Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маркетингтік зерттеулердегі панельдік әдіс.

Маркетингтік зерттеу типтері | Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі. | Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері | Іріктеме типтері | Пікір сұрау жүргізуді ұйымдастыру | Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру | Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі | Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері. | Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері. | Тауарды зерттеу түрлері мен негізгі бағыттары |


Читайте также:
  1. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  2. Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері.
  3. Маркетингтік зерттеу жүргізу процесі.
  4. Маркетингтік зерттеу типтері
  5. Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.
  6. Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі
  7. Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру

Зерттеудің панельдік әдісі - бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау. Панельдік зерттеудің белгілері:1.Зерттеу пәні мен тақырыбы тұрақты;2.Мәліметтерді жинау бірдей уақыт аралығында қайталанып тұрады;3.Зерттеу обьектілері тұрақты (сауда кәсіпорындары тұтынушылар, өндірушілер,үй шаруашылықтар және т.б).

Бұл әдіс бойынша зерттеушінің бұрынғы нәтижелерді жаңа алынған мәліметтермен салыстырып,өзгерістердің даму заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде нарықтағы жағдай тез өзгеріп отыратындықтан,бұл әдіс жиі пайдаланылады,өйткені зерттеушінің өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндігі бар.Панельді құру және оны өткізу көп уақытты,қаржыны, шығынды қажет етеді, сондықтан мұндай зерттеулермен маманданған институттар, ғылыми орталықтар және агенттіктер айналысады.
Әлеуметтік зерттеу әдістерінің эксперттік зерттеулерден басты айырмашылығы- олар білікітілігі әр түрлі көп респонденттерден жаппай пікір сұрау жүргізеді, ал эксперттік бағалау саны шектелген кәсіби мамандардан сауалнама алу арқылы өткізіледі. Алынған мәліметтерді өткізу аумақтарын, дүкендерді типі мен мөлшеріне қарай бөле отырып, сатып алушының жаңа тауарды қалай қабылдағандығын тексеріп және өткізу қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау арқылы талдауға болады.

14-сурет.Зерттелетін бірлік сипаттамасы бойынша панельдердің бөлінуі

Панельдік зерттеуде бақыланушы оюбект ретінде жеке отбасылар,үй шаруалары (тұтынушылар панелі), сауда ұйымдары, өндіріс кәсіпорындары,эксперттер. Панель құрылымы панельді бақылау кезінде ақпарат сипаттамасын анықтайды. Ақпараттың нақытылығы және сенімділігі бақылау обьектілерінің санына байланысты.Егер тұтынушылар панелін қрастыратын болсақ, бақыланушы обьект көлемі өте үлкен болуы керек. Мысалы, NFO Research, Inc.(АҚШ) фирмасы 450 мың үй шаруаларынан тұратын тұтынушылар панелін,ал Секо-дип (Франция) фирмасы әрқайсы 4560 отбасдан тұратын екі тұтынушылар панелін құрған. Саудалық, өндірістік және эксперттік панельдер үлкен көлемде болмайды, сол себепті олардың қалыптасуы мен бақылануына кететін шығындарды азайтады.

Ақпарат пенельден үзіліссіз немесе эпизодты түрде алынуы мүмкін. Үзіліссіз үнемі ақпарат алу алдын ала тағайындалған панель қатысушыларының өздері дайындаған формада жүргізіліп, әр күні арнайы күнделікке жазылады және оларды белгіленген уақыт аралығында зерттеушілерге өңдеп,талдау үшін тапсырылады.Эпизодты түрде алынатын ақпараттар интервьюер мен панель қатысушысы алдын ала келіскен мерзімде арнайы сауалнама парақтарын толтырып зерттеушілерге тапсырады.
Ақпарат алу алдын ала берілген схема мен анықталған формада,яғни респонденттердің бірдей сұраққа жауап беруі арқылы жүзеге асырылады.Мұндай панельдер дәстүрлі деп аталады.Бұл панельдік әдіс зерттеліп отырған құбылыстың динамикасын талдаумен даму тенденциясын шығару үшін сәйкес мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді. Панельдік зерттеу жалғасатын болғандықтан сауалнама формасын өзгертуге мүмкіндік береді.Мұндай панельдерді омнибус деп атайды. Омнибус панельдік зерттеу әдісііріктеме дайын болғандықтан бір реттік зерттеу жүргізуде тез ақпарат алуға көмектеседі. Қажет болған жағдайда дәстүрлі панельдер кез келген уақытта омнибуспен толықтырылады.

Маркетингтік зерттеудің панельдік әдісі эпизодты қарапайым сауалнамамен салыстырғанда мынадай артықшылықтарға ие:

· бұрынғы мен қазіргі нәтижелерді салыстыруға және тенденциясын көрсетуге мүмкіндік береді;

· зерттеліп отырған құбылыстың заңдылығын көрсетеді;

· іріктеменің репрезентативтілігн жоғарлатады;


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 678 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Маркетингтік зерттеулердегі экспериментальді әдіс| Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)