Читайте также:
|
|
Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген алғышарттар болған жағдайда (жоғарыдан қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап арыз қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау керек. Өз мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Заңмен көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша іс басталған тұлғаға сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің тарабы мемлекет бола алады (АІЖК-нің 48-бабы).
Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен бір мезгілде сот АІЖК-нің 14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.
Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысының (бұдан әрі - нормативтік қаулы) 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар.
Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз, ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін күрделі болып табылады.
Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге) сәйкес, қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызды сот тек қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі қабылданып, зардап шегуші, қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін немесе осы талаптарды әкімшілік белгіленген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда іс жүргізуге қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің арызы бойынша дер кезінде шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей сотқа жүгіне алады.
Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер қоса берілуге тиіс:
· зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);
· еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысандағы акт);
· жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;
· Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;
· медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне байланысты жарақат алған немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;
· медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша ресурстардың басқа түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
· орташа айлық еңбекақының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар.
· Нормативтік қаулының жоғарыда баяндалған ережелерін қалай болғанда да осындай сипаттағы талап арыздарды қабылдаған кезде орындау қажет. Осы айтылғандарды қорытындылай келе, құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәнін, талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді баяндай отырып, талапкер талап арызында төмендегілерді көрсетуге тиіс деп есептейміз:
· ол ұйымда (кәсіпорында) қай кезден бері еңбек шартының (келісім-шарттың) негізінде, қандай қызметте жұмыс істегенін және оның лауазымдық міндеттеріне не жататынын;
· қызметтік міндеттерін орындау кезінде қашан және қандай жағдайларда оған еңбек жарақаты келтірілгенін;
· оның басында болған жазатайым оқиға үшін жауапкердің кінәсі немен расталады, жазатайым оқиғаның себептері туралы қорытындыны және өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің тұжырымдарын, жасалған күні мен заң талаптарына сәйкестігін көрсете отырып баяндау;
· талапкер Дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясы (ДЕСК) өткізген сараптаманың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғаның нәтижесінде мүгедек болып танылды ма, қандай топтағы мүгедек, ДЕСК қорытындысының негізінде кәсіби еңбек қабілетінің қанша %-ын жоғалтты, қайта куәландыру қашан тағайындалды;
· орын алған жазатайым оқиғадан кейін жұмыс істей ме, кім болып жұмыс істейді, сол кәсіпорында ма әлде ауыстырылды ма, жұмыс берушінің бұйрығының күні мен нөмірі көрсетіліп жұмыстан босатылды ма;
· талапкердің еңбекақысының орын алған жазатайым оқиғаға дейінгі және кейінгі мөлшері қандай немесе жұмыс істемеуі себепті еңбекақысы жоқ екенін көрсету керек.
Сонымен қатар, талапкер нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, жарақат алғанға дейінгі орташа айлық еңбекақысына қатысты еңбек қабілетін жоғалту пайызын ұсынуға, егер жәбірленуші осы көмек түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылған болса, денсаулығының зақымдануына байланысты ем алуға, арнайы қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протез жасауға, басқа адамның күтіміне, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандық алуға дайындалуға және т.б. байланысты туындаған қосымша шығыстардың бар-жоғын талаптарының сомасын негіздеп, жасаған есептерін ұсына отырып көрсетуге міндетті. Талап арызда талапкер жарақат алғанға дейінгі өзінің айырылып қалған орташа айлық еңбекақысы қандай құқық нормаларға сәйкес өтелуі қажет деп санайтын болса, сол нормаларға сілтеме, сондай-ақ ол жазатайым оқиға нәтижесінде жұмсаған қосымша шығыстары көрсетуге тиіс. Егер талапкер жауапкермен арадағы дауды соттан тыс тәртіпте шешуді ұсынған болса, бұл туралы талап арызда көрсетуге болады.
Талап арыздың өтініш бөлігінде талапкер жауапкердің кінәсінен болған денсаулығының зақымдануы нәтижесінде айырылып қалған еңбекақысын өтеу турасында талапкерге қойылатын нақты сомаларды, ай сайын қандай уақыттан бастап төленуі керек екенін, сондай-ақ талапкер жұмсаған қосымша шығыстарды көрсетуге тиіс.
Төменде талап арызға қосымшада сотқа ұсынылуы қажет деп саналатын құжаттардың кейбір тізбесі келтірілген, олар:
еңбек келісім-шарты;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысанындағы акт);
Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;
арызбен жүгінген сәттегі орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама;
егер талапкер жұмыс істемейтін болса, мүгедектігі және т.б. бойынша зейнетақы алатыны туралы анықтама;
атқарып жүрген қызметінен босатылуы, басқа жұмысқа ауыстырылуы және т.б. туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);
жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;
медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне байланысты жарақат немесе немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалтуының дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;
медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы;
орташа айлық еңбекақының АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет;
айырылып қалған еңбекақының есебі;
қосымша шығыстардың есебі;
қосымша шығыстарды және олардың қажеттігін растайтын дәлелдемелер; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша шығыстардың басқа түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
талапкер өзінің пікірлерін растауға негіз етіп алған басқа қисынды және жарамды дәлелдемелер;
талап арыздың көшірмесі.
Егер моральдық зиянды өтеу туралы да талаптар қойылатын болса, талап арызда АІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негізгі ережелерден бөлек жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуы, кемсітілуі немесе айырылуы неде екенін, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған заң бұзушылық нәтижесінде ол басынан кешіретін моральдық және дене азабын; олардың қандай дәлелдемелермен расталатынын; талапкер өзіне келтірілген моральдық зиянды қандай сомада айқындайтынын көрсету және есептерді негіздеу қажет.
Барлық мән-жайлар АІЖК-нің 83-бабының талаптарына сәйкес жазбаша дәлелдемелермен құжат түрінде расталуға тиіс, оларды талап арызға қоса тіркеу керек.
Құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәні, талапкер өзінің талаптарына негіз етіп алған мән-жайлар, асыраушының аса қауіпті қатер көзі және т.б. арқылы келтірілген қазаның нәтижесінде басқа негіздемелер бойынша зиянды өтеу туралы осы мән-жайларды растайтын талап арыздарының дәлелдемелері шамалы түзету енгізіле отырып дәл осылай баяндалуы мүмкін.
Карсы талап қою:
АІЖК-нің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қай соттың соттылығына жататындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Талап арызды қабылдау | | | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау |