Читайте также:
|
|
Маркетингтік зерттеудегі эксперимент дегеніміз - зерттелетін адам топтарына әр түрлі тапсырмалар беру арқылы нәтижеге әсер ететін факторларды басқару. мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады. Артықшылықтары: оқиғаның қайта жандануы; жаңа факторлардың немесе менсінбейтілетін(ИГНОРИРУЕМЫХ) элементтердің болуы. Ерекшеліктері: 1. Өзгеру динамикасын қадағалау; 2. Белгілі бір фактолар арқылы оқиғаға әсер ету; 3. Тәжірибелі оқиғаны жандандыру; 4. Ақпаратты молынан зерттеу; 5. Оқиғаға қабаттаса алу мүмкіндігі. Эксперимент түрлері:
· Зертханалық;
· Далалық.
Зертханалық эксперимент: Эксперименттің бұл түрі жанама факторлардың әсерін тежеу мақсатында белгілі жасанды шарттарды алу арқылы жүргізіледі. М/ы әр түрлі жас, жыныс, әлеумттік топтардан құралған адамдарға түрлі жарнамалардың әсерін тексеру. Оның артықшылығы – арзан әрі уақытты аз қажет етеді. Зертханалық басқа факторларды зерттеуге мүмкіндік береді. Далалық әдіс: Эксперименттің бұл түрі нақты орындарда жүргізіледі. М/ы дүкендерде, тұтынушылардың үйінде. Бұл эксперимент түрінің сенімділік дәрежесі жоғары болғанымен, шығынды көп қажет етеді. Маркетингте оны көбінде “сынақ маркетингі” (test marketing, пробный маркетинг) дейді. Далалық эксперимент нақтылы жағдайда жүзеге асырылады және бақыланбайтын факторлардың әсер етуін растайды. Компаниялар бұл эксперимент түрін бір немесе бірнеше қалаларда өткізуі мүмкін. Олардың екі мақсаты бар:
1) жаңа тауарды әлеуетті өту көлемін анықтау;
2) Жаңа тауарды өткізудегі маркетинг кешенінің тиімділігін бағалау
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру | | | Маркетингтік зерттеулердегі панельдік әдіс. |