Читайте также: |
|
Басқару жүйесі мен ұсталымдар есебі жүйесі арнайы талаптарға жауап беретін ақпараттарды генерациялау. Ол міндетті:
l шығындарды сатылған өнім көлемі мен тауарлы- материалдық қорлар арасында ішкі және сыртқы есептілікті дұрыс көрсету мақсатында және құжаттандыру үшін бөлу;
l дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратты дайындау және ұсыну;
l жоспарлау, бақылау жүргізу және ұйымның жұмысын бағалау қаржылық жағдайын анықтау мақсатында қажетті ақпаратты дайындап ұсыну.
Қаржылық есептің ережесі бойынша табысты есептеуде оған кеткен шығындар мен кірістері сәйкестендірілуі керек. Оған сәйкес сатылмаған дайын тауарлар не/се жартылай дайын тауарлардың өзіндік құны қарастырылған осы кезеңде өткізуден түскен түсіммен салыстырылатын, сатылған тауарлардың өзіндік құнына қосылмауы қажет. Бұл өнімнің көп ассортименттін шығаратын ұйымда ТМҚ пен өнімнің әрбір түрі бойынша шығыстарын нақтылау үшін пайдалануды қажет етеді. ТМҚ құнын бағалау базасы талданатын кезеңдегі есепті кезеңнің табысын есептеуде шығындардан шегерілуі тиіс дайын қорлардың өзіндік құнының сомасы мен жұмыстағы өнімдер мен кез-келген қолданылмаған шығыс мтериалдарының құны анықтайды. Осы баға ТМҚ өзіндік құнын анықтау мен баланстық есептілікке енгізу үшін негіз болып табылады. Қаржылық есептіліктің талаптарын сәйкес шығындарды есепті кезеңдегі шығысталған шығындарды сатылған тауарлар мен ТМҚ құрамындағы өнімдерге бөлуді және әрбір өнімге не/се қызмет түрлеріне қатыстылығы қарастырылады.
Басқару есебінің және шығындар калькуляциясының екінші талабы-менеджерлерге нақтыланған шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін сәйкесқаржылық ақпаратты ұсыну. Бұл стандартталған және стан-маған есептіліктерден тұрады.Стандартталған ақпаратқа өнімдер, қызметтер, тұтынушы, дистрибютерлер арнасы секілді бизнестің түрлі сегменттеріндегі рентабельділіктерінде ұйымның табысты қызмет түрлерімен айналысып жатқандығына кепілдік беру үшін қолдануды қажет етеді. Осындай ақпарат ресурстарды бөлгенде ж/е өнімнің ассортименті жайлы шешім қабылдағанда ж/е ұйым қандай өнім түрлерімен жұмыс жасамайтындығ жайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Шығындар жайлы нақты ақпарат қандай қызмет түрлері табысты қайсысы табысты еместігі жайында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Басқару есебі жүйесі жоспарлау, бақылау, ұйымның функционалдық көрсеткіштерін өлшеу үшін қажеті ақпараттармен қамтамасыз етілуі қажет. Жоспарлау қызмееттің нақты түрінде не/се ресурсында мақсат пен міндетті қою және осыған жету үшін не қажет екендігін анықтайды. Ұйым қысқа мерзімді н/се ұзақ мерз.жоспар құрады. Ал бақылау-нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткішпен сәйкес келетіндігін көрсететін процесс болып табылады. Бухгалтер-аналитиктер менеджерлерге кері байланыс ретінде кезеңдік есептіліктрді жіберуі тиіс.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 501 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары. | | | Німнің бәсекелестік ортасының және өмірлік циклының әсері. |