Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сотта іс қарау.

Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу | Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау | Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері |


Читайте также:
  1. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  2. Lt;variant> сотталушы сотта көрсетпе беруден бас тартса
  3. Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері
  4. Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау

Азаматтық сот ісін жүргізуде бірінші сатыдағы соттың азаматтық істі қарау және шешу міндеті жүзеге асырылатын, сот процесінің бір бөлігі сотта істі қарау деп аталады.

Сотта іс қарау – бұл азаматтық сот ісін жүргізудің өз алдына бөлек іс жүргізу функциясы.

Бұл функцияның дербестігі өзіндік міндеттерімен, ерекше азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық қатынастармен, қатысушыларының құрамымен және іс жүргізу қызметінің мазмұнымен айқындалады. Әрбір функция ерекше азаматтық іс жүргізу нормаларымен реттеледі.

Сотта істі қарау бұзылған немесе дауланатын құқықтардың сотта қорғалуына қол жеткізу мүмкіндігімен, құқық туралы дауды оның қатысушыларының сотта ерікті түрде реттеу мүмкіндігімен, сот ісін жүргізудің жылдамдығымен және істің ұтымды жүргізілуімен, мүдделі тұлғалардың құқықтарын нақты анықтау үшін жағдай жасауымен сипатталады.

Сондықтан сотта істі қараудың іс жүргізу міндеттері сот төрелігінің мақсатымен тығыз байланысты, сотта істі қарау кезінде азаматтық процестің міндеттері мен мақсаттары барынша кеңінен іске асырылады.

Сот талқылауының функциясы көлемі жағынан үлкен және әр түрлі іс жүргізу қызметін қамтиды, істі қарау және оны шешу кезінде осы қызметтің ара жігі ажыратылады.

Істі қарау:

--азаматтық сот ісін жүргізудің қозғалысына;

--іске қатысатын тұлғалардың субъективтік құқықтарын жүзеге асыруына қажетті заңгерлік көмек көрсетуге;

--істің материалдарын, тараптардың айқындамасын, істің шынайы мән-жайын және ұсынылған дәлелдемелерді зерттеуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтиды.

Сот істерді қараған кезде АІЖК-нің 5-бабымен айқындалған азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері орындалады.

Азаматтық істі қарай отырып, сот:

· азаматтардың, ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін және мемлекеттік мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;

· тараптардың құқықтары мен міндеттерінің немесе заңдық фактінің барын немесе жоғын анықтай отырып, істі мәні бойынша шешеді;

· тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі айқындылықты анықтау арқылы олардың арасындағы құқық туралы дауды жояды;

· құқықтың бұзылуын немесе бұзылу қаупін жоя отырып, заңдылықтың нығаюына жәрдемдеседі;

· азаматтық құқықтың және материалдық құқықтық басқа салаларының бұзылуының алдын алады.

Істі шешуістерді заңды әрі негізді түрде қарау мен шешуге арналған тиісті құқықтық нормаларды қолданудан тұрады және шешімді немесе ұйғарымды шешуге, оны жариялауға және түсіндіруге саяды (АІЖК-нің 219-бабы).

Іс жүргізу функциясы және іс жүргізу сатысы ретінде сотта істі қараудың түрлі шектері бар. Мысалы, сотта істі қараудың іс жүргізу функциясы сот ісін жүргізуді қозғаудан басталады және шешім қабылдаумен аяқталады.

Сотта іс қараудың іс жүргізу сатысы сот отырысынан басталып (АІЖК-нің 185-бабы), сот хаттамасы жасалғанға (АІЖК-нің 257-бабы) және оған қатысты ескертпелер қаралғанға (АІЖК-нің 259-бабы), уәжделген шешім әзірленіп, іске қатысатын, бірақ сот отырысына қатыспаған тұлғаларға сот шешімінің көшірмесі жіберілгенге (АІЖК-нің 229, 241-баптары), шешімнің сыртқы кемшіліктері жойылғанға (АІЖК-нің 230-232-баптары) дейін жалғасады.

Сотта іс қарауда тікелей сот төрелігі жүзеге асырылады.

Сотта іс қарау бірінші сатыдағы соттың және процеске қатысушылардың істі қарау мен оны мәні бойынша шешу бойынша іс жүргізу жөніндегі әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.

Істерді дұрыс әрі уақтылы қарау мен шешу тек заңдылық және азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары қатаң сақталғанда ғана мүмкін болады. АІЖК-нің 174-бабымен және басқа да заң актілерімен белгіленген азаматтық істерді қарау мерзімдерінің сақталуы сот төрелігін жүзеге асырудың, іске қатысушы тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қорғаудың қажетті шарты болып табылады. Бұл орайда істерді қарау қандай да болсын себеп бойынша (іске қатысушы тұлғалардың келмеуі, жаңа тұлғаларды тарту немесе олардан жауап алу, сараптама тағайындау туралы өтінімнің қанағаттандырылуы, қарсы талап қойылуы және т.с.с.) кейінге қалдырылған кезде, істің заңмен белгіленген мерзімдерде қаралуға және шешілуге тиіс екенін, ол мерзімдердің тек іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруына байланысты ғана тоқтатыла тұратынын (АІЖК-нің ст.127-бабы) есте ұстау керек.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хаттамалар| Сот отырысы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)