Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру

Маркетингтік зерттеу типтері | Маркетингтік зерттеулерді жоспарлаудың қажеттілігі. | Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері | Іріктеме типтері | Маркетингтік зерттеулердегі панельдік әдіс. | Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі. | Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі | Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері. | Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері. | Тауарды зерттеу түрлері мен негізгі бағыттары |


Читайте также:
  1. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  2. Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері.
  3. Маркетингтік зерттеу жүргізу процесі.
  4. Маркетингтік зерттеу типтері
  5. Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.
  6. Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі

Көптеген жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін соңғы ақпараттар қажет болады. Оларды жинақтаудың 3 әдісі бар:1. Бақылау - бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін .Бұл әдістің артықшылығы - объективтілігі жоғары, тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі. Бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен соңғы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін. Кемшіліктері – қабылдау субъективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушыны себептері (мотивтері) және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылау жүргізу этаптары:

· Мақсаты мен міндеттерін анықтау, бақылатнатын объектіні белгілеу

· Бақылау әдісін таңдау

· Алдын ала жинақталған материал негізінде зерттеу рәсімін жасау;

· Керекті құжатттарыд құралдарды дайындау;

· Б/у жүргізу деректерді ақпараттарды жинақтау;

· Бақыла нәтижелерін тіркеу;

· Б/у туралы есеп беру.

Бақылаудың түрлері:1.Лабораториялық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау. 2. Далалық бақылау. Реттелу деңгейіне байланысты: Реттелетін- арнайы сценарий бойынша жүргізіледі; реттелмейтін- бақылаушы оқиғаға мүлде қатыспайды. Қосылған бақылау- бақылаушы респонденттер арасында болады. Қосылмаған бақылау- бақылаушы сырттай тұрып бақылайды. Бақылау әдісі- сандық зерттеу әдісі болып табылады. Сандық зерттеулер дегеніміздің өзі-нақты статистикалық салыстырмалы тексерілген сандық мәліметтер керек кезде жүргізіледі. Сандық зерттеулердің әдістерінің негізінде әр қашан математикалық және статистикалық моделдер жатыр, бұл жағдай өз алдына, нәтижесінде зерттеліп жатқан көрсеткіштердің нақты сандық мәндерін алуға мүмкіндік береді. Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу) «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі бар. Бақылау әдісі ең арзан зерттеу түрі, бірақ басты кемшілігі- терең ақпарат бермейді. Бақылау жүргізудің кезеңдері.

Бақылау- бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық және зертханалық, стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы- объективтілігі жоғары тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі. Кемшіліктері- қабылдау субьективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушының себептері және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы.

Бақылауды жүргізу және дайындау процесі келесідей ақпаратты жинаукезеңдерінен тұрады:

1.Дайындық кезеңі:

1. мақсатын, міндетін және бақылау пәні мен обьектісін анықтау;

2. Бақылау орны мен уақытын таңдау;

Бақылау әдісі мен формасын таңдау. Бақылау бірліктері мен шеңберін анықтау негізінде бақылау процедураларын дайындау; техникалық құжаттар мен механикалық құралдарды дайындау;

Бақылаушыларды дайындау мен жаттықтыру;

2. Далалық кезең:

· бақылау нәтижелерін фиксациялау және жинау;

· Бақылаушылар жұмысын қадағалау (оқиға қатысушыларымен әңгімелесу; бақылаушының жұмыс құжаттарын талдау; басқалардың бақылау нәтижесімен өз бақылау нәтижелерін салыстыру; қайта бақылау жүргізу);

 

3. Аналитикалық кезең: бақылау: бақылау нәтижелерін дайындау, келесі бөлімдер бойынша есеп беруді дайындау:

1. Бақылау уақыты, орны және жағдайы.

2. бақылау формасы мен әдісі, бақылаушы ролі.

3. бақыланатын адамдардың мінездемесі.

4. ақпарат анализі, бақылаушының өзіндік белгісі және интерпретациясы.

5. алынған нәтижелердің сенімділігін бағалау.

Сенімділікті бағалау үшін келесі 3 коэфициенттің біреуі қолданылады.

1. Бақылаушы келісімі (бір оқиға бірнеше бақылаушылармен бір уақытта бақыланады);

2. Тұрақтылығы (бір бақылаушы әр- түрлі уақытта бақылау жүргізеді);

3. Сенімділігі (әр- түрлі бақылаушылар, әр түрлі уақытта бақылау жүргізеді).

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 610 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пікір сұрау жүргізуді ұйымдастыру| Маркетингтік зерттеулердегі экспериментальді әдіс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)