Читайте также:
|
|
АІЖК-нің 332-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының заңды күшіне енбеген шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Апелляциялық шағымды төмендегілер бере алады:
· тараптар (талапкер, жауапкер, олардың өкілдері);
· іске қатысушы басқа адамдар (АІЖК-нің 44-бабы);
· іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар.
Прокурордың апелляциялық наразылық келтіруге құқығы бар.
Апелляциялық шағымдар және прокурордың наразылығы шешімді шығарған сотқа сот шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде қысқаша нысанда, ал дәлелді шешімге шағым немесе нарызылық – осындай шешім жасалған күннен бастап беріледі.
Сырттай шешімге апелляциялық шағым беру мерзімін есептеудің ерекшелігі бар. Егер жауапкер сырттай шешімнің көшірмесін алғаннан кейін бес күн ішінде сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз бермеген болса, ол осы мерзім өткеннен кейін шағым бере алады. Егер жауапкер сырттай шешімге шағым берген болса, онда сырттай шешімге апелляциялық шағым бірінші сатыдағы сот осындай арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он бес күн ішінде беріле алады.
Апелляциялық шағым, прокурордың наразылығы алынғаннан кейін сот төмендегі әрекеттерді іске асырады:
· шағым берудің немесе наразылық келтірудің мерзімдерінің сақталғанын тексереді;
· апелляциялық шағымның немесе наразылық мазмұнының АІЖК-нің 335-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді;
- шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы (аудандық соттың шешімдеріне облыстық сотқа шағым беріледі, облыстық соттың шешімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым беріледі);
- шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауын көрсетеді;
- шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауын көрсетеді;
- істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсетеді;
- заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарға сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігін негіздейді;
- шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның оны толық немесе ішінара келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететінін көрсетеді;
- шағымға немесе наразылыққа құжаттардың тізімін қоса тіркейді;
· мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды қоса тіркейді;
· Егер шағымды өкіл берген болса, ал іс материалдарында мұндай өкілеттіктер болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты немесе өзге құжатты шағымға қоса тіркейді;
· іске қатысушы тұлғаларды есепке ала отырып, шағымдардың немесе наразылық даналарының санын көрсетеді;
· шағымға қосымшада көрсетілген материалдарды қоса тіркейді;
· шағымның мерзімі өткізіліп берілген жағдайда шағымды немесе наразылықты берудің (әкелудің) мерзімін қалпына келтіру туралы өтінімді көрсетеді.
Егер апелляциялық шағым, прокурордың наразылығы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, соттың оларды қозғалыссыз қалдыруға және кемшіліктерді жою үшін уақыт беруге құқығы бар. Мұндай жағдайларда судья ұйғарым шығарады.
Егер шағым немесе наразылық берген тұлға судьяның қаулысында жазылған нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, онда шағым немесе наразылық сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады.
Судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты төмендегі жағдайларда кері қайтарады:
· шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмаса;
· шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;
· егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтінім болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
· егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе).
Шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты қайтару туралы судьяның қаулысына жеке шағым немесе прокурордың жеке наразылығын беру жолымен шағым берілуі мүмкін.
Судья шағымның немесе наразылықтың мерзімінде берілгеніне, оларға қойылатын талаптарға (АІЖК-нің 334-бабының 2-бөлігі, 335-бабы) сәйкес келетініне көз жеткізгеннен кейін төмендегі әрекеттерді іске асыруға міндетті:
· шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;
· шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;
· іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабардар етеді. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс. Әдетте хабарламалар істі қарауға тағайындалған күнге екі апта қалғанда жіберіледі.
Егер іс бойынша шағымға қарсылық, наразылық түсетін болса, онда судья қарсылықтардың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға тапсырады, ал түпнұсқасын іс материалдарына қоса тіркейді.
Бірінші сатыдағы судьяның және соттың ұйғарымдарына, қаулыларына төмендегі жағдайларда жеке шағымдар беріліп, нарызылық келтірілуі мүмкін:
· шағым беру іс жүргізу Кодексімен көзделген жағдайда;
· соттың ұйғарымы істің одан әрі қозғалысына кедергі келтірген жағдайда.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына шағым беруге құқығы бар тұлғаның жеке шағымы, наразылығы бойынша істі дайындау тәртібі бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша іспен бірдей.
Бірінші сатыдағы соттың басқа ұйғарымдарына шағым берілмейді және наразылық келтірілмейді, бірақ тараптардың бұл ұйғарымдарға қарсылықтары соттың шешіміне (судьяға қарсылық білдіру туралы өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы, дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы, істі кейінге қалдыру және т.б. туралы соттың ұйғарымы) апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1528 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Судья А.Х. Батыров | | | Тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері |