сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда барлық жауап берушілер бірдей сұрақтарға жауап береді, екінішде – интервьюер алынған жауаптарға байланысты сұрақ қояды
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 319 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі. | | | Іріктеме типтері |