Читайте также:
|
|
арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын салдарлардың 1- блогы:
· дау сотқа бағынысты емес, қойылған талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайды, қойылған талап басқа юрисдикциялық органдарда қаралуға жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаған;
· сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы бар (АІЖК-нің 153-бабы).
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс.Дау қарауға жатпайтын болса, судья ұйғарымда талапкердің қандай юрисдикциялық органға жүгінгені дұрыс екенін көрсетеді. Егер аталған алғышарттар бола тұра сот талап арызды қателесіп қабылдаса, онда іс АІЖК-нің 247-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға жатады да, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Талап арызды қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа арызбен екінші қайтара жүгінуіне кедергі болады.Арызды қабылдаудан бас тарту туралы, арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымына ол шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.
Талап арызды кері қайтаруға себеп болатын салдардың 2- блогы:
· егер заңмен көзделген жағдайларда, дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген тәртібі сақталмаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;
· дау аталған соттың соттылығына жатпаса, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталмаса;
· арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берсе;
· арызға бұл үшін өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталмаса;
· осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша дау жөнінде азаматтық іс болса;
· коммуналдық мүлікті басқаруға өкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;
· талапкер арызды кері қайтару туралы арыз берсе (АІЖК-нің 154-бабы).
Арызды кері қайтару туралы судья ұйғарым шығарады, онда егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, арыз берушінің қандай сотқа жүгінгені дұрыс екенін немесе істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетеді. Арызды кері қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс.Талап арыздың кері қайтарылуы, егер жол берілген заң бұзушылық жойылған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.
Талап арыз берген тұлғаны хабардар ете отырып және оған олқылықтарды түзету үшін уақыт бере отырып, талап арызды қозғалыссыз қалдыруға себеп болатын салдардың 3- блогы:
· талап арыздың АІЖК-нің 150-бабының талаптарына, АІЖК-нің 151-бабының 1-3) тармақшаларына сәйкес келмеуі.
Егер талапкер судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда көрсетілген талаптарды орындаса, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады.Егер ұйғарымда көрсетілген талаптар сот белгілеген мерзімде орындалмаса, арыз берілген жоқ деп саналады және судьяның ұйғарымымен, оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады.Талап арыздың кері қайтарылуы, егер талапкер жол берілген заң бұзушылықты жойған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды, бұл орайда мерзімнің басы сотқа екінші қайтара жүгінген сәттен басталады. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады. Соттардың бұл мәселедегі басқа қатесі судьялардың олқылықтарды жою мерзімдері туралы нұсқауға мән бермеуі болып табылады, бұл соңынан істі қарау мерзімінің дұрыс есептелмеуіне әкеліп соғады. Олқылықтар жойылғаннан кейін талап арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарылған күнді тек егер сот берген мерзім ішінде талапкер олқылықтарды жоя алмай, арыз аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін берілген болса ғана талап арыз екінші қайтара берілген күн деп белгілеуге болатынын есте ұстау керек.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | | | Талап арызды қабылдау |