Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Сот қаулылары.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу | Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау | Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері | Хаттамалар | Сотта іс қарау. | Сот отырысы. | Сот отырысының дайындық бөлімі. | Істі мәні бойынша қарау | Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы |


Читайте также:
  1. Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама
  2. Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама.
  3. Тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері
  4. Тарау. Апелляциялық шағым беру
  5. Тарау. Бұйрық шығару
  6. Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау

Іс мәні бойынша қаралғаннан, сот жарыссөздері өткізілгеннен кейін және егер прокурор істі қарауға қатысатын болса, ол қорытынды бергеннен кейін сот іс бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Бұл орайда судья сот залынан шыққан кезде отырғандардың барлығы орындарынан тұрады.

Сот отырысы хатшысының судьямен алдын ала келісілген, судьяның кеңесу бөлмесінен шығатын болжамды уақытын қатысып отырған адамдарға хабарлауға құқығы бар. Мұны әсіресе іс жүргізу құжатын дайындау үшін ұзақ уақыт керек болатын істер бойынша жасау қажет. Соттың осындай іс-әрекеттері арқылы процестің қатысушыларына және сот залында отырған адамдарға деген құрмет белгісі көрсетіледі.

Сот қаулыларының түрлері

Бірінші сатыдағы соттың қаулысы арқылы азаматтық іс мәні бойынша шешілетін жағдайда қаулы төмендегі нысанда шығарылады:

1.

· шешімдер

Шешім түріндегі сот актісі сот отырысында азаматтық істі талқылаудың соңғы сатысы болып табылады, шешім азаматтық сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша шығарылады:

- талап қою ісін жүргізу;

- әкімшілік – құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істер бойынша іс жүргізулер;

- ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істері бойынша (АІЖК-нің 217-бабы).

· Ұйғарым түріндегі шешімдер

Заң шығарушы шешімдері ұйғарым түрінде шығарылатын кейбір істер санаттарының ерекшеліктерін алдын ала көздеген:

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын даулау туралы істер бойынша, бірінші сатыдағы соттың шағымды қарауының нәтижелері бойынша сот актісі ұйғарым түрінде шығарылады (АІЖК-нің 277-бабы).

- конкурстық іс жүргізуден туындайтын істер бойынша (Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы) шешім де ұйғарым түрінде шығарылады.

2.

· ұйғарымдар

Бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешпейтін актісі ұйғарым түрінде шығарылады (АІЖК-нің 251-бабы).

Ұйғарымдар кеңесу бөлмесінде шығарылады, бірақ күрделі емес мәселелерді шешу кезінде сот ұйғарымды сол жерде, сот отырысы залынан кетпестен-ақ шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Кеңесу бөлмесіне кетпестен шығарылатын ұйғарымдар:

- судья куәні сотқа шақыру туралы, дәлелдемелерді істің материалдарына қоса тіркеу туралы, істі кейінге қалдыру және т.б. туралы тараптың өтінімін сол жерде қарай алады.

Мұндай ұйғарымның тұжырымдамасы төмендегідей болуы мүмкін:

- судья, талапкердің мәлімдеген өтінімі бойынша тараптардың пікірін тыңдап, ұйғарым шығарды, мысалы: «жауапкердің өтінімі қанағаттандырылсын, сотқа куә ретінде (аты-жөнін көрсету керек) шақырылсын»;

- «жауапкердің өтінімі қанағаттандырылсын, істің материалдарына мына құжаттар қоса тіркелсін: жауапкердің атынан 16.01.2001 жылы жазылған қолхаттың көшірмесі (аты-жөнін көрсету керек), пәтерді сатып алу-сату туралы 15.01.2001 жылғы шарт, (толық мекен-жайын көрсету керек) мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерді ашу актісі және т.с.с.

Кеңесу бөлмесінде шығарылатын ұйғарымдар:

іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымдар (АІЖК-нің 247-бабы):

- егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын болса;

- егер тараптар арасында заңды күшіне енген, сол тараптар арасында, дәл сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша қабылданған, талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы соттың шешімі немесе соттың ұйғарымы болса;

- егер талапкер талаптан бас тартса және сот бас тартуды қабылдаса;

- егер тараптар бітімгершілік келісім жасаса және сот оны бекітсе;

- егер іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін дауланып отырған құқықтық қарым-қатынас құқықтық мирасқорлыққа жол бермейтін болса;

- егер іс бойынша тарап ретінде шығатын ұйым өзінің қызметінің тоқтатылуына және құқықтық мирасқордың болмауына байланысты таратылған болса;

- арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар (АІЖК-нің 249-бабы)

- егер талапкер дауды сотқа дейін алдын-ала шешудің істердің осы санаты үшін заңмен белгіленген міндетті тәртібін ұстанбаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;

- егер арызды әрекетке қабілетсіздігі соттың шешімімен расталған әрекетке қабілетсіз адам берсе;

- егер арызға оған қол қоюға немесе ұсынуға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе берсе;

- егер осы немесе басқа бір соттың ісін жүргізуде дәл сол тараптардың арасында бұрынырақ қозғалған, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша іс болса;

- егер заң актілерімен басқаша көзделмеген болса, егер тараптардың арасында заңға сәйкес аталған дауды аралық соттың шешуіне беру туралы шарт жасалған болса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталмас бұрын дауды сотта шешуге қарсылық түскен болса;

- егер істі өздері жоқта талқылау туралы өтініш жасамаған тараптар сотқа екінші қайтара шақырғанда келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша талқылауды талап етпесе;

- егер өзінің мүддесінде іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;

- егер талап арызды қайтару туралы арыз берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша талқылауды талап етпесе;

- егер көрсетушіге арналған жоғалған бағалы қағаздарға және ордерлік бағалы қағазға деген құқықты қалпына келтіру туралы істер бойынша арыз жарияланған күннен бастап үш айлық мерзім өткенге дейін берілсе.

Істі әрі қарай ілгерілету мүмкіндігіне кедергі келтіретін басқа ұйғарымдар немесе Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген жағдайларда шағым берілуге жататын ұйғарымдар:

- істі басқа сотқа беру мәселесі бойынша (АІЖК-нің 36-бабының 3-бөлігі);

- дәлелдемені қамтамасыз ету туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 75-бабы);

- сот тапсырмасын жолдау туралы (АІЖК-нің 72-бабы);

- екінші тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактілерді тараптың мойындауын қабылдаудан бас тарту туралы (АІЖК-нің 78-бабының 3-бөлігі);

- сараптама тағайындау туралы (АІЖК-нің 91-бабының 9-бөлігі, 98-бабы);

- іс жүргізу әрекеттеріне қатысу үшін маманды тарту туралы (АІЖК-нің 99-бабы);

- сот шығындарына байланысты мәселелер бойынша (АІЖК-нің 117-бабы);

- іске қатысушы адамдарға мәжбүрлеу мен жауапкершілік шараларын қабылдау туралы (АІЖК-нің 122-бабы);

- өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзарту мен қалпына келтіруден бас тарту туралы (АІЖК-нің 128-бабы);

- мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкерге іздеу салуды жариялау туралы (АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігі);

- талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша шара, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың күшін жою туралы (АІЖК-нің 163-бабының 1-бөлігі, 164-бабы);

- шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету туралы (АІЖК-нің 230-бабы);

- шешімді түсіндіру туралы (АІЖК-нің 232-бабы);

- шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 233, 240-баптары);

- кесілген ақша сомаларын индекстеу туралы (АІЖК-нің 234-бабы);

- шешімді дереу орындауға жіберу туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 238-бабы);

- сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарау(АІЖК-нің 240-2-бабы);

- іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы (АІЖК-нің 242, 243-баптары).

Сот төмендегі мына мәселелер бойынша да ұйғарымдар шығарады:

- судьяға қарсылық білдіру (АІЖК-нің 42-бабы);

- бірнеше қуыным талапты біріктіру мен бөлу туралы (АІЖК-нің 171-бабы);

- істі талқылауды кейінге қалдыру туралы (АІЖК-нің 189-бабы);

- істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы (АІЖК-нің 214-бабы);

- сот отырысының хаттамасына жасалған ескертпелерді қарау туралы (АІЖК-нің 259-бабы);

- істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы (АІЖК-нің 260-бабының 4-бөлігі);

- сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау туралы (АІЖК-нің 267-бабы);

- сот шешімінен бөлек шағым берілуге жатпайтын басқа да ұйғарымдар.

Ұйғарым шығарылған бетте дереу жария етіледі.

3.

· қаулылар

Қаулыларды Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген жағдайларда бірінші сатыдағы сот шығарады, атап айтқанда:

- апелляциялық шағым немесе наразылық қозғалыссыз қалдырылған кезде (АІЖК-нің 336-бабы);

- апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген (әкелген) адамға оларды қайтару туралы (АІЖК-нің 337-бабы)

4.

· сот бұйрықтары (1-тарауды қараңыз).


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1218 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері.| Сот шешімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)