Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджеттеу және бюджеттік цикл

Кайзен бюджеті» туралы түсінік. | Күрделіпроценттіесептеужәнедисконттау | Ндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары. | Басқару есебінің функциялары | Німнің бәсекелестік ортасының және өмірлік циклының әсері. | Нормативтік тәсілдің пайда болуы мен дамуы және ол туралы түсінік |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Бизнестің күрделенуіне және қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты фирманың жалпы және қаржылық жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты фирманың экономикалық жағдайын біліп отыру үшін табыстылығын анықтайтын ақпаратты алу үшін ұйым өз жұмысын жоспарлап, бюджеттеп отыру керек.

Бюджеттеудің мақсаттары: • Ұйымның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету; • Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау; • Ойлары мен жоспарлары туралы ақпарат; • Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру; • Жұмысшылардың мотивациясы; • Басқару.

Бюджет құру сатылары:

1. Сметалық кезеңді анықтау (оптимально непрерывное составление смет)

2. Шектеуші факторды анықтау

3. Жоғарғы басшылықпен сметаны талқылау

4. Сметаны қорытынды қолдау және жалпы сметаға кірістіру (мастер-қаржы)

5. Кәсіпорында қабылданған үрдіске қолданылатын негізгі тәсілдер туралы бастапқы сметаны құруға жауапты тұлғаларды ақпараттандыру

6. Шектеуші факторды ескере отырып,сметалардың түрлі тәсілін дайындау

7. Сметаның бағдары және сараптамасы

8. Кезекті (анализ) сараптама

Бюджетті дайындау 7 қадамнан тұрады:

1. Өткізу сметасы. 2. Өндіріс бойынша смета: шикізат, еңбек, жалпы үстеме шығын.3. Өткізілген өнімнің өзіндік құнының сметасы.4. Өткізу және тарату бойынша шығындар сметасы.5. Пайда және зиян бойынша смета.

6. Кассалық смета.7. Сметалық баланс.

Бюджеттік цикл — бұл бюдеттік үрдістің бірінші қадамының басынан, яғни жиынтық бюджетті құрастырудан, үшінші қадамның соңына дейінгі, яғни жиынтық бюджеттің нақты жоспарының орындалуын талдау және басқарушылық есептілік жасауға дейінгі уақыт кезеңі. Негізінен кәсіпорындарда бюджеттік үрдіс үздіксіз жалғасу керек, яғни есепті

кезеңдегі бюджеттің орындалуын талдаудың қорытындысы келесі кезеңдегі бюджеттің уақытылы жасалуымен сайкес келу керек.

Бiрiншiден, кәсiпорын тиiстi әдiстемелiк базаны құрастыру, бақылауды және жиынтық бюджеттiң орындалуын талдауды ұйымдастыру керек, ал басқару бөлімінің қызметкерлерi қажет болғанда әдістемелік базаны өзгерте алатындай бiлiктi болуы керек. Әдiстемелiк базаны құрастыру, бақылау және жиынтық бюджеттiң орындауын талдау - бюджеттiк үрдiстiң аналитикалық блогін немесе құрамдас бөлігін құрайды.Екіншіден, бюджетті өңдеу үшін оның орындалуын талдау және бақылау, кәсiпорынның қызметi туралы тиiстi есептiк ақпарат қажет. Кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын елестету үшін тауарлы материалдардың және қаржылық ағымның қозғалысы, негізгі шаруашылық операциялары қажет. Демек, кәсiпорында басқару есебiнiң жүйесi, бақылаудың құрастырудың процесiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаруашылық қызметiнiң есепке алатын айғақтары және жиынтық бюджеті болуы керек.

Үшiншiден, бюджеттiк үдерiс тиiстi ұйымдық құрылым және кәсiпорындағы басқару жүйесi арқылы жүзеге асырады

44. Бюджеттің түрлері.

1. Статикалық бюджет негізінде мерзім басында қарастырылған көрсеткіштер, күтілген өнімді сату мен ресурстард пайдалану деңгейлері және олардың негізінде анықталатын көрсеткіштер жүйесі есептелініп қойылады. Ерекшелігі: мерзім біткеннен соң өзгерістер енгізілмейді, түзетулер жүргізілмейді.

