Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары.

Шығындар функцияларын бағалауды қортындылау. | Кайзен бюджеті» туралы түсінік. | Німнің бәсекелестік ортасының және өмірлік циклының әсері. | Ндірістегі ақаулар туралы түсінік | Бюджеттеу және бюджеттік цикл | Бюджеттеуде компьютерлік модельдерді пайдалану. | Нормативтік тәсілдің пайда болуы мен дамуы және ол туралы түсінік |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Басқарушылық есеп – ұйымның өз ішінде неғұлым негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға және ағымдағы операциялардың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттарды ұсыну. Ал қаржылық есеп ең алдымен ақпаратты сыртқы құрылымдарға, яғни ұйым қызметкерлері қатарына енбейтін тұлғаларға ұсынуға бағытталған.

Өндірістік және басқарушылық есептің басты айырмашылықтары:

* Құқықтық талаптар. Қаржылық есептіліктер ұйым басшылары ақпаратты өздері үшін қажетті не қажетсіз деп тануына тәуелсіз жыл сайын ұсынылуы тиіс. Басқарушылық есептілік толықтай факультатвті болып табылады. Яғни, мұндай ақпарат менеджмент үшін оның маңыздылығы оны дайындауға жұмсалатын шығындардан жоғары болған жағдайда ғана ұсынылады.

* Бизнестің жеке құраушылары немесе сегменттеріне бағытталуы. Қаржылық есептілік жалпы кәсіпкерлік қызметті сипаттайды, ал басқарушылық есептіліктер басты назарды ұйымның жекелеген құраушыларына, мысалы, шығындарға және шығарылатын өнім түрлерінің, көрсетілетін қызметтердің рентабельділігіне, тұтынушыларға және қызмет түрлеріне аударады. Сонымен қатар, басқарушылық есеп бойынша ақпараттар ұйым бөлімшелері, цехтер және бөлімдер сияқты бейорталықтандырылған нысанда қызметін жүзеге асыратын, ұйымның операциондық құрылымдарының экономикалық көрсеткіштерін өлшеуге мүмкіндік береді.

* Бухгалтерлік есептің жалпылама қабылданған қағидалары. Қаржылық есептілік құжаттары құқықтық талаптарға және ХҚЕС сияқты жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес дайындалып, рәсімделуі тиіс. Басқарушылық есептіліктерге қандай да бір талаптар қойылмайды. Мұнда, ең алдымен, ұйым менеджерлерінің сұраныстарын қанағаттандыруға және менеджерлер үшін шешім қабылдауда, жоспарды орындауда және бақылау функцияларын жүзеге асыруда пайдалы ақпараттарды дайындауға басты назар аударылады.

* Уақыттық шектеулер. Қаржылық есептіліктер ұйымда болып кеткен операциялар туралы ақпаратты көрсетсе, басқарушылық есептіліктерге тек өткен жағдайлар туралы ақпараттар емес, сондай-ақ, болашақ мерзімге қатысты ақпараттар көрініс табады. Қабылданатын шешеімдер болашақ жағдайларды жүзеге асыруға бағытталған, сол себепті менеджерлерге күтілетін болашақтағы шығындар мен түсімдер туралы толық ақпарат қажет.

* Есептілік құжаттарын беру жиілігі. Бүге-шүгелі толық қаржылық есептіліктер жиынын бизнестің әрбір құрылымы жылына бір рет, ал салыстырмалы түрде толық емесі алты айда бір рет жарияланады. Басқарушылық сипаттағы ақпара оған деген қажеттілік туындай салысымен дереу ұсынылады. Сол себепті қызметтің түрлі түрлері мен бағыттары бойынша басқарушылық есептіліктер күнсайын, апта сайын және ай сайын ұсынылуы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күрделіпроценттіесептеужәнедисконттау| Басқару есебінің функциялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)