Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару

МАЗМҰНЫ | Уақыт талап еткен кітап | Тарау. Бұйрық шығару | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |


Читайте также:
  1. C. Белгілі бір аты бар бағдарлама немесе дискідегі мәліметтер жиыны
  2. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  3. Lt;variant> мәжбүрлеп алып келу немесе келетіні туралы міндеттеме алу
  4. Lt;variant> оған қатысты аныпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан тұлға
  5. Rm Файлды немесе директорияны жою.
  6. Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары

Бұйрық беру туралы арыздың түсуі әрқашан да оны қабылдау міндетті дегенді білдірмейді. Жоғарыда көрсетілген барлық деректемелер тексерілгеннен кейін судьяның арызды қабылдаудан бас тартуға, арызды кері қайтаруға құқығы бар.

Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан АІЖК-нің 153-бабымен көзделген, талап арыздар үшін белгіленген (АІЖК-нің 143-бабы) негіздемелер бойынша бас тартады.

 

Судья бұйрық беру туралы арызды қабылдаудан төмендегі жағдайларда бас тартады:

· егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға және шешілуге жатпайтын болса;

· егер заңды күшіне енген, дәл сол тараптар арасында, дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша қабылданған, талапкердің талап арыздан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгерлік келісімін бекіту туралы (АІЖК-нің 153-бабы) соттың шешімі немесе соттың ұйғарымы болса.

 

Судья бұйрық беру туралы арызды төмендегі жағдайларда кері қайтарады:

· егер талапкер дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін заңнама белгілеген тәртібін ұстанбаған болса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі жоғалмаған болса;

· іс аталған соттың құзыретіне жатпаса;

· арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берген болса;

· арызға бұл үшін өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған болса. Егер арызға өкіл қол қойған болса, оның өкілеттіктерін растайтын, АІЖК-нің 6-тарауымен (АІЖК-нің 141-бабы) белгіленген тәртіпте ресімделген құжаттардың бар-жоғын тексеру керек;

· осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасындағы, дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша іс болса;

· бұл туралы талапкер арыз берсе (арыз беруші – қарастырылып отырған жағдайда), (АІЖК-нің 154-бабы).

Сонымен қатар судья арыздарды төмендегі жағдайларда кері қайтарады (АІЖК-нің 143-бабы):

· егер мәлімденген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмеген болса;

· борышкер Қазақстан Республикасы соттарының заң құзыретінің шегінен тыс жерде болса;

· мәлімденген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған болса;

· ұсынылған құжаттардың негізінде шешілуі мүмкін емес құқық туралы дау бар екені байқалса;

· арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;

· арыз үшін мемлекеттік баж төленбеген болса.

 

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару үшін АІЖК-нің 153 және 154-баптарымен көзделген негіздемелер болып табылатын соттылық пен ведомстволық бағыныстылыққа қатысты төмендегілерді тексеру керек:

· арыз берушінің өзінің талабының басқа ведомстволарға емес, сотқа ведомстволық бағыныстылығын дұрыс айқындаған-айқындамағаны;

· талап осы соттың соттылығына немесе басқа соттың соттылығына жата ма;

· арыздардың АІЖК-нің 3-тарауымен реттелмеген ведомстволық бағыныстылық пен соттылық ережелеріне сәйкес мәлімденген-мәлімденбегендігі, аталған тараудың нормалары қаралып отырған мәселеге қатысты төмендегілерді белгілейді:

- егер бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-ге және басқа заңдарға сәйкес басқа сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарау;

- заңмен соттардың құзіретіне жатқызылған істердің олардың құзіретіне ведомстволық бағыныстылығы;

- АІЖК-нің 28-30-баптарымен көзделгендерді қоспағанда, азаматтық істердің аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жататындығы;

- тараптарының біреуі халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын азаматтық істердің облыстық соттың соттылығына жататындығы;

- АІЖК-нің 28-бабының бірінші бөлімінің 2,3,4-тармақтарымен, екінші бөлімімен, 29-бабымен көзделген істерді қоспағанда, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар тараптары болып табылатын, мүліктік талаптар мен мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің ауданаралық экономикалық мамандандырылған соттардың соттылығына жататындығы.

Сонымен қатар судья төмендегіні анықтауға тиіс:

· бұйрық беру туралы талап жалпы талап қою ережелеріне сәйкес сотқа АІЖК-нің 31-бабына сәйкес жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мәлімденген бе;

· АІЖК-нің 32-бабына сәйкес, осы талапты талапкердің таңдауы бойынша қою үшін негіздемелер бар ма.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 589 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау| Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)