Читайте также: |
|
Сот бұйрығы АІЖК-нің 146-бабында мазмұндалған талаптарға сай келуге және заңда көрсетілген мынадай кезектілікпен шығарылуға тиіс:
· жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
· соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
· өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
· борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
· талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
· өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
· егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
· борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
· сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі.
АІЖК-нің 148-бабына сәйкес, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды. Судья осындай арыз бойынша ұйғарым шығарады. Қарсылық жолдау мерзімі АІЖК-нің 147-бабымен белгіленген және сот бұйрығы тапсырылған сәттен бастап он күнді құрайды.
Сот бұйрығының күшін жоюға негіз болатын өлшемдер заңмен көзделмегендіктен сот бұйрығына қарсылық жолдау фактісі жеткілікті болатынын негізге алу керек.
Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда іс жүргізу құжатын – ұйғарымды жазу үшін көзделген деректемелерден (АІЖК-нің 252-бабы) басқа «өндіртіп алушының мәлімделген талабы талап қою ісін жүргізу тәртібінде қойыла алатынын» көрсету керек.
Сот бұйрығын шығару үшін төленген мемлекеттік баж талап қою тәртібімен талап қойылған кезде есепке жатқызылуға тиіс.
Сот қаулыларын дайындау кезінде төмендегі ережелерді көрсету қажет:
· қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңы кеңесу бөлмесінде іс бойынша қабылданатын үкімді, шешімді және басқа да сот құжаттарын, қаулыларды машинкаға басу әдісімен жасауға тыйым салмайтындықтан, оларды судья қолжазба әдісімен де, сондай-ақ машинкаға басу әдісімен де дайындай алады деп белгілейтін Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 28 наурыздағы №13 нормативтік қаулысы;
· 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» №21 нормативтік қаулы
· Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімі туралы» № 5 нормативтік қаулысы.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 520 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шешімның мазмұны | | | Йғарым |