Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нормативтік тәсілдің пайда болуы мен дамуы және ол туралы түсінік

Ндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары. | Басқару есебінің функциялары | Німнің бәсекелестік ортасының және өмірлік циклының әсері. | Ндірістегі ақаулар туралы түсінік | Бюджеттеу және бюджеттік цикл |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту.
  7. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау

Нормативтік тәсіл өндірістік шығындардың көлеміне алдын ала бақылау жасауды қамтамасыз етіп және басқару есебінің талаптарына толық жауап береді. Нормативтік тәсіл, материалдардың, еңбек ресурстарының, қосымша шығындардың стандарттарға сай жұмсалуын қамтамасыз ететін, шетелдерде қолданылатын «стандарт-кост» жүйесіне сәйкес келеді. Ол тәсіл бойынша нақты шығындардың сомасы стандарттық шығындар көлемімен са- лыстырылады, солардың негізінде өндірістік үрдістерді басқару үйымдастырылып, өнімнің нақты өзіндік құнының қалыптасуы бақылауға алынады.

Технологиялық үрдіс пен калькуляңия жасау объектілерін әр ұйым технологиялық кұжаттарға және сметаға байланысты анықтайды. Өнім өндіруге жұмсалатын еңбек ресурстарын азайту, жұмыс сағаттарын мейлінше кеміту, заманауилық техника мен технологияны пайдалану, нормалау тәсілдерін жетілдіру, еңбек- ті ғылыми түрде ұйымдастырудың прогрессивтік формаларын пайдалану ж.т.б. өндірістік шығындарды есептеудің нормативтік тәсілін енгізуге ықпал етеді.

Өндіріс шығындарының есебін және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың нормативтік тәсілі. Шығындарды нормативтік түрде есептеу тәсілі материалдарды, еңбек және қаржы ресурстарын ұқыпты пайдаланып, олардың өндірістегі резервтерін айқындауға ықпал етеді. Нормативтік тәсіл бір бірлік онім, жұмыс, қызмет түрі үшін жұмаслатын материалдық және қаржылық ресурстар мен еңбек мөлшерін техникалық тұрғыдан есептеп шығаруға негізделген. Өндірістік шығындардың нормасы - өндірісті басқарудағы басты фактор болып табылады. Нормалар өндірістің техникалық және ұйымдастыру деңгейінің дамуын көрсетіп, ұйым қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Нормалар пайдалану уақьггына сай, ағымдағы және жоспарлы норма болып екіге бөлінеді.

Жұмыстың маусымдық жоспарын жасау, материалдарды жұмыс орнына жіберу, еңбеккерге атқарған жұмысына сай ақы төлеу, сол уақыттағы ағымдағы немесе күшін жоймаған нормалар бойынша атқарылады, ай сайын детальдар, өнімдер, жабдықтар бойынша нормативтік калькуляңия жасалады.

Нормалардың өзгерістері хабарлама келіп түскен сәттен бастап технологиялық және техникалық құжаттарға енгізіледі, ал нормативтік калькуляция, хабарламаны алғаннан кейінгі басталатын айдың басынан бастап өзгертіледі. төмендегі тапсырмаға сәйкес болуға тиіс: -өндірістің техникалық деңгейін көтеру;-ендіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;-табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту;-өндірісті дамыту.Нормативтік калькуляция жасау үшін арнаулы бөлім немесе қызмет түрі ұйымдастырылады, онда барлық қүрылымдардан норма мен нормативтер келіп түскеннен кейін, ақпараттардың нормативтік базасы жасалып, нормативтік калькуляция есептеледі, соған сәйкес талдау жасалып, нормаларға тиісті өзгертулер енгізіледі.

Өндірістік шығындарды есептеудің нормативтік тәсілі бойынша, жоспарлы, нормативті және есепті калькуляция көрсеткіштері қолданылады.

Шығындардың есебін нормативтік тәсіл бойынша жүргізу ерекшеліктерінің бірі, ағымдағы және алдағы болатын шығындарды анықтау мүмкіндігімен байланысты. Мысалы, бір құжаттар бойынша материалдар, шикізаттар, жанармай босатылып, бекітілген нормаға сәйкес еңбек ақы есептеледі Басқа құжат бойынша - қоймадан босатылған материалдар мен шикізаттар, егер нормадан артық есептелген еңбек ақы колемі болса, сол көрсетіледі. Операциялар орындалмай тұрып, бұл құжаттарға өндіріс үрдісі мен оған кететін шығынды бақылайтын тұлғалар қол қоюға тиіс (құрылым бастығы, бас инженер). Технологияны сақтай отырып, шикізаттың, материалдардың, еңбек шығындарының нормадан ауыткуын анықтайды.Оң ауытқулардың нәтижесінде - еңбек өнімділігі артып, детальдарды өндеу, шығындарды үнемдеуге қол жеткізіледі.Теріс ауытқулардың нәтижесінде - қосымша шикізат пен нормадан тыс матералдар пайдаланылып, қалдықтар көлемі өсіп, кұралдардың дұрыс жүмыс істемеуі нәтижесінде, еңбек ақы көлемі осіп, норматив бойынша қаралмаған технологиялық операцияларды жүргізуге мәжбүр болады.Нормативтік калькуляцияға сәйкес, егер ағымдағы айда нормативтен ауытқу туралы құжат жасалған болса Нақты өзіндік кұнның есебі төмендегі формула бойынша есептеледі:

Сф = Сн +- Он +- Ин,мүнда: Сф - нақты өзіндік қүн;Сн - нормативтік өзіндік құн;Он - нормадан ауытқу (үнемдеу немесе артық шығын);Ин - норманың өзгеруі (көбею немесе азаю).

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 237 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бюджеттеуде компьютерлік модельдерді пайдалану.| всенощного бдения

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)