Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маркетингтік зерттеу типтері

Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері | Іріктеме типтері | Пікір сұрау жүргізуді ұйымдастыру | Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру | Маркетингтік зерттеулердегі экспериментальді әдіс | Маркетингтік зерттеулердегі панельдік әдіс. | Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі. | Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі | Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері. | Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері. |


Читайте также:
  1. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  2. Жарнаманы зерттеу бағыттары
  3. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  4. Іріктеме типтері
  5. Кезең 4 – Аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау
  6. Лабораториялық қан зерттеулерінің сапасы мен объективтілігі байланысты?
  7. Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері.

Маркетингтік зерттеулердің түрлері мен негізгі бағыттары.

Маркетингтік зерттеулердің бағыттары және жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы бағыттары. Бағыттарына сәйкес маркетингтік зерттеулердің негізгі түрлері: нарықты, тұтынушыларды, бәсекелестерді, нарықтың фирмалық құрылымын, тауарларды, бағаны, тауар қозғалысын және сатуды, жылжыту жүйесін, кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу болып табылады.Маркетингтік зерттеулер толық және сенімді мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі, бұл мәлімет өз алдына сатып алынатын немесе шығарылатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемін анықтау және нақты тұтыну топтарына оларды мекен-жай бойынша өткізуді ұйымдастыру үшін қажетті негіз. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған. ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет).

 

 

Маркетингтік зерттеу типтері

Сапалық әдіс — ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген. Сандық әдістер деп - жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады. Сандық әдістердің түрлері:

· Жеке сұхбат - интервьюер респондентпен тікелей байланыс орнатуды көздейтін сұрау әдісі.Жеке сұхбат әдісімен сұрау келесідей жүргізіледі: респонденттің тұрғылықты жерінде, көшеде, респонденттің жұмыс орнында, сату орнында Жеке сұхбатты кәсіби мамандаған интервьюерлер жүргізеді. Сұрау үшінші адамның қатысуынсыз жүргізіледi

· Телефондық сұхбат – телефон арқылы жүргізілетін жеке интервью.Әдістің кемшілігі ереже бойыншы телефондық сұхбат 15 минуттан аспауы керек, сондықтан терең, нақты ақпаратты жинау мүмкін емес.

· Пошталық сұрау жүргізу кезінде анкеталар респонденттерге пошта арқылы толтырылған анкетаны қайтару үшін кері мекенжайы жазылған бос конвертпен қоса жіберіледі.

· Панельдік зерттеу – бір таңдаманы қолдану арқылы анықталған уақыт интервалында ақпараттарды жинау әдісі. Әдісті зерттеуші қызығатын нәрсесін зерттеу керек болған кезінде ғана қолданады.

· Холл-тест – жабық мекемеде тауардың жекелеген сипаттамаларын тестілеуге негізделген маркетингтік зерттеудің арнайы әдісі. Холл-тест тұтынушылардың мінез-құлқы және әр түрлі тестіленетін сипаттама бойынша тауардың тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

· Жеке сауда аудиті – жеке сауда нүктелеріндегі зерттелінетін тауар категориясы бойынша ассортиментті, бағаны, дистрибьюцияны, жарнамалық материалдарды талдау. Сауда желісінің аудиті рыноктағы компания позициясының және бәсекелестер қызметінің өзгеру мониторингісінің тиімді құралы болып табылады

Сапалық әдістің келесідей түрлері бар:

· Фокус-топ – модератордың жетекшілігімен алдын ала дайындалған жоспар бойынша еркін формада жүргізілетін топтық дискуссия. Қатысушылардың назары белгілі бір тақырыпқа ауады. Фокус-топ арнайы жабдықталған бөлмеде өткізіледі, 1,5-2 сағатқа созылады, 6-12 адам қатысады.

· Тереңдетілген сұхбат – зерттеушіні қызықтыратын сұрақтарға респонденттен толық жауап алу мақсатында алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілетін жеке сұхбат. Тереңдетілген сұхбат 30 минуттан кем емес уақыт созылады. Аудио немесе видеожазбаға жазылады

· Бақылау – куәгердің қатысуымен тікелей тіркеу жүргізу. Жүргізу шарты бойынша далалық және зертханалық бақылау болып бөлінеді. Бақылаушының жағдайы бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі бақылау кезінде бақылаушы ортаға кіреді, ал сырқы бақылау кезінде бақылаушы сырт жағынан бақылайды.

· Мистер шопинг зерттеу фирмаларының мамандары жүргізетін сатып алу көмегімен клиенттерге қызмет көрсетудің әр түрлі параметрлерін бағалау


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Химическое равновесие.| Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)