2. Ықшамды бюджет. Жоспарланған сату, шығындар негізінде нақты көлемге сәйкестелген деңгейгейдегі негізде жасалынады. Икемді бюджет төмендегідей 4 этапта жүргізіледі:

1) жоспар бойынша сату бағасы өнімнің айнымалы шығындар негізінде және тұрақты шығындарының деңгейі арқылы жасалынады.

2) нақты шығарылған және сатылған өнімдер деңгейін анықтау.

3) икемді бюджет негізінде сатылған өнім мен шығарылған өнім деңгейінің соомасы анықталынады.

4) икемді бюджет бойынша жоспарланған шығындар мен нақты шығындар анықталып, өнімнің бір данасына шықққан өнім деңгейі анықталынады.

5) ауытқуларды анықтау.

3. Үздіксіз бюджет алдын-ала 1 жылға дайындалады не басқа кезеңге. Ең бірінші бақылау кезеңінің соңында қалған кезең бюджеті қайта қарастырылады. Бақылау кезеңінен кейін қалған кезең бюджеті қайта жасалады. Әр кезеңнен бастап бюджет дайын болады. Бұл тәртіп әрбір бақылау кезеңінде қайталанып отырады.

4. Тұрақты бюджет - икемді бюджетке қарағанда ауытқулар арасында өзгертулер енгізілмейді. Ауытқулар себептері: ішкі не сыртқы жағдайлар.

5. Жылжымалы бюджет - үздіксіз бюджетке сәйкес келеді. Яғни, алдыңғы кезеңдегі мәліметтерді алып тастап, реттеп, тағы сондай кезеңге бюджет жасалады.

6. Нөлдік нүкте бюджеті әрбір бюджет құрған сайын қызметтің барлық түрлері қайта бағаланып отырады. Қызмет түрлерінің әрбір жеке деңгейі бағаланып, қолда бар ақша қаражаттарымен сәйкестендіріледі.

45.Бюджеттеуде АВС жүйесін пайдалану

Әдетте сметаны құру кезінде жанама шығындар және қызметтiң қосалқы түрлерi өсу қағидасы бойынша дайындалады. Бұл келесi жылғы сметаны әзiрлеудің бастапқы нүктесі болып қазіргі операциялар мен ағымдағы сметалық ерекшеліктер табылады. Содан соң бұл база келесі сметалық кезеңде орын алуы мүмкін деп күтілетін өзгерістерді ескере отырып түзетіледі. Бұл әдістің бір кемшілігі «базалық деңгейдегі» қызметтермен байланысты шығындардың көп бөлігі өзгеріссіз қалады. Сөйтіп, басқа қызмет түрлері бойынша шығындар тиянақталған болады да, бұл бұрыңғы кемшіліктер мен рационалды емес шығындардың қайталануына әкеп соғуы мүмкін. Шығындарды тиімдірек басқару үшін өзіндік құнды калькуляциялаудың функционалды жүйесін пайдаланатын ұйымдар қызмет түрлерін негізге ала отырып сметалар құрастырырады. Егер калькуляцияның функционалдық жүйелерi қызметтiң түрлерi бойынша қорларға шығындарды үлестiрсе, содан соң мақсаттық шығындар бойынша қызмет түрлерге қатысты шығындардың үлестiрiлуi үшiн шығындардың функционалдық факторларын қолданса,ал функционалдық смета керi бағытта жүретiн процесс болып табылады. Бұл жерде старттық нүктелер - бұл мақсаттық шығындар, қажетті қызмет түрлерін анықтайтын сметалық нәтижелер.

Функционалды сметаларды дайындау кезендері:

l Өндіріс көлемін бағалау және жеке өнімдер мен тапсырыс бөлушілер бойынша өткізу

l Ұйымдастурышылық қызмет түрлеріне сұранысты бағалау

l Ұйымдастурышылық қызмет түрлерін жүзеге асыруға қажетті ресурстарды аныктау

l Ресурсқа сұранысты қанағаттандыру үшін, әрбір ресурс үшін қажетті мөлшерді аныктау

l Ресурстар жоспарланған жеткізілімге сәйкес болуы үшін, олардың көлемін түзету бойынша іс-әрекеттерді жасау


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 589 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ндірістегі ақаулар туралы түсінік| Бюджеттеуде компьютерлік модельдерді пайдалану.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)